Posted in

ШЕКТЕН ШЫҚТЫ

~ Анау ініңді тәртіпке салмайсың ба? Шектен шығып барады. Салиханы ұрып, өне бойында жараланбаған жері жоқ. Өлім үстінде жатыр. Ә.Шәр. ~ Бұл несі? Әйел адамға деген сыпайылық, құрмет болмаушы ма еді?.. Мына Оразов шектен шықты… З.Қаб. ~ Сөйтіп, бекісе түсіп жүріп жаттық. Осы бекісуден кейін менің өзімшілдігім шектен шықты. Сүйетініне, кете алмайтынына көзім жетіп болған, сонда да жаңа бір құрбандық сұраймын. А.Нүсіп.

Posted in

ШЕКЕСІН ТЕСТІ

~ Күнде-күнде шығып-түсіп, теппелер әбден жатталып қалған. Осы түс-ау деп аяғын тіреген жері теппе боп шығады. Ишекке-ай… Табанынан өткен суық шекесін тесіп барады. Ә.Кек.

Posted in

ШЕКЕСІН ШАҚТЫ

* Тұрсынның бетін қайтару, сағын сындыру – қоян шалғанмен бірдей, ал осынау қалың малдың, ағайындарының, үй-орамының ертеңі не болады – оның шекесін шағып, еңсесін езе беретін жай осы. Б.Тоғ. ~ Тұрсынның бетін қайтару, сағын сындыру – қоян шалғанмен бірдей, ал осынау қалың малдың, ағайындарының, үй-орамының ертеңі не болады – оның шекесін шағып, еңсесін езе беретін жай осы. Б.Тоғ.

Posted in

ШЕЛ БІТТІ

* Қызы Күлзипа сонда 17 шамасында шығар деймін. Орта бойлы, қара сұрлау, тік қабақ, сұстаныңқырап тұратын адам еді. Айнабай өзі кедей уақытында күйеуге беріп, соңғы кезде шел бітіп тәуірленген соң айырғысы келетін. Б.Майл.

Posted in

ШЕКЕСІН ШЕРУЕН АТТЫРДЫ (АТТАНДЫРДЫ)

Сазайын берді; жерге отырғызды. ? * Қасым батыр қостаған соң Құлыш зорға қосылды. – Амал жоқ, ағаларым бұйырып тұр, бағың бар екен, болмағанда шекеңді шеруен аттандыратын едім. Ғ.Біләл * О жарық, дүние! Бостандық, құтылдым ба, құтылмадым ба деп кете беріп ойыма бір нәрсе сап ете түсті. Аға мен Омарбектің інісімін ғой, осы жерде чеканың да шекесін шеруен аттырып кетейін деп, түрменің батыс бет, көше жағына шықтым. Б.Қыдырб.

Posted in

ШЕЛДІ КӨЗ

~ Қалаға келді бала жел мінезді, Таң қылып талай тайқы шелді көзді. Өзі де со бір желдей бас білмейтін, Содан соң алуан- алуан елді кезді. А.Әл. ~ Екі-үш рет ұшықтап жіберді. Сәлден кейін шалекең жыпылықтап шелді көзін жапсарлап аша бастаған тұста, тіпті елеуреп кетті. Ғ.Біл.~ О бастан ұнатамын желді өзім, Ашатын кей жандардың шелді көзін. Сенің де басылатын кезің келді, Менің де бастығатын келді кезім. А.Әл.

Posted in

ШЕКЕСІН ШЫЛҚЫЛДАТТЫ (ҚЫЗДЫРДЫ)

Қызыққа кенелтті; рахатқа батырды. * Əсіресе бұл науқан ауыл артында ақ шатырда маңайы қара май сасып жататын Ахмет, Риза сияқты қырманшы абзилардың шекесін шылқылдатты… Ж.Айм. * Адалдығым ба десем, аңғалдығым екен ғой. Шекеңді қыздырды күткен қызың. К.Қаз.

Posted in

ШЕЛЕКТЕП ҚҰЙДЫ

Толассыз, ағыл-тегіл жауған жаңбыр туралы. ~Тамшы ірі болған соң, қара нөсер шелектеп құя салғандай жауады; ақ жауын тамшы уақ болған соң, себезелеп, бүркіп, сіркіреп қана жауады. А.Байт. ~ Ағаш біткен қорқып кеткендей, жапырақтары сыбдырлап шайқалып, селк-селк еткендей болды. Сол сәтте кенет жаңбыр шелектеп құя жөнелді. І.Ес.

Posted in

ШЕКЕСІНЕ ЖІП БАЙЛАДЫ

~ Мұхаңа келгенде біз ғана емес, жаңағы шекесіне жіп байлаған Белгілі Бегейдің өзі төбеге ұрғандай тоқтайды. Бір ауыз қарсы сөз айтпайды. Тіпті тіл тартпайды. Тікесінен тік тұрады. З.Қаб. ~ Түу, осы халтурщикке ме? Шет жерге осындай шанышқыдан жырылғандар, шекесіне жіп байлағандар келеді. Бұларды сахнадан қуу керек. Халық арасына мұндай сүреңсіздік емес, бояуы мол нағыз халықтық өнер әкелу шарт! — деп, Қабен алып-ұшып, көтерілді де кетті. З.Қаб.