Жаңа, күтпеген әңгіме бастады; тосын сырдан хабар берді. Әй, сен енді әңгіме бетін тың шиырға салма. Тыныштық керек. Әлдененің ұштығын шығарып, қызылкеңірдек қып қоюға қандай сұнақтысың- ей?! М.Сүн. Жә, онысын қойшы, «елге жүремін, ел жақ қояр да қоймай шақырып жатыр» деген секілді әңгіменің ұштығыншығарса әйелінің табан астынан тас- талқан болмасына кім кепіл. Қ.Жиен. — Астана туралы толық кітап бастадым, — деді Иман әкім бұрын-соңды жан баласына айтпаған сырдыңұштығын шығарып. Д.Досж.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҰЯЛЫ НӘРКЕС КӨЗ (ЖАНАР)
~ Мөлдіреген қос жанар ақырын жылжып тағы келді. "Ұялы, нәркес" деген көздер осы болар. Тіктеп қарай алмайтын қастерлі қасиет бар- ау! Қ.Қаз. ~ … Әрі- беріден соң, ол да ештеңе емес, бұл қыздың кереметі екі көзінде екен: сәл нілденіп тұратын ұялы, нәркес көзінің жауын шайған қарақаттай қаралығы сонша, қою кірпігінің айналасына көгілдір көлеңке түсіп тұр. Қ.Жұм. ~ . Жап- жазық аппақ маңдайы, жаңа туған айдай иіліп біткен қиғаш қасы, жауын шайған мойылдай мөлдіреген, ұялы нәркес көзі, қызыл арайлана шапақ атып тұратын, атжақты, сұлу жүзі, түп- түзу пісте мұрны мен уылжыған оймақ ерні, бәрі- бәрі де жас әйелдің көркін қайсымыз арттырар екенбіз деп жарысқа түскендей бүгін айрықша көз тартып тұр. Қ.Жұм. ~ Нәркес жанар, ақша жүз, әдепті тәлім көрген бойжеткенді көргенде бозбала да әке таңдауының қапысыздығына көзі жеткен. К.Сег.
ҰШТЫҒЫНА ЖЕТТІ
Мұратына қол жеткізді; мансап биігіне шықты. Ақыр түбі бәрі де орнына келгенін, қалай айтсақ та, қаламгер Ілияс Есенберлин өз мақсатының ұштығынажетіп өлгенін көреміз. М.Мағауин Жалпы, жаратылысында ақынжанды ағамыз келте ғұмырында айтарының ұштығына жете алмай кетті.А.Сәдібек.
ҰЯЛЫС ТАПТЫ
~ Осы тұста Байлархан жан-жағына қарап-қарап алды. Ойын біреу сезіп қалғандай ұялыс тапқан. АҚ (АРПАЛЫСПЕН) ~ Сөйтсе, өзінің соң жағында келе жатқан Шаһназа бұдан көз алмай, тесірейе қалған екен. Байлархан өзінен-өзі ұялыс тапқандай болды. АҚ (АРПАЛЫСПЕН) Өз ісіне қысылғандай, намыстанғандай кейіп танытты. ~ Үшеуі сыртқа бет алды. Темір есіктен шығысымен көк «Жигулиге» сығылыса тиеліп ап, «шү-у» деді де жөнеп берді. Сапар Сараны көріп бір сәтке қипыжықтап ұялыс тапқандай сыңай байқатты. Ә.Ыб. ~ Қар тоқтасымен аспан ашылып, желсіз күн шағыл тартты. Ретсіз қылығынан ұялыс тауып, жүзі жанған бала құсап ақша қар ұяң жылтылдайды. Н.Сер. ~ Катя ұялыс тауып, тым қысылғандай төмен қарап, біраз ойланып отырды да, тамағын кернеп қойып, ән шырқайтын ыңғай көрсетті. М.Әбд.
