Posted in

САЗ БЕТТЕНДІ

Сұрланды; өңі қарайды. ~ Ал, өткен аптаның сәрсенбісі күні ше? Онда да «кездесу» ме? Саз беттеніп өтірік айтуың жетпеді ме? Тағы отташы кәне тыңдайын?  М.Сүн. ~ Күнді обырлана жұтқан көкжиек кұрең қызылданып қанын ішіне тартып саз беттеніп тұр. Су бетінде соңғы сәуле өзеуреп өшкіндеп барады. Т.Рыск. ~ Димекеңдi көрген бойда кiлт еңсесiн тiктеп, түсiн суытып ала қойды. Аяқ астынан сыздап, саз беттенiп, маңғаздана қалды  Т.Сәук. ~ Хауата Алланың әмірлі ниетін екі ұлына айтқан соң Қабыл бұған көнбей, ыза-ашуға басты, саз беттеніп долданды. Ж.Шәк.

Posted in

САЗ БЕТ

Ұяттан ада, имансыз, бетсіз. ~ Соңынан шұбырған бес баланың кісі мейіркеніп маңдайынан иіскерлік бірі жоқ, енесімен бірге сазға аунаған торайлар тәрізді, кірден көздері ғана жылтырайды, қаспақ бет, қара домалақтар. Ішіндегі ересегі он-он екі жаста, саз бет сары Ғаббас кәзірдің өзінде тоқты ұрлап әкеле береді. Сарыбала бәріне жирене қарап тұр. Ғ.Мұст. ~ Басқаға кезек бермей, салған жерден үйіріле кеткен cap шұбар баланы жаңа

танығанда, бала оны мана танып қойған — аты шулы Шөгел поштабай. Бәрінен киімі жақсы, ортадағы өлі кез, маңқа мұрын, саз бет «апиын болыс» Мұқтар. Ғ.Мұст. ~  Төбесінен төне қараған сопақша саз бет сыңар езулеп арсыздана жымиды. Қасқа тістерінің орыны үңірейіп, екі ұртынан екі сойдақ тіс ақсия жарқ етті. Т.Сәук. ~ Әңгімелеспеді ме… жолдас капитан?— деді Рүстем мүдіріңкіреп. Іштегідей емес, манағы жалған саз беттігі мен өтірік өжеттігі жоқ, жуасыған. М.Қаб.

Posted in

САЗ БАЛШЫҚТАЙ ИЛЕНДІ

Зор күшке төтеп бере алмады, аяққа тапталды, ~ Ойына не түсті? Мүмкін жарты ғасыр саз балшықтай иленіп, санасын

сасытып келген сары уайымы, баяғы дәуренін, он мың жылқылы болыс болған заманын көксеген көңіл шынымен- ақ адаланғаны ма екен. О.Бөк. ~ Таң қараңғысы тарай бастаған кезде ұлы қырғын бітті. Хизар алаң іші саз балшықтай иленген адам денесінен қап сасыды. Ал алты пілдің алтауы да осы арада жан тапсырды. І.Ес.

Posted in

САЗ БАЛШЫҚТАЙ ИЛЕДІ

Қимылдаған сайын үдете түскен аттың шабысы. ~ Төрт аяқты сермеді, Құлақтың түбі терледі Тершыққан сайын өрледі.

Адырды көзі көрмеді, Көлденең жатқан көк тасты, Тіктеп тиген тұяғы, Саз балшықтай иледі. «ҚҚҚ». ~ Астындағы Сары атқа

«Айт жануар, шүу!» — деді. Шүу дегенін білген соң, Табаны жерге тимеді. Табанына тиген тас, Саз балшықтай иленді,  

Соққан желдей гуледі, Әр төбенің басында Азар басын биледі. «Ер Қосай».

  • Қайғыдан жүрегі езілді. ~ Қайғыдан саз балшықтай иленген ана жүрегін көк құрыштай жігерге толтырғанбаға жетпес

ән–күйі Сен емес пе ен отыз ұлдың ортасындағы жалғыз Зәурешінен айрылған кәрі әкеге, сүйген жарынан айрылған сұлу қызға, құстай жүйрік тұлпарынан айрылған сері жігітке киын сағаттарында демеу берген! І.Ес.

  • Билеп-төстеді, еркінен айырды, бағындырды. ~ “Бастығымыз өзгеретін бопты.” “Келе жатқаны басымызғакөктас қояды

деймісің… Оны да саз балшықтай илеп аламыз. Н.Дәу. ~ — Жауырыны жерге тимеген,  Қарсы келген жiгiттi саз балшықтай илеген, Мықтымын деген талайды Қара күшпен билеген, Қобықтан келген арыстан — Ұтынасын есiмдi қара дәу осы болады!

К.Сег. ~ Төзе алса жарар еді. Әй, білмеймін, тым жұмсақ мінезді, ал махаббат азабы деген — өте тегеурінді, жас жігіт түгіл, көк темірден берік қаһармандарды да саз балшықтай илей алған…». І.Ес.

Posted in

САДАҚАҒА ШАЛЫНДЫ

Құрбандыққа кетті. ~ Бұның жанына соңғы күндері ұялаған — әйел затына деген ерекше өшпенділік оты қоздай түсті, және

біреуі өзінен өзі келіп «садақаға шалынайын» деп тұр. Ә.Тар. ~ Көз ұшында садақаға шалынатын ақ тайлақтың әсем екі өркеші ақырғы рет көзді арбап бұлт-бұлт етеді. Ә.Кек.

