Posted in

САЙ КЕЛІП ТҰР (КЕЛЕДІ)

Жарасып тұр.  ~ Бейім– ынтасы, құштарлығы, мақсатты құлшынысы, білім– парасаты сай келіп тұрса да, әу баста ұйығантабиғи мәйегі сұйық болса, қанша тыраштанғанмен ол адамнан дуалы сөз шықпайды. Т.Жұрт. ~ Ақтан қазір бүкіл қазақметаллургтерінің алды. Атағына табысы, табысына атағы сай келіп тұр. Ө.Ахм. ~ Жұбайына қарағанда егде лорд жұпыны киінген десе де болады, бірақ өзіне қонымды, денесі тіп–тік, сыртынан көз салғанда, қылшылдаған жігітке бергісіз, атағына сымбаты сай келіп тұр. А.См. ~ Осы жер – Құнанбай мырзаның мұсылмандық парызы пайғамбар хадисіндегі шарттарға толық сай келеді. Т.Жұрт.

Posted in

САЙ-СҮЙЕГІН СЫРҚЫРАТТЫ

Жанын ауыртты, күңірентті. ~ Ағып тұрған сөз екен: неше түрлі жалынды, жігерлі, үмітті сөздерді соғып еді кеп, адамның

сай-сүйегін сырқыратты. Ж.Айм. ~ Қаныш бәйбіше жыландай ысқырып, «тұқымы жарымаған, қалғырлар!» деп сөккенде,

адамның сай-сүйегін сырқырататын болды. Б.Майл. ~ Уілдеген  желдің  үнімен  құмнан  көтерілген қобыздікіндей  

күңіреніске зарлана жылаған мұңлы әуез қосылып, даланың сай-сүйегін сырқыратады. Ж.Шәк. ~ Қара түнек, қаралы дауыс

кәрі-жастың сай-сүйегін сырқыратты. Ә.Шәр. ~ Күй күңіренеді… Ботасын іздеген аруана қазығында шыр айналып, сай– сүйегіңді сырқыратып, тау жаңғыртып боздайды. С.См.

Posted in

САЙ-СҮЙЕГІ СЫРҚЫРАДЫ  

Тұла бойы тітіреді; жаны қиналды, күңіренді. ~ Бұ күнде қолдан күш кетіп, азамат басына күн туып, қазақтың басы қаңғырып, не болары белгісіз екенін сарнап, сары даланы басына көтеріп, күңіренді. Тыңдаушылардың сай-сүйегі сырқырап, көзіне жас алды. Ж.Айм. ~ Бұның үй ішімен ботадай боздап, бейіт басында да қатты күңіреніп жылағанын көргенде, тірі жанның бәрінің сай-сүйегі сырқыраған. Құрмаштың әкесі Қасенге: — Сол жалғызымызды өлтірген қасқырды қолыма әкеліп беріп, көзін ойғызбасаң, сен маған туысқан емессің, -деген. М.Әу. ~ Сай-сүйегім сырқырап уатылған Мылқаулардың қолында сығымдалып. Р.Нияз. ~ Осыны естігенде баланың сай-сүйегі сырқырап кетеді. Н.Дәу.

САЙ-СҮЙЕГІН СЫРҚЫРАТТЫ

Жанын ауыртты, күңірентті. ~ Ағып тұрған сөз екен: неше түрлі жалынды, жігерлі, үмітті сөздерді соғып еді кеп, адамның сай-сүйегін сырқыратты. Ж.Айм. ~ Қаныш бәйбіше жыландай ысқырып, «тұқымы жарымаған, қалғырлар!» деп сөккенде, адамның сай-сүйегін сырқырататын болды. Б.Майл. ~ Уілдеген  желдің  үнімен  құмнан  көтерілген қобыздікіндей   күңіреніске зарлана жылаған мұңлы әуез қосылып, даланың сай-сүйегін сырқыратады. Ж.Шәк. ~ Қара түнек, қаралы дауыс кәрі-жастың сай-сүйегін сырқыратты. Ә.Шәр. ~ Күй күңіренеді… Ботасын іздеген аруана қазығында шыр айналып, сай– сүйегіңді сырқыратып, тау жаңғыртып боздайды. С.См.

Posted in

САЙ-СҮЙЕГІ БОСАП КЕТТІ

Қатты мұңайды, егіліп, жыларман болды. ~ Бәйбішенің сөгуі, бәйбішенің берген азары аздай- ақ екі күннің бірінде Кәрібай да ұратынды шығарды. Өмірінде естімеген сөзін естігенде сай- сүйегі босап, іші өртеніп күйіп кете жаздайды. Өткен күн көзден бір- бір ұшып, күрсінгенде жүрегі қақ айрылғандай болады… Б.Май. ~ Барлық бата оқыршыға сондай бір-бір күтуші тап келгендей, мол жеткендей болды. Жылаған Байдалы, Байсалдарды көргенде, Абайдың сай сүйегі босап кетті. Аттан түсе бере, шын аяныш жас төгіп, еңіреп жіберді. М.Әу.

Posted in

САЗДАУҒА БІТКЕН САПЫ (САРЫ) АҒАШ

Діні берік, не нәрсеге де қайыспайтын қайсар адам туралы. * – Әй, Омеке, босама балаларды шошытып. Саздауға біткен сапы ағаш едің ғой, не көрінді әйелдер құсап. О.Бөк. ~ Біле- білсең сен, менің өтіп кеткен дәурен, өліп қалған арманымсың, екі аяғымсың!  ал менің аяғым сіңірі босап, сүрінуді білмейтін жілікті болатын! Саздауға біткен сары ағаш болатын. О.Бөк. ~ Зузада шалқасынан сұлап жатқан шал маған дәл осы қалпында саздауға біткен сары қарағайдан жонып жасаған адам ескерткішке ұқсағандай, айырмашылығы сол —  кірпігі қимылдап жатыр. О.Бөк.

