АР ЖАҒЫНА ЕЛ ҚОНДЫ

Ауқаттанып алды. ~ Сонан соң «арғы жағына ел қонғаннан» кейін қанжығада жүрер қара шәугімге су толтырады да, отқа
қойып, жыққан аңның қызылын асықпай жілік- жілік қып бұтарлауға кірісер еді. К.Сег.

АР ЖАҒЫНА ЕЛ ҚОНДЫ Read More

АР ЖАҚ — БЕР ЖАҚ ҚЫЛДЫ

~ Қысқы күн дарияның арғы бетіндегі алыс көкжиектен төбесі жаңа-жаңа қылтиып келеді екен. Дүниені ар жақ-бер жақ қып екіге қақ бөліп тұрған дария қазір тұла бойын шынымен қаптап тастағандай шыңылтыр. Ә.Нұрп.

АР ЖАҚ — БЕР ЖАҚ ҚЫЛДЫ Read More

АҢ-ТАҢ ҚАЛДЫ (БОЛДЫ)

Қатты таңданды, қайран қалды. ~ Бұл сөзді Кер есітіп аң-таң қалды, Ағаштан, от сөндіріп, шешіп алды: «Әлгіде айтқан сөзіңнің жайын ұқтыр! Не себептен шақырдың Салон шалды?» Шәк. ~ Коньки таққан табанындай баланың… Көзім тайып, аң-таң болып барамын… Иіс сабын, айна-тарақ, иіс-су
Толып тұрған сөрелерге қарадым. Ө.Нұр.

АҢ-ТАҢ ҚАЛДЫ (БОЛДЫ) Read More

АПАЛАС-ТӨПЕЛЕС УАҚЫТ (ЗАМАН)

Қиын-қыстау, құбылмалы, аласапыран кез. ~ Тарбағатайда бірге туған ағайыны жоқ, тек рулас, аталас деген бес-алты үй болмаса, қалғандары түгел анау апалас-төпелес уақытта арғы бетке ауып кеткен екен. О.Бөк. ~ Кешегі апалас-төпелесте Жәмшит дейтін суаяқ парторх қойлы-қорасымен бәрін бір-ақ басып қалған. Қазір май шайнап отыр. Т.Сәу. ~ Көктем көзі жылысымен қиды апалас-төпелес ойып жіберсек, құда да, құдағи да тыныш еді. Қыс бойы завфермеге жарапазандадым, мыңқ етпеді сабазың. Терісі талыстай иттің. М.Қаб.

АПАЛАС-ТӨПЕЛЕС УАҚЫТ (ЗАМАН) Read More

АҢЫЗ ЕТТІ

Аузының суы құрып әңгіме қылды, жырға айналдырды, үлгі тұтты. ~ Тек сол Төре босағасында еңбек ақыға алған қойын
өсіріп, байып шыққанын ел күні бүгін аңыз етеді. С.Бег.~ Қаракөк биенің босанса — ақ төркініне қашатының сондықтан әлі
күнге шейін қосақтаулы жүргенін айтады. Әсіресе Бозтөбеде бәйгеден келген күреңін көш — құлаш аңыз етеді. Т.Әл.~
«Сабалақ қопаның» бергі қырында атам заманнан бері тұрған қартайған жалғыз қайың болатын. Жергілікті
халық мұны: «Киелі ағаш, пышақ тигізсең қан шығады, кескен адамның үрім-бұтағы құриды, өспейді», — деп
аңыз ететін. С.Жүн.~ Осы арада Бауыржанның тілшілерді қабылдауына байланысты жұрт аңыз етіп айтатын екі
оқиға ойыма сап ете қалды. Ә.Нұрш.

АҢЫЗ ЕТТІ Read More

АҢЫЗ ЖЕР

Егістіктен қалған бос жатқан жер. ~ Жолдың екі бетіндегі жүзімдікке, қауын-қарбыз егетін бақшалыққа, мақтаға айдалған аңыз жер біраздан соң бау-бақшаға ұласты. Ә.Кек. ~ Бір аруақтың көлеңкесі, Келіп жүрген күнде елесі, Кетті тастап ол селенің Тоғай, аулақ аңыз жерін. І.Жан.

АҢЫЗ ЖЕР Read More

АҢЫЗҒА БЕРГІСІЗ

~ Ал, Құнанбай қажы да сөз өнерінен кенде болмаған-ды. Оның шешендігі жайында ел аузындағы аңызға бергісіз әңгімелер
мен Абай туралы естеліктерде де жиі ұшырасады. О.Сапархан.

АҢЫЗҒА БЕРГІСІЗ Read More