Posted in

ТӨСЕК ТАРТТЫ

Сырқат меңдеп, жатып қалды. * Онда әкесі жетпістің үстінде, әрі төсек тартқан сырқат еді. Бара алған жоқ. З.Шүк. * Бірде әкесі үйде төсек тартып ауырып жатқанда Домалақ Тоғайдан шақыртушы кеп … О.Сәрс.

Posted in

ТӨТЕСІНЕН САЛДЫ

Мәймөңкелей, ойындағысын айтып салды, турасын айтты. * Тәшеннің келіскісі жоқ. Төмен қарап, күмілжіп тұр. Ержан төтесінен салды. — Әй, осыдан бар ғой, сөзімді жерге тастасаң… бүкіл класқа дальтоник екеніңді… "Дальтоник" дегенде Тәшен қолды-аяққа тұрмай, зыр ете түсті. М.Қаб. * Сегізінші класты бітірді. Еліккіш, көрсеқызар. Рок музыка десе, қалпақтай түседі. — Не бүлдіріп қойып еді?— деп жігіт төтесінен салды. Жалығып отырғаны беп-белгілі. — Көрші мектептің балаларымен төбелескен… М.Қаб.

Posted in

ТӨСЕКТЕ БАСЫ, ТӨСКЕЙДЕ МАЛЫ ҚОСЫЛДЫ

Көрші орналасып, ағайын-туыстай жақындасып кетті. ~ Асан өлеңінде көбінесе «албан», «бұғы» деп келеді. Бұлар — қазақ, қырғыздың қоныстас рулары. Албан қазақ та, бұғы — қырғыз. Бұл екі елдің төсекте басы, төскейде малы қосылған — жапсар ел. Жайылса ерісі бір, жырласа мұны бір, бергі ала таудың күңгей, теріскейін мекендеп жүрген елдер. І.Жанс. ~ Соның бәрін де Қырғыз қабағын шытпай, «жігітке сейіл де сейіл, сергелдең де сейіл», деп төсекте басы, төскейде малы қосылған екі халық — қазақ пен қырғыздың айтатанындай, қиналмай өткізген еді. Б.Қыд.

Posted in

ТӨТЕСІНЕН ТАРТТЫ (САЛДЫ)

Ешқайда бұрылмастан, тура жолмен кете берді. * Аудан орталығына тікұшақпен жетіп алды. Арғы жағына такси жалдар, тіпті төтесінен жаяулай тартса да көңілі баяғыдай. Қ.Жиенб. * Сөйтсе, темір жол бір заманда шалқып жатқан тұзды көлдің қазіргі құлазыған тақыртабанын айналып өтеді екен де, төтесінен тартқанда он шақырымдай жол қысқарады екен. Ш.Айт. * Бас салып мылтығын тартып алуға қаймыққан, тартып алғанда қалай атуды білмейтін кемпір еппен тысқа шығып, есікті сыртынан бекітіп, артымнан қуып жүрмесін деп екі атты босатып жіберіпті де заставаға төтесінен тартса керек… Қ.Ысқ. * – Не істейміз, Демежан аға? Мына пәлені айналып өтеміз бе, әлде тікесінен тарта береміз бе? —деді шолақ тіл қатып. – Тура жол тұрғанда, бұрыс жолда нең бар. Төтесінен тарта бер, — деді Демежан. Қ.Жұм. * Жер-көкте көлкіген көлден де жол тауып, төтесінен салып арсы-гүрсі өте шығысатын. Ә.Асқ. * Боранды разъезінен наймандардың ру зираты Ана-Бейітке дейін егер Сарыөзектің даласымен төтесінен салса отыз шақырымдай болып қалады. Ш.Айт.

Posted in

ТУ-ТАЛАҚАЙ БОЛДЫ (ТУ-ТАЛАҚАЙЫ ШЫҚТЫ)

Берекесінен айрылды, тірлігінің қиюы кетті. ~ Жоқ, ту-талақай болып әркімнің қолында кетпес үшін жалғыз жол — ел болып бірігіп, Ақ Орданың маңына шоғырлану керек. І,Ес. ~ Көп ойбайдан үріккен "құдалар" ту-талақай болды… Құлағын басып Әбдіжапар шықты. Қоржындарын сүйретіп Бекет пен Бескемпір шықты. Қ.Ысқ. ~ Арада екі-үш жыл етпей, Азаткер патша арнайы манифестін жариялағанда құрғақ идея мен нақты істің ара катынасы қандай екені айқындалады. Әуелде, басқа дворян ұялары сияқты, біздің иелік те ту-талақай болады. М.Мағ. ~ Жері соншалық бай өлкенің ту- талақайы шығып, тозғанын көруден асқан азап жоқ. Осының бәріне кім кінәлі? Ж.Шағ. .

