Posted in

ТҮЛКІ БҰЛАҢҒА САЛДЫ

Алдамшы іс-әрекетке басты. ~ «Алып қашты» деген не сөз? Қарындасыңды бермейтін болған соң, арт жақты қыстық емес пе? ― Жә, түлкі бұлаңға салма! Іздеріңді кесіп келіп отырмыз. Тайға таңба басқандай сайрап жатыр! Б.Тоғ. ~ Мұндайда түлкі бұлаңға салып құйрықты ұстатпай кеткен ләзім. Д.Дос. ~ … жауапты тексерушілерді түлкі-бұлаңға салмау үшін саяси тұрғыдан аса сақ болып, жан-жақтарыңызға көздеріңізді ашып дұрыстап қарауларыңызды сұраймын, — деп бір тоқтап, қолын түсірді. М.Қан. ~ Күндер өте берді, қанша таң атып, қанша күн батқанынан өзі де шатаса бастады. Түлкі бұлаңға салған із жеткізер емес, жөңкіліп кетіп барады. М.Рам. ~ Амалсыз кідіре тұруға тура келді. Осы қалыпсыз күйін сезсе керек: Ол қандай мән еді? — деді серігі әңгіменің аяғын қалжыңға айналдармақ боп, қулана сықылықтап. Қу іші сезіп тұрса да, өзіне жуытқысы келмейді. Түлкі бұлаңға салып, жалтарып кетпек болады. С.Үс.

Posted in

ТҮН ЖАМЫЛДЫ

Қараңғы түсті. ~ Өйткені, ондай ішінде ит күшіктеп жататын адамдар бір-біріне қосылмай, жарғанаттай түн жамылып жеке-дара майданға шығатын. О.Бөк. ~ Жағдайы болмай, жабығып жалғыз жатқан-ды. Түн жамылып көңілді хабар жетті үйіне. С.Нұғым. ~ Бір тай үшін ешкімді жаугершілік жорыққа ылықтыра алмайсың. Түн жамылып барып, ұрлап кетсе ше? А.Өтег. * Қазір де үркер ауып барады. Түн жамылып қара жаңқаның қуысына кіріп алсақболатын еді. Ж.Сәм.

Posted in

ТҮЛКІ ЕП

Зымиян қулық. * Малға даумен жығып, жеңістің соңын түлкі еппен құдалыққа айналдыра қойыпты: сол ауылдағы Смайыл дейтін ең момын біреудің Күмісжан атты он екі жасар қызын Жаппарға атастырыпты. Қ.Шаб.

Posted in

ТҮН ЖАМЫЛЫП ОТЫРМЫН

Жалған сөйлемеймін д.м. ~ Сапарың оң болсын, Асқар,– деді Балтабек амандықтан кейін,– түсі игіден түңілме деп, тумасаң да туған інімдей көремін сені, міне түн жамылып отырмын ғой. Аман барып, сау қайтуыңа тілектеспін. С.Мұқ. ~ Алғашқы махаббатың туралы айтшы. Сенсең сыр бөлісерміз. —Түн жамылып отырмын ғой. Имандай шыным аға! Өзіңізбен жүздескелі сіз маған жақсы әсер қалдырдыңыз. С.Дос. ~ Құрысын, айтпашы ондайды, — деп Бибі бәйек болды. — Ал менің жаңағы айтқанымды қалжың деп ойлама. Ол — менің бейуақта түн жамылып айтқан имандай зар тілегім… Қ.Жұм.

Posted in

ТҮЛКІ ЖОРҒАҚ

Жорта аңқаусып, қулыққа басу. ~ Есенейдің алдын ала Тоқсанмен жолығысқан Құрымсы: — Құрдас-ау, сен түлкі жортағыңды қоя тұрып, тура сұрауға, тура жауабыңды берші: Керей, Уақ осынша қара тер болып шапқылағанда, түпкі мақсатың не? -деді. С.Мұқ. ~ Айбаршаның тік мінезінен қаймығатын Самарқан, өзі білетін сыпайы әдістің бәрін қолданып сөзге келтіріп алды да, туралап айтпағанмен, көңіл күйін сездірді. Оны түсінген Айбарша, есін білген қыздың түлкі жортағына салып, қоштасқанда Самарқанның кеудесіне үміт сәулесін қалдырған сияқтанып кетті. С.Мұқ.

Posted in

ТҮЛКІ ЖОРТПАС ТҮЛЕЙ

Ит тұмсығы батпайтын қалың жыныс, ну орман; меңіреу жатқан есіз дала. ~ Түлкі жортпас түлейден Түнде кетіп барады. Жапалақ ұшпас жапаннан Жалғыз кетіп барады. Ит татпаған ащы көл, Онан да татып барады. "Мұң.-Зар." ~ Жетінші тауға жанасып, Қарсақ жортпас қалыңнан Қарғып өтіп барады. Түлкі жортпас түлейден Түнде кетіп барады. Жапалақ ұшпас жапаннан Жалғыз кетіп барады. "Мұңлық — Зарлық". ~ Қарсақ жортпас қалыңнан Қарғып өтіп барады. Түлкі жортпас түлейден Төтелеп өтіп барады. Құлақтың [түбі] терледі, Терлеген сайын өрледі. "Мұңлық — Зарлық".

Posted in

ТҮН ҚАРАҢҒЫСЫНА СІҢДІ

Қараңғыда алға басып, көрінбей кетті. * Артынан қарап тұрған баласының бұл ұзай бере көз жасына ерік бергенін білді. Өзі де алай- түлей болған толғанысын тежей алмай бірте- бірте түн қараңғысына сіңіп бара жатты… О.Көшб. * Бәрі жиналып, мәшинені гүр еткізді де, түн қараңғысына сіңіп кете барды. Ә.Асқ.

Posted in

ТҮЛКІ КӨЗ

Тіміскілене қараған көз. ~ Бақтыгерей менің ойланып қалғанымды көрді де, түлкі көздерін сығырайтып, баяу ыңыранып, сөзін жалғастыра берді. Б.Тоғ.

Posted in

ТҮН ҚАСАРҒАНМЕН, КҮН ЕРКІНЕ ҚОЯР МА

Табиғаттың заңына бөгет жоқ, болатын іс болмай қоймайды д.м. * Осындай ойлармен қыс бойы Қартқожаның басы қатады. Үйіне барғысы келмейді. Барса қақпанға түсетіндей. Біржола қол-аяғы кесілгендей көреді. Түн қасарғанмен, күн еркіне қояр ма? Ж.Айм.