Posted in

САҒЫМДАЙ ҚҰБЫЛДЫ

Неше түрлі түске бөленді, сан қайтара өзгерді. ~ Жаңағы өздері үн салып, көрініс беріп, қаша жөнелген екі атты бұлардың көз алдында сағымдай құбылып, бозғыл көденің ішінде жоқ болды да кетті. М.Әу. ~ Ел не? Ел – жақсымен ел. Басшысы

болмаған елде елдік бар ма? Сағымдай құбылып, сабындай бұзылып, іріп-шіріп өте барады да? М.Әу. ~ Жылдар жылжып

өткен сайын, оның қол созып жүрген арманы – сағымдай құбылып, сарсаңға толы сан алуан күндер түгіл, жылдардың өзі жылмия түсіп жылыстап, білінбей ғана өтіп жатыр. С.Ғабб. ~ Сағымдай құбылып қарақтайтындары –  хандық.  Қарақан қара басына қажетті тақтан өзгені қаламайды. Бақ қонған, бата дарыған ірілігін салғастырғанда сабаларына симайды. C.См.

Posted in

САҒЫМДАЙ БҰЛДЫРАДЫ

Алыстан елес берген үміт, арман, көрініс туралы. * Дүрмекпен келе жатқаны болмаса, Күнікейдің қиялы сағымдай бұлдырап,

сол сағымның ішінен біресе екі тірсегі ботанікіндей майысқан, басы бір бөлек, кеудесі бір бөлек кейқуат Тұяқ елестеді, біресе

екі иығына екі кісі мінгендей, көзі алақандай, шүйдесі тоқпақтай Байман елестеді. Ж.Айм. ~ Міне, сондай,

«қазақ қызы

қашан оқыр екен!» — деген арманда жүрген Асқарды Ботагөздің орысша школда оқуы аса қуандырды. Бұрын, алдында

сағымдай бұлдырап, қуса жеткізбей жүрген үмітіне, енді қол ұшы іліккендей болды. С.Мұқ. * … тау бөктерлеріне жабысқан

селолар, жиектеріне зәулім теректер өскен жолдар сағымдай бұлдырап қала берді … О.Бальз. * Замат лашын құс боп

самғаған ол бұл кезде Кенжеғұлдың көзiне әлi де сағымдай бұлдырап қана елес берген ақ кептердi iлiп алды да, қанатының

астына қысып, ғарышқа құлаш сермедi.  Р.Рай. * Бұл қолын созады. Құшақтап бауырына басқысы келеді, қызын жұбатқысы келеді. Бірақ, жете алмайды. «Мама», — деп қолын созған күйі сағымдай бұлдырап алыстап, бірте-бірте көрінбей кетті.  

А.Үсей. * Бәрінен де менің үмітімді айтсаңызшы. Директор сөйлескеннен кейін үрлеген местей қампайған көңіл сол қалпымен солмай тұрды. Бірақ күн ұзап, менің мансабым сағымдай бұлдырап бара жатқанға ұқсайды.  Б.Қыд.

Posted in

САҒЫМДАЙ БҰЛДЫР

Алдамшы, тұрақсыз д.м. * Басымда осындай ойлар үйіріліп, өзімнің түк қызығы қалмаған тіршілігімнен біржола түңіліп кетпес

үшін, қайғы-шерге толы көңілімді сағымдай бұлдыр, болмашы үмітпен алдарқатуға кірістім. М. Серв. ~ Бірде әлдеқашан

алыста қалған балалық шағының естен кетпес қызықты шақтарын саяхаттап, сағынышқа малтығып, салы суға кеткендей салбырап қайтса; енді бірде, алда келер белгісіз күндердің сағымдай бұлдыр ғайып елесіне сүңгіп, болашақтың жарқын дидарын көз алдына ойша әкеліп, асыл арманы орындалған бақытты мезеттер аясын аралап, керемет сезімдерге кенелді. С.Үс.  

Posted in

САҒЫМҒА ОРАНДЫ

Бар-жоғы, шын-өтірігі белгісіз құбылмалы күйге тап болды. ~ Ғашықтық сағымына бой ұрған сұлу жас жігіттің алдынан

қашатын басы алтын, арты күміс киіктер қаншалық еді. Н.Сер. ~ Саясат па? Бұл — не өтірік те емес, не шын да емес,

сағымға оранған сиқыр нәрсе. Саясаттың түбін саясаткерлердің өзі де түсінбеуі мүмкін. Б.Нұрж. ~ Күн күйіп тұр. Көз алдында кетіп бара жатқан Жанботаның тұлғасы құм төсіндегі буалдыр сағымға оранып, көмескіленіп барады. Айқайлайын десе, тамағы кеуіп, үні шығар емес. Ж.Шәк.

