~ — Патша заманында ұлықпен шырайы жақсы әр рудың бір шошағы атқа мінеді екен. Сол сияқты қазір де Нұрсұлтанның төңірегі билеп жатыр. Т.Рыс.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЫР ЕТКЕН
Жаңа туған сәби; нәресте. ~ Қасаңбаймен Әутәліп ақсақал төңірегінде ауылда көп әңгіме айтылатын. Алпыстан асып, жетпіске таяса да шыр еткенге зар болып өткен қосқарияны аяғаннан айта ма, әйтеу екі шал туралы жұрттың күңкіл-сүңкілі бітпейді. Ы.Дәб
ШЫРАЙЫ КІРДІ (КІРІП КЕЛЕДІ, КІРГЕНДЕЙ БОЛДЫ)
~ Алексей Александрович осы пікірлердің желісін жазып алған соң, шырайы кіріп, жүзі жайнап сала берді. Л.Толс. ~ …ол дауылдардан соң, сол нөсерлерден соң, дүниенің шырайы кіріп, жап– жасыл шұрайлы әлем жарқырай түскендей, көңілі бірден көтеріліп, көңілі бірден тасып сала берді. Ә.Тар. ~ «Сәмет Жадыраның қызын алды, айды аспанға бір шығарды» деген қалжың тарады бүкіл елге. − Әңгімеміздің шырайы жаңа кіріп келеді,- деп көтермелеп қойдым. С.Ом. ~ Ақ жонық жабайы скамейкалардың аяқтары ауыр–ауыр салмаққа шыдас бермей былқылдақ сазға батыңқырап бара жатты… Микрофонға қайтадан тіл бітіп, тойдың шырайы кіре берген. Ш.Мұр. ~ Қазірге дейін жазылып еркінси алмаған, тәулік бойы салқын тыныштық сақтап, ауыр қабақпен қамалған қонақ атаулы енді осы дастарқан үстінде ғана қабақ жазыңқырап, шырайы кіргендей болды. Ж.Ахм.
ШЫР ЕТТІ
Жан даусы шықты. ~ Кенет Қозбағар сандықтың түбінен кішкене, алтын жалаткан ағаш құтыны суырып алды. Хансұлу ышқынып калды. — Тиме! — деп шыр етті. С.Ел. ~ Кенет алдыңғы жаққа жайғасқан келіншектің алдында манадан саусағының сыртын еміп, әркімге бір жапақтап отырған сәби шыр етті. М.Қаб. ~ И, пәтшағар, біреуді қосақтамасаң, отыра алмайсың ба? Өз шаруаңды айта бермейсің бе, – деп шыр ете қалды біреуі. Т.Әл. ~ Жаз түні қамшы сабындай келте емес пе, әні-міне дегенше таңның хабаршысы — бозторғай шыр етті. А.Сей.
ШЫРАЙЫ ҚАШЫП БОЛМАДЫ
~ Зағипа — жасы жер ортасына келіп қалған, сары қатын. Бірақ көңілін анау-мынау келіншегіңе бермейді. Бетінің шырайы қашып болмаған ашаң, қағылез әйел әмсе жасаң көрінеді, Соған орай жеңіл-желпі тәжіке тілеп тұратын мінезі және бар. Т.Әл.
ШЫМЫЛДЫҒЫ ЖЕЛПІЛДЕДІ
~ − Сәбиді қорқытуды… Не өшіңіз қалып еді? − Мен еркелетіп тұрмын. Шымылдығың желпілдеп… Отырмаймысың өз жайыңа. − Еркелету үшін ең әуелі айнаға қараңыз. Бала түгіл өзіңіз шошып, ағаш атқа мініп кетерсіз. М.Қаб.
ШЫҢЫЛТЫР АЯЗ
Бет қаритын суық. ~Аспан шыныдай жалтыр, кешеде кірлеген күртік қар, ауада ызғар бар, шыңылтыр аяз шағып тұр. Н.Сер. ~ Таң сібірлеп енді атып келеді. Дүние тып-тыныш. Тып-тыныш дүниенің бетін шыңылтыр аяз жалап тұр. Н.Дәут. ~ Сумаңдаған суық жел алып ұшақтың жылы салонынан шыққан жолаушылардың қойыны — қонышын кеулеп, денесін тітіретті. Шыңылтыр аяз бет шымшиды. С.Дос.
ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ
Әлдебір іс-амалға атсалысты. ~ Кештің шамын жағып, шымылдығын түріп жүрген ағайындар қолымызға әрі тегін, әрі қос алақандай ақпар хат ұстатып, бір-бір орындық еншілетті. Ақпар хаттың айтуына қарағанда, жиналған жұрт бұл жолы сын туралы сырласпақ екен. Ғ.Қаб.
ШЫП-ШЫП ТЕР ШЫҚТЫ
* «Дәуір» бітті. Кісілер тысқа шықты. Арасанға түскендей, пысынап, қошқыл маңдайынан, қоңқақ мұрнынан шып-шып тер шығып, бала молда да тезірек далаға ұмтылды. Ж.Айм. * Шапаны иығында, қостың етегіне жантайып, күнге мандайын беріп жатты. Қошқыл маңдайынан ащы тер тағы да шып-шып шығып, жер шұқып, терең ойға кетті… Ж.Айм. * Селдір шашының арасынан шықтай мөлтілдеп шып-шып тер шықты. Ш.Мұр. * Бұлардың сөздерін естігенде менің мандайымнан тағы да шып-шып тер шықты. Ә.Нұрш.
ШЫМЫЛДЫҒЫҢ ЖЕЛБІРЕП (ЖЕЛПІЛДЕП) ТҰР (МА?)
~ Орынбасар. Қалеке — ау, тіпті ауылға соқпай кетпексіз бе? Қ а л и. Шымылдығың желбіреп тұр ма еді? Орынбасар. Желбіреп тұр. Кең далада ақ бөкендей орғыған, көкорай шалғын, бәйшешек, сары қымыз, алма емшек қимаймын ауылды. Ғ.Мұст. ~ Сонда да қойнымнан шыққан сұр жылан есіммен кетер емес. Бір түрлі түршігіп кеттім. Мен қайбір шымылдығы желпілдеп тұрған, әлде үйде бала-шағасы күтіп отырған адам, кеңсеге түстім. Б.Қыд. ~ Ойбұй, ән тыңдап немді алған? Шымылдығы желпілдеп тұрған жасқа ұқсап… – деп өзін жазғырып алып, шаруасына қайта кірісе берді. Е.Жең.