САЙ-САЙ ӘЖІМ

Қатпар-қатпар әжім. ~ Бет аузын сай — сай әжім басқан, тарбиған сүйек қолдарының көк тамырлары бадырайып шығып кеткен Жауқазын тіптен жуас. Өздігінен жан ашым сөйлейтін түрі байқалмайды. Тек шай құйып бергенді ғана біледі. Б.Соқ. ~ Өз бетімен ештеңе шешпей, ылғи елдің аңысын аңдып әрекет қылатын әккі кісілердің әдеті осы. Аузыңды бағады. Көзіңе үңіледі. Жүзіңді тінтеді. Былайғылардың қасқа маңдайын қақ жарып айғыздап түсетін сай-сай әжім ондайлардың көзінің маңайын ғана торлап алады. Ә.Кек.

Posted in

САЗДАУҒА БІТКЕН ҚАЙЫҢДАЙ (ҚҰБА ТАЛДАЙ)

Сұлу мүсінді д.м.  ~ Сұңғақ бойлы шыбықтай бұралған ол қара торының әдемісі. Сүмбіл шашы балтырын соғып, саздауға

біткен қайындай солқылдаған бұла қалындықтың тал бойында бір міні жоқ. Ө.Кәр. ~ Осы кезде көрші шешейдің: — Қыж қайда, ойбай, қыж қайда? — деген әлем-тапырық даусы ойымды үркітіп жіберді. Көптен іргелес отыратын ек. Бала-келіні, саздауға біткен құба талдай боп бойжеткен қызы, екі-үш немересі бар-тын. Р.От.

Posted in

САЗДАЙ (ҚЫЛЫП) ИЛЕДІ

Есін шығарды, билеп-төстеді, таптады. * Ғашықтықтың сырында қаншалық мән бар екенін түсінесің бе сен?!  Жүрек деген өзіңді саздай илеп, сайтаныңды лоқсытады! Т.Рыск. ~ Қалған жауды қашырып, Қолға түскен көбісін, Сазайын әбден тарттырып, Саздай қылып илепті. Соңына ерген ержүрек Жауынгердің жүздеген Алпысынан айрылып, Жүрегін көк түйнепті. С.Тұрғ.

Posted in

САЗҒА ОТЫРҒЫЗДЫ

Ақымақ қылып алдап кетті.  ~ «Сырлассақ қайтеді, ағайын?» дегеніне кім көне қояр? Қазекеңнің сырынжата-жастана,

шым-шымдап, шыжымдай тартпасаң, өзіңді тәлкек қып, сазға отырғызып кетуі киын емес. Т.Әл. ~ …елшінің төмпеш жегенінен гөрі бұның төмпеш жегенін көбірек тілеп отырған өзге сұлтандар оны «мынау күн бермей отырған бұзақы» ұлыстан өздерінің «маңдайларын шыбынға шерткізбейтін», «бейбіт», «тәртіпті» ұлыстарына көшіріп әкетіп, екі ортада өзін сазға отырғызып кете ме деп екі қорықты. Ә.Кек. ~ Оралда «жиһаз жасап беремін» деп, алдын ала ақшасын алып, ондаған адамды сазға отырғызып кеткен күдікті ұсталды. БАҚ

  1. Ұятқа қалдырды. ~ Кәмила мен Гүлнаш қыз кезінде сән түзеп, қатар өседі. Екеуі де «ақын қыз» аталады.Өнер сынасар

жиын — тойда, Қаратау елінің әдеті бойынша, өлеңді екеуі қосылып айтып, талай ділмар жігітіңді сазға отырғызған. Т.Әл. ~ Келіншегі мұны қояр да қоймай оқуға жіберген. Шешесінің інісін сазға отырғызып кеткені, балдызын алып қашқаны мәртебесін көтерген. Ө.Кәр.

САЗҒА ОТЫРДЫ

Үміті ақталмады, алданып қалды. ~ Ол пақыр да мынау желкелеп қуған нөпір тірліктің баянсыздығын, өз қарекетінің пәтуасыздығын анау жағаға шығып қалған қой тастай сазға отырған күні бір-ақ біледі.  Ә.Кек. ~ Шындығы керек, қара алтынды қымызша сапырып отырған талай мемлекет сазға отырды. Пайда кеміді. Талай мега жобалар қысқарды. БАҚ

Posted in

САЗАЙЫН ТАРТТЫ

Жазасын алды, көресінді көрді. * Бүгiнде кешегi қас дұшпанымызға ақыл ендi.Соның бiрi Iзет. Рас, ол кеше елге тiзесiн батырды. Желiден кесiп жылқы алды, көнбегендердiң басына қамшы үйiрдi. Ақыры соның сазайын тартты. Б.Алд. * Алғашқы кездегідей емес, бертін келе Андрейді біреу жәбірлейтін болса, ондай адамды өзге тұтқындар жеп жібере жаздайды, сазайын тартқызады. І.Ес.

Posted in

САЗАЙЫН БЕРДІ

Кінәсіне орай жазалады. * Жаудың да сазайын берді …  О.Сәрс. * — Өзге сөздің керегі не, арада жүрген бір арамы тілдес бар ғой! Соны тауып сазайын беру керек!..  Ғ.Мүс.