Posted in

ҮЙ СЫРТЫНАН ҮЙ ТІКТІ

* Анау әлгі депутаттар да, ғалым, жазушыларың да, бизнесмен тағы кімдер… Шетінен үй сыртынан үй тігіп алған. Қазаққа тоқал қажет деп газит-мәзиттер жабыла жазып жатқаны анау. Н.Дәу.

Posted in

ҮЙІР БОЛДЫ

Жақын тартты, араласты, айналшықтап, кетпей қойды. Машықтанды, құмартты, әдет қылды. … күні өткен күңіреншек кәріден гөрі тақымында шоқпары салақтап дәулет қуып, дәурен іздеген, жалынықайтпаған жастарға үйір болған дұрыс. Ә.Кек. Рәуіш Қанаттың үй ішіне де әбден үйір болып алды. Ғ.Слан. Шешесінің жасына жетпей өлгеніне де, мұның ішімдікке мектепте жүріп-ақ үйір болғанына да, келіннің осыүйге келіп тұрмағанына да осы кінәлі екен. Н.Дәут.

Posted in

ҮЙ ТІКТІ (ТІГІЛДІ)

1. Үй көтерді, құрды. 2. Отау құрып, бөлек шықты. Көші-қон үлкендерге әбігер болғанмен, балаларға мейрам. Жүк түсіргені, үй тіккені, жер ошақ қазып қазанастына от жаққаны — бәрі қызық. Т.Ахт. Әкей иеленген жер шынында да төңірегінен мүлде өзгеше, көгере бусанып тұр екен, "Бүл жердің атыКөкжайлау болады!" –дедім мен. Аллаға тәуба айтып, үй тіктік. Үй тігіліп болар-болмастан-ақ құдық қазатын жер қарадық. М.Мағ. Жігітектің бұл жиынының ортасында Базаралы бар. Тәкежан-дар әлі үй тігілгенше, тобын жазбай, атүстінде мал аралап жүр. М.Әу.

Posted in

ҮЙІР БОЛМАДЫ

Қолға үйренбеді, жатсынды. Осы айтылған мақлұқтардың адамға пайдалысы да, зияндысы да бар. Пайдалыларының бірсыпырасын адамұстап, қолға үйреткен. Көбі үйір болмай, тағы күйінде қалған. А.Байт. Сиырға жақын аталас хайуандар Үндістандағы зебу деген өркешті өгіз және зубр, буйбұл деген адамға үйірболмаған тағы өгіздер. А.Байт.

Posted in

ҮЙГЕ-ТҮЗГЕ БІРДЕЙ

~ Мінез-құлқы да жайлы, ісмер, пысық адам еді. Тұрғанның мінезіне де жан жетпейтін. Өзі де өнерлі, іске шебер болды. Кескін-келбеті, сүдіні әкесіне тартқанмен, мінезі шешесіне ұқсаған алатұяқ, шапшаң үйге-түзге бірдей пысық еді. Ү.Жәл.

Posted in

ҮЗІГІ БОЗАРМАЙДЫ

Сосын құдықшыларға тігілген екі үйге қарады. Қырдағы кәсіпқордың қанша мал тапса да, үзігі бозармайтынқұрым шатпасы. Ә.Кек. Үсті-басы ебіл-себіл балалардың иіні жаңарды. Құлжанның өмір бойы бозармай кеткен қара құрым үзігі өлгенсоң ағарды. Ә.Кек.

Posted in

ҮЙГЕ СЫЙМАДЫ

Мазасы кетті, тағатсызданды, үйде отыра алмады. Енді ауылда Ұлпан жалғыз қалып еді, жалғыз қалудың қандай ауырлығы барын жан-тәнімен сезінді. Жалғызадамның үйге сыймағаны жаман екен. Ғ.Мүс. Бұл күндері Ақбала үйге сыймады. Бір өзі жеке қалса болды, өзінің жалғыздығын сезеді. Ә.Нұрп. Зәуде бір арғын-қыпшақтың ауылын торып, бір үйір жылқы алып қайтса, үйге сыймай күпінеді… Бұрын заманбасқаша еді… З.Шүк.

Posted in

ҮЙІР ҚЫЛДЫ

1. Өзіне тартты, бауыр бастырды. Біздікі орыс законы жақсы: қатынды ұрмайды, (қолтықтағанды көрсетіп) былай ұстап жүреді, тиатрғаапарады, гуләит қылады… деп, Ақбілекті үйір қылам деп, теке көз көп сөйледі. Ж.Айм. Бейсембі. Әбділдәнің кісі алғыштығы, бауырына тартып, үйір қылып әкеткіштігі бар-ақ. М.Әу. Демесін (кейіп). Құдайдың құдіреті, сол итті үйір қылып… (Шығады.) Б.Майл. 2. Әуес қылды; дәндетті. Бірақ, ләззат — тұзды су. Ішкен сайын шөлдетеді. Бақыт құсы ұстатпайды. Алда шоқақтап қашады даотырады. Адам байғұс соны қуып әлек. Сананы әлсірететін ішімдікке үйір қылады. С.Елу. Қарақалпақ пен қазақты жауластырып қойып, қызығына қарайтын әдеттері емес пе?" Қазақтарды бойынаүйір қылмасын" деп сәлем айтқан. Енесейдің қырыққа шыққан кезі. З.Шүк.