ШАБЫНА ОТ (ШОҚ) ТҮСТІ

Оқыс ашуланып, зәрін төкті. * Сол мұң екен, Абыралының шабына от түсіп, шала бүлінді. Еш жүйесіз, қисынсыз быдыңдап, кәсіподақтың тура қарағайдай мүйізіне жармасты. М.Қаб. * Бисараның химия пәні бойынша жетекші мұғалім екенін есепке алды ма, әлде жалғыз бастылығын ескерді ме, ғылыми мүдір бұған алты сағатты артық бөліпті. Орынғайшаның талағын тарс айырып, шабына шок түсірген — сол сағаттар. Қ.Жұм. * Мына сөзге Айтқалидың жүрегі шым етіп, шабына от түскендей шамданып қалды. Сазарып қоштаспаған күйі шапшаң бұрылып атына мінді де, шапқылай жөнелді. Ә.Асқ. — Сені сүймейді! — деді Артур шабына шоқ түскендей жер тепкілеп. — Сен просто алаяқсың! Оны алдағансың. Т.Сәу. ~ Қатты сынға ұшыраған Зейін Шашкин мен Темірғали Нұртазиннің повестері еді. Темкең үндемей құтылды. Қалғандары шабына от түскендей мөңкіді. Қ.Ысқ.

ШАБЫНА ОТ (ШОҚ) ТҮСТІ Read More

ШАБЫСЫНАН ЖАҢЫЛМАДЫ

Бір қалыпты; бұрынғы қалпынан, әдеткі үрдісінен таймады.

* Вагон іші — жағалай жарқыраған сарай. Әр күймеде бір есік, бір- бір терезе. Түрлі ұлттың баласы бас қосқан ұлы керуенге ілескендей болды. Жолай бірі түсіп, бірі мініп, әр жерге бір тыныстап алып, шабысынан жаңылмай жортып келеді. Ү.Жәл. * Роксананы аз уақытта қуып жетіп, айғырға тән еміренумен мекірене оқыранды, сауырлы биенің қанталай бастаған сесті жанарында болымсыз мейірім нұры көмескіленді, Шам қатарласып, үзеңгі қаға таялғанда мойнын бұрып, шабысынан жаңылғандай болған. А.Смай. ~ Ағызған күйі жарға таяна бергенде, алдындағы қатерді сезіп, Ақбоз бір сәтке тапырақтап, шабысынан жаңыла жаздап, иесінің алға ұмтылған тайсалмас ырқына көніп, биік жардан тайсалмай секірді. Ә.Тар.

ШАБЫСЫНАН ЖАҢЫЛМАДЫ Read More