Молынан төгілді, лақ етті. ~ Анау жатқан өлкені Өрлей қонған ел еді, Өлкенің суы сел еді, Селдей аққан мал еді, Белдеуде тұрған кер басты Екі енеге тел еді. Ж.Айм. * Әзима апай жігіттің жан дүниесіндегі алай-дүлейді елемеді, қарыштай жөнелді. — Отау жайын ойлайтын жасқа жеттің, қарағым… Осы төңіректе сөз селдей ақты. М.Қаб. ~ Гулесіп азаматтар көшкен елдей, Ағызды сөздің майын аққан селдей. — Әттең-ай! — деді сонда Әбдіқапар, — Әліби қалған екен нағып келмей?! С.Тұрғ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
СЕН БІР ТӨБЕ, ОЛАР БІР ТӨБЕ
Басқаға қарағанда маңызы ерекше, жөні басқа д.м. * – «Әй, Абылай, Абылай! Мұнан бұрын жолдастыққа мен қандай едім, қасыңдағылар қандай еді?». – Сен бір төбе, олар бір төбе еді. А.Байт. * Ерназар оған: — Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, Төстігім бір төбе еді, Кенжекейің Төстігімдікі болсын – дейді. "Ер Төстік". * Үйдегі бүкіл ауыл адамдары бір төбе де, Ырысбек өзі бір төбе, байқаусызда қаз, тауықтардың арасына кеп қонақтап қалған қыран бүркіт сияқты. С.Мұр. * Керімбайдың кіндігінен тараған өзге балалары Сағымжан, Сүйежан, Әбдірасылдар бір төбе де, Демежан бір төбе. Қ.Жұм.
СЕЗІМ БИЛЕДІ
Әлдебір сезімнің жетегінде кетті. ~ Сиқырлы күй оның ойын лезде өткен күннен осы күнге, осы күннен өткен күнге алып ұшады. Ертең оны не күтіп тұр – соған жетелейді. Сол кезде көңілін бір оқыс сезім билейді… Ш.Айт. ~ Осы сезімнің өзі оның көңілін едәуір марқайтып тастап еді. Бірақ нақ жүрер кезде оны басқаша бір сезім биледі. Т.Ахт. ~ Жеген еті мен ішкен қымызы бойға тарап, денесін кенет бір алуан қызу сезім билей жөнелсе де, «тоқалым, сенің көңіліңді соңынан табармын» деп далаға шыққан. І.Ес.
САЯТ ҚҰРДЫ
Аңшылықпен айналысты. * Сонымен он екі би ордада жата берді. Хан ұлы түздің құланы мен киігін құртпай қайтпайтындай самиян далада саят құрып жүре берді. Ә.Кек. * Ойы — орыс елшісімен мәмлесі көңілдегідей шығып жатса, мынау домалақ төбенің бауырайының бәрін жер ошаққа толтырып, төбесіне кілем жайып, күллі ұлыстың ауызынан ақ май ағызып, Маңтөбенің атын Майтөбеге аудару, жер түбінен келген шаруасы діттеген жерінен шығып, дені жайылған құрметті қонақпен айлап саят құрып, Аманкөлдің айдыны толы құсы мен жынысы толы қабанын атқызу. Ә.Кек.
СЕЗІМГЕ БӨЛЕНДІ
Әлдебір сезім бойын кернеді, жанын тебірентті. ~ Балқаш аға арақ құйғызбай қойды», деген жақсы хабар жеткізген еді, Борекең қуанып кетіп Балқаш туралы мақтанышты сезімге бөленді. Ғ.Біл. ~ Оқыған әрбір адам өзінше пікір түюі, бірі кемшілік дегенді екіншісі мүлде басқаша қабылдап, әрқилы сезімге бөленуі әбден ықтимал. Т.Сәу. ~ Әйтеуір, неде болса, жүрек құрғырды шымырлататын мақпалдай алақанының жанап өткені сияқты құпия сезімге бөленгені анық еді. Қ.Най. ~ Соны ойлағанда өзі бұрын бастан кешіріп көрмеген, атымен бейтаныс бір жаңа жұмбақ сезімге бөленеді. Ә.Кек.
