АДЫРА ҚАЛСЫН

Құрып кетсін, керек емес д.м. ~ Мұғалім. Олай демеңіз, шын махаббат рахымды, кешірімді болады. Жантасқа кек ойламаңыз. Жүзтайлақ. Адыра қалсын махаббат. Ар-намысымнан садаға. М.Әу. ~ Сен мені ертегі айтып отыр ғой дейтін шығарсың? Мен саған ертегі айтпаймын. Мен Айғанымды айтамын. Ертегінің жын-перісі, сұлуы, ханы, алтын сарайы менің Айғанымым тұрғанда адыра қалсын!.. М.Дәул.

АДЫРА ҚАЛСЫН Read More

АДЫРА ТАЛҚАН ҚЫЛДЫ

Быт-шыт қылды, тас-талқанын шығарды. ~ Шешесі Қамқа түс көріп, Таңғажайып іс көріп: «Қыпшақты жау алды,— деп,— Басына қайғы салды,— деп,— Қараспан таудың сағасын Адыра талқан қылды,— деп,— Жалғыз ұлы жауда жүр, Аналық пенен Тоқтардың Төбесінен ұрды,— деп… «Қобыланды б.»

АДЫРА ТАЛҚАН ҚЫЛДЫ Read More

АДЫРАҚ КӨЗ

Бажырайған, шамадан тыс үлкен көз. ~ Айдалада қой жайып жүрген адырақ көз, қара балаға ермек қылар бірдеңе дәйім-ақ табыла кетер- ді. С.Ас. ~ Бірақ әлгінің кірпіксіз адырақ көзі мейірім — шапағат атаулыдан жұрдай еді. М.Кәр. ~ Адырақ көзді кемпір тұсынан өткен адамға бір сөйлемей қалмайды. Б.Май.

АДЫРАҚ КӨЗ Read More

АДЫРАҢ МІНЕЗ

Дөрекі, дөкір, оспадар қылықты. ~ — «Белсенді» деп жұрт сендерді бекер кекетпейді екен ғой, осындай адыраң мінездеріңе бола айтылып жүр-ау, тегі. К.Қаз. ~ … әмеңгерің Құдабайды өзіңе құп көріп отырмыз. Адыраң мінезі де бар, ай-шайға қарамай кететін әңгілігі енді… Қайсыбірін тізіп жатамыз. Қалай болғанда да іштен шыққан шұбар жылан… Н.Дәу.

АДЫРАҢ МІНЕЗ Read More

АДЫРАҢ-ҚОДЫРАҢ ЕТТІ

Өктем сөйлеп, зіркілдеп, оғаш мінез танытты. ~ Былайынша, кісіге жамандығы жоқ та, бір түрлі дөкір, сөзі оданы қызық кісі еді. Қимылы да адыраң қодыраң еткен, еркек адам сияқты орашолақ кемпір. Ү.Жәл.

АДЫРАҢ-ҚОДЫРАҢ ЕТТІ Read More

АЖАЛ (ӨЛІМ) САҒАТЫ СОҚТЫ (ТАЯНДЫ, ТӨНДІ)

Жан тәсілім болар сәт келді (жақындады). ~ … шексіз биліктің иесі болсаң да қашып құтыла алмайтын, ешкімнің әлі келмейтін бір құдырет бар. Ол сенің маңдайыңа жазылған ажал сағатының соққан күні. О.Көш. ~ Ал, өмiр елеңсiз ғана жемiрiлiп, мүжiлген үстiне мүжiледi. Бiр күнi бiреудiң болмаса бiреудiң ажал сағаты соғатыны ақиқат. Ә.Ыб. ~ Әрқайсысының да көз алдына қалың елдің қаптағалы тұрған жаулығы елестеп, енді ажал сағаты таянған сияқтанды. М.Әу. ~ Жан шіркін кімге де болса тәтті ғой. Сорлыға ажал сағатының төніп тұрғаны анық еді. Қ.Жұм.~ Айғырлығы ұстаған қалың әскер шешініп, шамдарын сөндіріп, жамбастары төсекке тиген кезде екі жақтың біріне өлім сағаты таяған еді. Ғ.Біл.

АЖАЛ (ӨЛІМ) САҒАТЫ СОҚТЫ (ТАЯНДЫ, ТӨНДІ) Read More

АЖАЛ (ӨЛІМ) ТЫРНАҒЫ

Басқа түскен қатерлі апат, алқымнан алған ажал қаупі. ~ … керуен жолдың үстінде жатып, талайды ажал тырнағынан алып қалған кәрі шыңырау қазір тіршілік белгісін жоғалтып, топырақ қауып өліп жатыр еді. О.Сәр. ~ Аруана оның ешқайсысын ауырсынып, алаңдамады. Қайтсем ажал тырнағынан қашып құтылам деп шыбын жаны шырқырап, безе берді. C.Дос. ~ Егер бағыма ұлы шешем тірі болмағанда менің де өлім тырнағына ерте ілінуім сөзсіз екен. С.Ом.

АЖАЛ (ӨЛІМ) ТЫРНАҒЫ Read More

АДАСҚАН ҚАЗДАЙ ҚАЙРЫЛДЫ

Жоғалтып алға жұртын, жақындарын іздеп жан ұшырды. ~ Ай, жарықтық, Бозінген Қандай бота тапты екен? Анасынан айырылып, Адасқан қудай қайырылып, Ботақаны еңіреп, Қайтіп тірі жатты екен? «Бозінген». ~ Орай соққан жел жаман деуші еді, адасқан қаздай қайырылмас арманның шоғы өшпей, сақталғаны ма? Мына еркіндікте қайта тұтанғаны ма? Қаншама жыл өтсе де, өкінішті махаббаттың оты сөнбейді екен-ау адамның кеудесінен?!. Күлге көмілген шоқтай қозданып, тереңде жалындап жатқаны ма? Қ.Тол.

АДАСҚАН ҚАЗДАЙ ҚАЙРЫЛДЫ Read More

АДЫМЫН АЛЫСТАТПАДЫ

Алға жылжытпады, аяғына тұсау болды. ~ Осындай әдетті күшейтуге себеп болатын күншығыс халқының табиғатында тағы бір мінез бар. Ол: антқұмар, зиннатқұмар, әйелшілдік, адымын алыстатпайтын ұсақтық, қайратсыздық, жалқаулық. Көңілдегісі болмаса, біздің тұқымдар тез табаны қай– тып, қажып қалады. Ж.Айм.

АДЫМЫН АЛЫСТАТПАДЫ Read More

АДАСҚАН ҚАЗДАЙ ҚАҢҚЫЛДАДЫ (САНСЫРАДЫ)

Сыңарын іздеп жан даусы шықты, жалғыздық қасыретін тартты. ~ – Адасқан қаздай қаңқылдап әбігері шығып, жар іздеген жабыңқы жүрек ойда жоқта туласа, есеңгіретіп тастайды екен, Нұрмашжан. О.Бөк. ~ Ақылдасып кеңесер, сыбырласып сырласар жан таба алмай, адасқан қазша қаңқылдап, жалғыз жүргенде бала жастан телі ескен Қамбардың қасында болғанын шыншыл көңілмен көксеуші еді. О.Бөк. ~ Міне, енді ұясы бұзылған бозторғайдай тозғындық күй менің де басыма түсті. – Бұраталаға дейін бірге барайын, Әсаға! – деді Мұқатай адасқан қаздай сансырағанына іші ашып. Қ.Тол.

АДАСҚАН ҚАЗДАЙ ҚАҢҚЫЛДАДЫ (САНСЫРАДЫ) Read More