ҰШТЫҒЫНА ШЫҒА (ЖЕТЕ) АЛМАДЫ
Әлдебір істің мәнісін түсіне алмады, түбіне ой жеткізе алмады. ~ Бек сол жолы еш нәрсенің ұштығына жете алмай, әрі-сәрі күй кешкен… Б.Тоғ. * Шырақшы бір ұзын сүреге түсіп алып, ұштығына шыға алмай отыр. З.Шүк. * Дүние аласапыран, күн сайынғы өзгерістердің ұштығына шыға алмайсың. Бүгін бірін бағындырсаң, ертең екіншісі. Қ.Жиенб. * Ешбір ойдың ұштығына жете алмаған Бәйтен кешкі сағат сегізге он минут қалғанда көпірдің жанына келді. Т.Әбд.
ҰЯҢ КӨЗҚАРАС (КӨЗ)
~ Василий Кусков жаратылысынан сыпайы адам болатын да, сырт көзге жұмсақ мінезді, кейде тіпті жасықтау да көрінетін. Оның ұяң көзқарасы, майда қимылы, қоңыр даусы алғашқы көзге осыны аңғартатын. Т.Ахт. ~ Оның имене басқан әр қадамы, ұяң көзқарасын жас маралдың мүсіні мен іс-қимылын еске түсіретін еді. О.Уай. ~ Аяқтарында кебіс байпақ, не жаман кішкене етік. Адамдары өңсіз, ұяң көзінің астымен қарайды. Сөзді айқын сөйлемейді. Ішінен бір қулық даярлап отырған тәрізді. С.Сей.
ҰШЫ-ҚИЫРЫ ЖОҚ
Әсіресе, крестьяндарды, ұшы-қиыры жоқ еңбек елін қарсылыққа бастап кететін революцияның күштері декернеп келеді. М.Әу. – Осы маңайдың, – дейді олар, – тауы, орманы жоқ, ұшы-қиыры жоқ, жап-жалпақ кең даласы көлге таянабұйраттана бастайды да, аңғарға жақындай қырқаланып кетеді. С.Мұқ. Бір мезет оған мына түнек түннің ұшы-қиыры жоқ сияқты көрініп кетті. З.Шүк.
ҰЯСЫН БҰЗДЫ
~ Жұрттың сүттей ұйып отырған талай ұясын бұздың!!! Некелі жарына қол салдың!!! — Мен… ешкімнің ұясын бұзғаным жоқ! Ешкімнің әйелін зорлағаным жоқ… еркінен тыс!!! Желқуық ұрғашылардың өздері кінәлі!!! Шыбыш сүйкенбесе, теке артылмайды!!! Мен зорлағыш болсам Хансұлуды неге зорламаймын?? Кегім бар, қыжылым бар… Әрі, өзегіме түскен жегі құрттай… ұшқым кетіп жүрген ұрғашы… Ал, тағы қандай айтарың бар, зәнталақ!!! — деп, кіжініп миын бұрғылаған әлгі бұралқы ойға қарсы айқайлады. С.Ел.
ҰШЫҒЫН ШЫҒАРДЫ
Шетін көрсетті; емеурін байқатты. ~ Қуанышты той үстінде отырса да іштей жұтатып, өзегін кеміріп шыдатпай бара жатқан осы сыбыстардың ұшығын шығарғанда Балқаш даңғырлап қоя берген. Ғ.Біл. ~ Әй, балалар, бытырамай тұра тұрыңдар, той болған соң, ойын– сауықсыз бола ма?! – деп Әбекең тағы бір ойының ұшығын шығарды. К.Сег. ~ …өзіне тілектестіктен басқа жамандығы жоқ жігіт еді, сондай бір жүрекжарды жаңалықтың ұшығын шығарды да, «қалғанын ертең»,– деп, ештеңеге үлгертпей қоя салды тұтқаны. С.Нұғ.
ҰЯСЫНАН ЖЕРІДІ
~ Бір кезде қолы жетпес ақ құстай көрінген Ақтоты міне алдында тұр. Қанаты сынып қайырылған, ұясынан жеріген… Енді барар жер, басар тауын білмейді. Б.Тоғ.
