АДАЛ ИТСІЗ (КЕДЕЙ)

Өмірі шыр бітпеген жан; үрерге иті, сығарға биті жоқ, тақыр кедей. ~ ─ Шырағым өкіл бала, – деп Ботбай сөзін қайта бастады. – Осы отырғандардың бәрі куә – мен өзім адал итсіз тақыр кедеймін. Тіпті арғы ата–бабамда аузы асқа жарыған ешкім жоқ, несін жасырайын оның… Т.Әбд. ~ Мен емес, жұрт мақтаған Исатайдың — Бауындай тонның ішкі жақыны едім. Малданып Исатайдан маңғаз болдым, Әйтпесе адал итсіз пақыр едім. Шерн.

АДАЛ ИТСІЗ (КЕДЕЙ) Read More

АДАЛЫНАН ЕҢБЕК ЕТТІ

Өмірі еңбекпен өтті, ел алдындағы міндетін адал атқарды д.м. ~ Рас, ағайынның ала жібін аттаған жоқ, адалынан еңбек етті. Алты бала өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Ә.Асқ. ~ Соғыс ардагері, екі бірдей арысын жауға берді, бөтеннің ала жібін аттамай, соңына сөз ергізбей адалынан еңбек етті. Ә.Асқ.

АДАЛЫНАН ЕҢБЕК ЕТТІ Read More

АДАЛ КӨҢІЛ

Жаман ойсыз, пәк ниет. ~ Торғынның ол хатының әр сөзі жатталып қалды емес пе? Арманын да, адал көңілін де ашық жазыпты. К.Қаз. ~ Комунистік партияға адал көңілмен қарап келген ақ пейіл қаламгер өзге ұлт жазушыларында жатырқаған жоқ. Ж.Шәк.

АДАЛ КӨҢІЛ Read More

АДАЛ ҚҰС

Еті жеуге жарамды құстар. ~ Желінетін құстардың адам етін, жұмыртқасын жейді, жүнін, түбітін, қанатын пайдаланады. Бұлардың бірсыпыралары шөл сағалайды. Адал құстардың балапандары тез аяқтанады. Бұл адал құстардың бір толық белгісі. А.Байт.
~ Біраздан кейін мырзалар қайтып келді, олжалары көп, адал құстың әр түрі бар, тіпті бұл маңда сирек кездесетін қызыл қаз да оққа ұшыпты. А.Смай.

АДАЛ ҚҰС Read More

АДАЛ МАЛ

Еңбекпен келген дүние, игілік, мал. ~ Сарала таңнан іңір қараңғысына дейін арбаға жегілген боз інген пішенде жүрген; бірде. Қаражан қарт адал малын өз көзімен көріп қайтқалы қосқа соққан еді. М.Сүн. ~ Қарагер атты жоғалттық, Кім көрді, қандай адам бар! Иесі мына ер жігіт, Жинайтын дәйім адал мал. Б.Мом.

АДАЛ МАЛ Read More

АДАЛ НИЕТ (НИЕТТІ)

Шынайы, ақ, таза көңіл, адал мақсат. ~ — Көркіңе мінезің сай деуді айта алмай жатырмын, сіңлім. Адал ниетіңе шалалық еткен айыбымды түсіндім. С.Смат. ~ Біздің жауларымыз осындай адал ниетімізді көре алмай өсек өрбітіп, қиянат қылышын жалаңдатады. Б.Мом. ~ Жалынып та, жалбарынып та өтінерім – бұл некелесуге шын жүрегіңізбен, адал ниетіңізбен, өзім қалай нансам, солай сеніңіз іштей… О.Бөк. ~ Түндегі Галяға айтқан сөздерім есіме түскен сайын денем түршігіп, өзіме өзім ызаланамын. Мүмкін ол, менің адал ниетті досым болар. Ә.Әб.

АДАЛ НИЕТ (НИЕТТІ) Read More

АДАЛ ӨЛІММЕН ӨЛДІ

Мұсылмандық қағидаларды сақтап, ақ өліммен өмірден өтті. ~ Содан соң тұңғыш рет адал өліммен өлгісі, бас қатырып,
кеңірдек жыртыспайтын ақ тілеулі арғы дүниеге аттанғысы келді. О.Бөк.

АДАЛ ӨЛІММЕН ӨЛДІ Read More

АДАЛ ПЕЙІЛ

Жаман ойы жоқ, көңілі таза, ниеті түзу д.м. ~ Шеге Қозбағардың сол айнымас адал пейілін жақсы біледі. С.Ел. ~ Ауылдың ақылғөй қарияларының сөз саптасымен айтқанда Қуанға құдай – тағала шүкірлік, қанағатшыл адал пейілін аямаған. М.Сүн.

АДАЛ ПЕЙІЛ Read More

АДАЛ ПЕЙІЛ, ТҮЗУ НИЕТ

Ықылас-пейілі ақ, ойында еш арамдық жоқ д.м. ~ Әй, бұл әйелдің байы бар ғой, болғанда жанымызда отыр, отырғанда төріне шығарып, қу жаны қалмай адал пейіл, түзу ниетімен сый көрсетуде дейтін емес. Н.Дәу.

АДАЛ ПЕЙІЛ, ТҮЗУ НИЕТ Read More

АДАЛ СҮТ ЕМГЕН (ЕМДІ)

Әке-шешесінен оң тәрбие алып, өнеге көрген, перзенттік парызына адал жан. ~ Өлесің, артыңда көп мал қалады, Көріне кімнің малы бір барады?! Адал сүт емген бала қалса артыңда, Көп болса, асың беріп, там салады. А.Байт. ~ Ой, дүние-ай! Он бес жыл өмір сүрер ме едім? Қарабектің жетілгенін, адал сүт емген ұл болғанын көрер ме едім? Ж.Айм. ~ Әр нәрсені орынсыз сапырып соғып, біреуді жазғыру, қаралау дегенге жоқ адал сүт емгендігін түсінді; кісінің жан-күйін қабағынан сезеді, әрі көңілі кең. М.Сүн.

АДАЛ СҮТ ЕМГЕН (ЕМДІ) Read More