Posted in

ТӨСЕКТЕН БАСЫН КӨТЕРМЕДІ (АЛМАДЫ)

Науқастанып, жатып қалды. ~ Шыңғыс Құсмұрынға шешесінің қырқын бере аттанатын болды. Сол кезде, оның семьялық өмірінде жаңалық сезіліп қалды: Зейнеп сол кезде қатты ауырды, ол ішкен асын құса беретін, төсектен басын көтермей жатып алатын болды. С.Мұқ. ~ Ойын-той былай қалды. Абылай «аһ» ұрып, төсектен басын көтермей жатып алды. І.Ес. ~ . Жүрегі бұра тартып, қатты сыздап жүре берді. Айнаш бетін баса тағы да жылап жіберді. Сонан аға- жеңгелері келгенше төсектен басын көтерген жоқ. М.Сүн. ~ Үнияның ішкен асы бойына сіңбей, у ішкендей болды. Ол қайғы-қасірет шырмауында жатыр. Төсектен басын алмайды. Басын орамалмен бүркеп алған. Жылаудан екі көзі ісіп кетті. Жүрегі алқымына тығылып, аттай тулайды. Ә. Шәр.

Posted in

ТУ-ТАЛАҚАЙ ЕТТІ

Тұс-тұсқа талап әкетті; быт-шыт қылды; тарыдай шашылып қалды. * Әп-сәтте, бейқам болмаса да шұбыра созылып, бейбіт келе жатқан көшке жетіп, қақ ортасынан омырып өттІ. Жарқылдатып қылыш сілтеп, қайыра шауып, жалпақ жұртты ту-талақай еткен. М.Мағ. * Күн соңына еріп қаптай шапқан қаптағай қалың жоңғар сайын даланы ту-талақай етіп, шауып алды, қыз күң, ұл құл болды, ерлер жер жастанды. М.Қаб.

Posted in

ТӨСЕКТЕН БЕЗІНДІ

Тыныш өмір, жайлы ұйқыдан айрылды, толассыз жортуыл күндері туды. ~ Халық ісіне шын ынтасымен берілген Махамбет «ер төсектен безінбей, ерлердің ісі бетер ме!» дегенімен оның жеке басының арманы да жоқ емес. С.Мұқ. ~ Ол жоспарды орындаймыз деп, күндіз-түні үй көрмей, түн қатып, түсі қашып, төсектен безініп, ұлы төсекке ұрына алмай, қу толағай бастанып жүргенде екі ұлы көк шешектен өлген. Б.Қыд. ~ Ол бұлқынғанда, шідер үзетін асаулықты дәріптейді. Халық үшін басынды беруден артық қасиетті жұмыс жоқ, ер төсектен безінбей есе қайтаруы қиын… З.Шүк.

Posted in

ТУ-ТАЛАҚАЙЫН ШЫҒАРДЫ

Тас-талқан қылды, опыр-топырын шығарды. * Күні ертең кәмпіскеге түскенде мынау Малтыкөлдің шиебөрідей шулаған өңшең арамтамақ аш-арықтары ту-талақайын шығарар. О.Бөк. ~ Ал, енді өзіміз бауыр басқан Құсұяның жайы қалай? Ол жерлерді де ту-талақайын шығарып жыртып тастады ма? С.Дос. * Қорықтан сәл көз тайса болды — өзенді айнала тұтып жүрген сиыршы малын бау арасындағы шалғынға қаптатады да жібереді. Содан туталақайын шығарып жатқаны. Д.Досж. * Сорақы соқтығылыстар, қаһарлы қақтығыстар, долы жүргендей, валисіміздің ту-талақайын шығарды. Қ.Шабд. * Қадамың қатып қалды ма, бар, тауықтарыңды жинап ал, былтырғыдай мына ауладағы саңырау Сҽрсенҽлінің жаман кҿпек иті ту-талақайын шығарып, қырып тастамасын десең! М.Айым.