Posted in

САҒЫМ ҚҰШТЫ

Қиялға берілді, көңілі шарықтады. ~ Өзгесі не керек? Күнікейді айтсайшы! Аяғы жер басып келе жатқанын, сағым құшып келе жатқанын білмейді. Жүрек кеткен лепіріп, көкірегін көтере, тамағын кенеп қояды. Ж.Айм. ~ Жай адам қияға ондай қол сермей ме?! Ақынға аз нәрсе ауыр ой бермей ме?! Қиялмен арманға ұшқан, сағым құшқан Жүйрік жан алдында ылғи көр көрмей ме?! М.Жұм.

Posted in

САҒЫМ ҚУДЫ (ҚУАЛАДЫ)

Орындалмас арманға, алдамшы мақсатқа қол созды. ~ Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,  Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе? Абай. ~ Мұның атын… Әлгі не деуші еді… ә,

жастық романтика. Есейген соң қалады ол. Кәдімгі сағым сияқты ыдырап кетеді. Сағым қуып қайтесің, Ләзтай?! Т.Ахт. ~

Мына күмбезді кім салдырса да бір-ақ мақсаты болған. Қайтсе де ел ішінде Айша беделі арқылы өз әмірін жүргізу, өз үстемдігін нығайту. Сағым қуаламаңыз сіз одан. С.Шай.

Posted in

САҒЫЗДАЙ СОЗЫЛДЫ

Ұзағынан жалғасып, бітпей қойды. ~ Сары сағыздай созылғанымен санаңда сарқыты да қалмайтын сабынның алқындысы

ақылыңа ақыл қоса ма? И.Сап. ~ Биылғы жаз бір ерекше жаз болды. Сағыздай созылып өтпей тұрып алатын баяғының жазы емес. С.Елу.

Posted in

САҒЫЗДАЙ СОЗДЫ

Созбақтап, кешеуілдете берді. ~ Түсініксіз арабы сөздерді сағыздай созып күңірене әндетеді. Ә.Кек. ~ Сайлаубектің көз алдында бейтаныс әйел сәл-пәлде қырық құбылды. Біресе күліп, біресе кемсеңдеп аузындағы жалғыз сөзді сағыздай созады. С.Смат.

Posted in

САҒЫ СЫНДЫ

Әлденеден беті қайтты, мойып қалды; артқан үміті ақталмай, көңілі қалды. ~ Жаңа піскен алмадай, Толып бір тұрған шағыңда, Жастық қызығын көрместей, Неге сынды сағың да?  М.Жұмаб. ~ Мұстапа. Бақайды бір күні шақырып алып: — Мұхаммедияға барып келші, — деді. — Бала оқудан қайтты. Жаяу отыр. Ермек тауып бермесек ұстай алмаспыз. Ұялмай мініп жүрейін бір ат берсін. Бәйгі керді не көк айғырды сұрамаймын. Олжа бозды берсе де жарайды.

  • Жығылсаң нардан жығыл, демекші, сұраған соң кер мен көктің бірін сұрамайсыз ба?
  • Ол екеуін тым қадырлы санайды. Берсе жақсы. Бермесе сағым сынады ғой. Сағым сынғаны белім сынғаны да. Ғ.Мұст. ~ Ағаңның бір нәрседен сағы сынды. Жаратқан сені тәңір өнерлі етіп, Айтпай- ақ білесің ғой мәнісімді?! М.Нетали. * Түн жалмап көз алдында кәрі шыңды, Кім білсін, қанша арыстың сағы сынды!

С.Нұрж. * Киімі жыртық, тамағы аш болмағанымен анасы қайтыс болғаннан бері бір түрлі сағы сынып еркеліктен де, елгезектіктен де алшақтап барады.  Е.Мұх. * Сүйтiп жүргенде оқу жылының мерзiмi өтiп те кеттi. Ендi сағы сынған Ранайкiтаптарын сандықтың түбiне атып ұрып, үй шаруасына көмектестi.  Б.Алд. *  Тұтан далаға коп шықпайтын болып жүр… Келіншегі кетіп қалғалы бері есіл азаматтың сағы сынғандай. Іштен тынатын болуы керек. Көрер көзге онысын білдірмей аңқылдап отырады. Ш.Мұрт.

Posted in

САҒАТЫ СОҚТЫ

Уақыты келді, күні туды. ~ Әліппе оқып “а”, “б” — деп, Түйінін шештім тілімнің. Сәби жүрек лүпілдеп, Сағаты соқты білімнің.

М.Мақ. ~ Бір үйездік өкіметтің не бары елу — алпыстай сақшы — полицейлерін, қылп етіп көрінгенін құлатып, санап атты.

Бірақ, енді ғана басталған, өзіндік тарихында айрықша дабыралы оқиғаның алғашқы өкініш сағаты да соқты!.. Ж.Ахм. ~ Енді тергеушінің күні туды. Сағаты соқты. Кешегі бұны көзіне де ілмейтін сұңқар ақын бүгін, о, жасаған, тәуба, бұның илеуінде

жатты. С.См. ~ Мұндай қолайлы кезенді Цин империясы да құр жібергісі келмеді. Сәт сағаты соқты, Жоңғар хандығын жер бетінен аластап, мүлде құртып жіберетін кез енді келді деп шешкен. Қ.Жұм.