Қанды қырғыннан аман келді д.м. ~ Қоспан қарағым, біз көрмегенді көрдің, тура ажалдың аузынан келіп отырсың. Мына Жаңыл мұңлықтың өлгені тіріліп отыр бүгін. Т.Ахт. ~ Егер Амур өзені болмаса, егер мен Балқаш жағасында өспесем, суда балықтай жүзбесем, не болар едім?! Міне, бұл менің ажал аузынан қалғаным ба, жоқ па? Шамасы, мұндай жағдай тайгадағы талайдың басында болады деп отырсың ғой. Б.Қыд. ~ «Алыстан ажалдың аузынан қайтқан бала ғой деп, емірене еңкейіп, құшағымды жая бергенімде төрде тып-тыныш отырған алпамсадай жігіт алақ-жұлақ етіп атып тұрды. Ә.Нұрш.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЖАР ТАНЫТТЫ
Бет-жүзі, қас-қабағымен көңілін білдірді. ~ Дариға бастаған үлкен кісілер де келіп: «Бәрекелде, ойын қыза берсін!» айтқанда, Гүлнаштың жанары құбылып, көңілді ажар танытып тұрды. Т.Әл. ~ Жалғыз Базаралы ғана қатты зекіп, ашулы ажар танытты. М.Әу.
АЖАЛДЫҢ ТАС ҚҰРСАУЫ
Өлімнің шеңгеліне бір түссең құтыла алмайсың д.м. ~ Өтермін… қанша жүрем…- ұзамаспын, Ажалдың тас құрсауын бұза алмаспын. Ойласаң қысқа өмірдің қызығы аз ба, Мен өзім сондай оймен ырзаластым. М.Әлім.
АЖАРЫ (АҚ ЖҮЗІ) ТОЛҒАН АЙДАЙ
Он екі де бір гүлі ашылмаған сұлулық сипаты. ~ Әлдекім киіз үйдің орама есігін түріп кеп жіберіп еді, табалдырықтан кеудесіне домбырасын қысқан, ажары толған айдай қасы садақша керілген, тәкаппар да ойнақы қара көзі шуақ шашқан бір қыз көрінді. Ш.Айт. ~ Одан еңкейіп келіншектің бетіне ұзақ үңіліп қарады. Қасы қияқтай, оймақ ауыз, қап–қара шашы жастықтан асып жерге салбырап тұр. Ақ жүзі толған айдай, қабағы сəл шытыңқы, ыңырсып қояды. Өміріне ренжіп жатқандай… С.Досж.
АЖАЛМЕН АРПАЛЫСТЫ (АЛЫСТЫ, АЙҚАСТЫ)
Тірі қалу үшін жанталасты. ~ Бойындағы ең соңғы тіршілік қуатын уысынан шығармай, анаң сен үшін, сені бір көріп, қоштасу үшін ажалмен арпалысып жатқанын білемісің? Қайт! Қайт үйіңе. Б.Соқ. ~ Қаншама өмір сүрдім — соншама ажалмен алыстым! Амал нешік, күнді түн, жарықты түнек жеңді… Ендігі үміт — Таңда! И.Сап.
АЖАРЫ (НҰРЫ) ТАЙМАҒАН
Бет-жүзі жас көрінеді; өңін бермеген. ~ Осындай бір әредікте Демежанның қасына Мамырбек келіп, былай таман оңашалай берді. Төренің жасы алпыстан асып кетсе де, әлі ажары таймаған, ақбөрте, толысқан шағында. Қ.Жұм. ~ Сол есіне түссе, бұның кез алдына бетінен нұры таймаған ақ сары әйел тұра қалады. Қолынан талай дәм татқан-ды. Ә.Нұрп.
АЖАЛМЕН ҰСТАСТЫ
Жанын алып қалу үшін жанталасты, өліммен текетіресті. ~ Мұндай жандар ең соңғы тынысына шейін, ажал сағатының өзінде де сол ажалмен араздасып, ұстасып, пәле жапсырып, сідет артып өлер еді. М.Әу.
АЖАЛ ҮСТІНДЕ
Өлім аузында. ~ Қысы-жазы өзінің алдында жүрген, айғайына үйренген, көбінше дегеніне қарай өрген жанды мал, жақсы мал, жылқы атаулы Алтыбайға арызын шағып жатқан ажал үстіндегі достай сезілді. М.Әу.
АЖАЛ ШАШТЫ
Өлім жайды, баудай жайпады. ~ Ақтоқты көптің көзінен осыны көрді. Жан-жақтан садақтың оғынша қадалған мейірімсіз көздер адамдық жанардан жұрдай, бәрі де қанды ауыз қасқырдың көзіндей ажал шашады. С.Жүн. ~ ӘБДІКЕРІМ: Қаралы жер бетінен Қорқыт та болып қаштым – ау. Қаралы жердің өтінен Қырауланған шаш мынау. Қаралы аспан төсіңнен Халқыма ажал шаштың – ау. Қ.Ысқ.
АЖАЛ ШЫҚЫР ЕТКЕНДЕЙ
Өлім таяп қалғандай, Әзірейілдің дауысы естілгендей (болды).
~ Тас, тас емес-ау, meмip емес — ажал шықыр еткендей, құйқа тамыры шымыр emmi. Ж.Айм.

