Жанын салып іздеуге кірісті.
~ Жақыбай үнсіз құптап, бас изеді.
− Жат, ұйықта құлыным! Мен де ұйықтайын. Ертеңнен бастап Нұртайдың ізіне шырақ алып түсермін… С.Ом.
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
Жанын салып іздеуге кірісті.
~ Жақыбай үнсіз құптап, бас изеді.
− Жат, ұйықта құлыным! Мен де ұйықтайын. Ертеңнен бастап Нұртайдың ізіне шырақ алып түсермін… С.Ом.
Не боларын аңдады; әліптің артын бақты; ізін аңдып, артынан жүрді. ~ Мұқаш Жылтырына барып көпті сөйледі. Ол таң қалды. «Иванов солай дедіні» естіген соң, о да кешегідей жалпылдамады: — Мұнда бір машине бар екен. Сен енді өз шаруаңда жүре тұр. Біз мұның ізіне шөп салып көрейік,— деді. Ж.Айм. ~ Ұлы мақсаттың үстінде жүрген мұның үркіп жоғалған үркердей топтың ізіне шөп салып түсер мұршасы болды ма? Р.От.
КӨРІНБЕЙ КЕТТІ
~ Әйеш жаққа мойнын созыңқырай: – Әйеш, биыл қай оқуға барасың?– деді. – Қай оқуға баратынында не қақыңыз бар? Оқуға түсірейін деп пе едіңіз?– Түбір астындағы әпкем Қасеннің ізіне шам алып түсті. М.Қаб. ~ «Сол асылдың тұяғы ғой Хансұлу. Әкесін аямаған өкімет, бұны аясын ба? Ізіне шам алып түсті ғой, түсумен келеді ғой!» дейді. С.Ел.
Болған уақиғадан кейін көп уақыт оздырмай. Көп уақыт өткен жоқ; әлгі әзірде ғана болған оқиға туралы.
* Енді оқиғаның ізі суымай тұрып, осының бәрін полицияға хабарлай қойыңыздар» депті. М.Қаб. * Бұл үйде тұра беруге өзімнен-өзім қысылдым да, осы оқиғаның ізі суымай-ақ мен қызметтен босанып, Назира апайдың үйімен қош айтысып, ауылға тайып отырдым. Т.Берд.
Болған іс ұмытыла бастады. * Жағдайсыз оқиға туып қалып, ондағы жұмысшылардың арасы бізбен байланыссыз қалды. Меніңше, «тыңшылардың ізі суысын» деген пікірді былай қоя тұрып, осы айтылған жерлердің жұмыстарын қайта жолға салу керек. * Әлі ізі суып үлгермеген кешегі Байжігіт көтерілісінде қол бастаған Отыншы әулетінен гөрі үкірдайлыққа Жалбағайды қолай көретіні айтпаса да түсінікті. Қ.Жұм
~ Жомартты ол сонау бәйге кезіндегі қылығы үшін жақтырмайтын, алайда бірте-бірте ол өкпенің ізі өшейін деді. Ә.Әл. ~ Алыс ауданға кетіп, желік жүрісті ұмытқалы қашан. Енді, міне, Советхан ізі өше бастаған істі қайта қоздырғалы отыр. Б.Тоғ. ~ Осынау нәубет жылдар кесірі талайдың көңілінен сызы кетіп, келбетінен ізі өше қойған жоқ. Ж.Шәк.
Әдептен озбады, сыпайылық сақтады. * Асқа зауқы болмай жатса да ізет сақтап, қайшылығы мен қызығы мол ойларын амалсыз диванда қалдырып, орнынан тұрды. Д.Исаб.
Құрмет көрсетті, сыпайылық танытты. * Алдына ас суларын ұсынып, ізет қыла қоймаған мына ауылдың ер-азаматтарына бұл екеуінің қаны қайнап отырады. Ә.Нұрп.
ЖОЛЫ БОЛЫП, КЕРЕГІН ТАПТЫ.
1. «Кімді айтсаң сол келеді» дегендей, қалаған адамың
алдыңнан шыққанда айтылады.
түбіртегіне дейін оқыды. Оқыса әсерін де айтар. Жас қыз, сөз жоқ,
асатпай жатып құлдық демейді — қысылады,
тәжірибесіз. Ол үшін оңашалық керек. М.Қабанб.
қайтесің. Іздегенге сұраған — ауызғы бөлмеге тапырлай басып, сораң етіп ақи көз поштабай Жәнібек кірді. С.Жүн.
2. Ә десе мә деуге дайын тұрған, не нәрсеге де сақадай сай д.м.
осы қайтар жолдан кеп тосқан. Қараша қара сойылға мықты болатын. Өз
аулының жас жігіттері де шетінен ат үсті төбелеске мойымайтын,
«іздегенге сұраған» дейтін Қожақан сияқтылар еді. М.Әу.
киініп,
шекпендерінің етегін белге қыстырып, немесе ышқырланып алған,
әлекедей жаланып келген, «Іздегенге сұраған» ителгі
көздің өздері болатұғын. Ж.Ахм.