СЕБІ ТИДІ
Пайдасы болды, көмегі тиді. * Әдебиеттің күшеюіне осы күнгі ақындардың үлкен себі әзір тиген жоқ. Тимегені белді, күшті ақын шығып, жазған өлеңінің бәрі маңызды болып, әдебиетке түр тауып бере алмай отыр. Бірінің 4, бірінің 5, бірінің 6 өлеңі ғана көңілдегідей болып шығады және Һәр ақынның беті Һәртүрлі. Ж.Айм. * − Ертеңіміз осы. Бәйге жариялап ек, облыс архитекторлары тез арада жасап берді. Қаланың бас архитекторы біздің жеткіншегіміз еді, сол кісінің себі тиді. М.Қаб. ~ Менің әкем мен Смағұл тәтем колхоз жұмысынан мойындары босаған соң жанбағысқа себі тиер дейді де, енді осыған жалданады. Б.Соқ. ~ Қайтайын десем көңілімде дық қалды: ол неге менің ауруымды сұраудың орнына бұл ауруханаға қалай түскенімді, кімдердің себі тигенін сұрай береді! Ә.Тар. ~ Зәуреш Ленинскіде жүргенінде, бірде хат арқылы Жомарт оған күнделік жаз деп кеңес берген. «Орысша жаз. Тілді жақсы меңгеруіңе себі тиеді. Ә.Әл.
СЕЗІМДІ СЕЛТ ЕТКІЗДІ
~ Мақал-мәтелдер сол себепті де сезімді селт еткізіп, ақыл-ойға сәуле шашады. Ө.Айт.
СЕБІН ТИГІЗДІ
Көмегі, ықпалы болды, пайдасын тигізді. ~ Осы сапарымда Сәбең қазақтың жақсылары мен жайсаңдардың танып-білуіме, сыйлас болуыма көп себін тигізді. Ә.Нұрш. ~ Осман болса ол да бір күн барып қол ұшын бере алмай, аңдушының көзіне түсіп қалмау сақтығымен қазақ ауылында тығылып жатты. Бұлардың ісіне тек Қарымсақ көп себін тигізді. Ж.Ахм. ~ … қамшы сабындай қысқа тағдыр жолында азды-көпті себін тигізіп, көптеп көмектескен өлі, тірі жандардың демеуін анық сезді… М.Қаб.
СЕЗІМІ ОЯНДЫ
Сана-сезімі артты. ~ Әлде Мәскеуде университетте оқыған неміс әйелінің адамгершілік сезімі оянып, оғанжан ашырлық істеп жүр ме? І.Ес. ~ Бұл бағытта революциялық сана-сезімі жоғары орыс пролетариатының соңына қазақ елінің сезімі ояна бастаған алдыңғы қатарлы ұл-қызы ерді. І.Ес. ~ Төңкерістің тарихи алғашқы толқынымен бір аударылып түскенге дейін, жүрегінде алғашқы рет тап сезімі оянғанға дейін, Саналының кегі, ашулы түйіні, өзіне ғана жәбірлік еткен Бұзаубайда ғана болды. М.Дәу. ~ Мына жігіттің жанын сонша егілткен ол қандай қыз екен? Кімге арнап шығарды? Балғын қыздың көкірегінде бірінші рет қызғаныш сезімі оянды. З.Шүк. Көңілі түсті, сүйіспеншілік сезімі пайда болды. ~ Ауылдас болып, өзінің Байтабынға айттырылғанын білетінАқбөкен оған деген отты сезімі оянбаса да, біртүрлі жылы тартып, іштей оны өзіндік санап, жақсы көре бастаған. І.Ес.
СЕГІЗ БАТПАН
Өте ауыр, зілдей. ~ Жанындағы серіктерінде де үн жоқ. Қалай үндесін, бағанағы ауылдағы көрген көріністері екі иіндерінен сегіз батпан ауыр жүктей жерге жанши түсіп, бастарын көтертер емес. І.Ес. ~ Өлтірейін мен,— деді.— Менен күші әкемнің Бір батпандай артық-ты. Әкемнен күші мұның да сегіз батпан тартыпты. А.Байт. "ҚҚҚ".