Posted in

САДАҚА ШАЛДЫ

Құрбандық шалды. ~ Жөнін сұраса, Кірешті шаһарының басшы — баң-баңы: «Бұлар өлім жазасына кесілген, қолға түскен,

арызданған арамдар! Сіздей ұлықтарға құрмет көрсетіп, жолына садақа шалу — бұрыннан бергі әдетіміз!» дейді. Алмамбет аң-таң болып: «Бұларды менің жолыма сойғанша, қолыма сыйға беріңдер!» — деп, әлгілерді ажалдан алып қалады. Б.Әлім.

Posted in

САДАҚА ТАСТАДЫ

Құдайы тамақ берді, заттарын үлестіріп таратты. ~ Әкем бақташы. Ермектің әр хаты біздің үйде тұмардай сақталады. Қыс бойы апам мен әкем кезек-кезек түс көріп, бір-біріне жорытып, садақа тастап, жеті нан құдайы беріп әбігерге түсіп жүрді. Т.Әбд.

Posted in

САДАҚА ЕТТІ

Құдайы деп, қайыры тисін деп дүниесін (мүлкін, малын) үлестіріп берді. ~ — Жамандықпен шыққан атыңды жаңартқан

жердегі басынды егіздей өрге сүйреген, Қыздарбек атыңды шығарған қырғыздың қара биесінен туған Қарақұлақ еді, бәйгенің бәрін садақа етіп, жолына құрбан ететін шығар деп артық ойлап, асығыста айтып қалдым! — деп би шал да бұрыла берді.

С.Бақб. ~ — Осы жазда біздің бірнеше тоқты-торымды бөрі әкетті. Көрші қойшыларда да солай. Сасқан соң, тапқан амалы

да.  — Лаққа обал емес пе? —Қайтеміз енді, лақты садақа етсек те, қасқырды ұстап алсақ, олжаның үлкені сол. Б.Ыбыр. ~

Ғайнижамал. (қызының шашынан сипап). Әкеңді өлімге қимаған соң айтып отырсың, қызым. Ал әкең өз жанын халқының жолына садақа еткен адам! Беларусь, Шәуешекке сапарларында ұлты үшін басын қаншама қатерге тікті?! Қ.Әл.

САДАҚА ҚЫЛДЫ

Құдайы ретінде мүлкін не малын үлестіріп берді. ~ Бақсы жұрт нанған сайын құтырып, күнде-күнде: «Мен бүгін пәленмен алысып шықтым, түгенмен жұлысып ұйықтамадым»,- деп, қиюы түпсіз өтіріктерді ағызып, құр зәрелерін ала беруді білді.

Бақсының әлгі ауыртпалық түсті деген малдарынан тезінен садақа қылып құтылысты. Көбін еңбек иесі бақсының өзіне қойды. С.Торы. ~ Әлдеқандай көріп, сұңқар екен деп жүрсем, жемтік басындағы қарға екенсің ғой… Сөйтіп тұрған сен итке

еріп, ағамды, арымды садақа қылып, артыңа мінгесіп қашып кетсем керек мен… Тапқан екенсің. Өзіңдей арсыз, жігерсіз жанды… С.Ақт.

Posted in

САДАҚА АЙТТЫ

Құрбандық шалуға уәде етті. ~ «Жиылған халық сен едің, Құрметті ханға, халыққа Жаға білген мен едім. Бұл ауруға тап

болдым. Ол өзімнің себебім. Арыздасам сендермен Болмаймын адам, өлемін. Садақа айттым жан үшін, Мұндай болдым хан үшін. Өле кетсем егер де, Мәмбет ханға сәлем айт, Жоқтаулы болсын намысым. Н.Байғ.  ~ «Жасаған ием! Сақтай гөр тек

жаладан! Көз жасымызды көре гөр! Үміт пен Түгел қос ашығымыздың көз жасына қалдырма!» Сезеді. Бір амандықты сезеді іші. «О, Барақ ата!!! Құдіретті Бабамыз! Желеп-жебей көрші! Бір мал садақа айттым құдай, жолыңа! Садақа!

С.Ел. ~

Сұрапылдың желі зулады, Зілмәңкенің үстінен Ұлтарақтай қара жер таппай Қол ұстасып жұрт шулады. Садақа айтты сасқанда-ай, Көкке суды шашқанда-ай, Зілмәңкенің басынан Мұз жапырып асқанда-ай. Қ.Күрж.

Posted in

САДАҒЫНА САРЫ ШІРКЕЙ ҰЯЛАДЫ  

Алыс, қиындығы мол сапар шекті. ~ Басына жібек байлаған  Арулар кімдерден қалмаған. Таңдап мінген тұлпарлар Иесін

қайда жаяу салмаған. Құландар ішпес бұршақ қақ Кімдерге шербет болмаған. Садағына сары шіркей ұялап, Жау іздеген ерлердің Қайда басы қалмаған. Махамбет. * Басқаның аузынан өсіп-өнген өсектен емес, өзіңнен естігеніме дән ризамын.

Анау Алматыдан садағыңа сары шіркей ұялап келіп, алдымыздан өткеніңе шүкіршілік. М.Қаб.