Posted in

ҰЙҚЫҒА БАС ҚОЙДЫ

Көзі ілініп кетті. ~ — Әбден қартайған. Көпірден бері өтуге де ерінеді. Киіз үйдің іргесіне жете бере тағы да ұйқыға бас қойған шығар,- деп күбірледі. Ә.Әл. * Бала кезде атасының ертегін тыңдап жатып, ұйқыға бас қоюшы еді. Атасы ертек айтпаса ұйықтай алмайтын. Е.Бақ. ~ Ай әлі тумаған. Сары күздің май тоңғысыз түні. Қоянсүйек бұталары арасына кіріп іркілген ауыл жұрты бұ кезде ұйқыға бас қойган. С,Ел.

Posted in

ҰЙҚЫҒА ШОМДЫ

Қалың ұйқыға кетті. ~ Ыстық өткен, жол соққан жүргіншілер — бір жағынан аштықтан бұралып қызыл іңірден ұйқыға шомды. Біреулері ұйқысырап: «апырым-ай, апырым-ай!.. Өлтірер ме екен?» деп, үрейленген күйі басын көтеріп алады. Б.Майл. ~ . Екеуі бұйығып, біріне бірі тығыла түсіп, бірін-бірі құшақтап, бірінің демі екіншісін жылытып, жұбатып, тербетіп, ұйқыға шомдырды. Б.Майл. ~ Тамақ ішілуі-ақ мұң екен, таң атқалы тізе бүгіп дамыл алмаған жалшылар, тоңдарына орала түсіп, ұйқыға шомды.Б.Майл.

Posted in

ҰЙҚЫС ҚАЛЫҢ

Ұйқыдан оянуы қиын. ~ Түннің бір уағында қонақасы ішілді. Төсекке кештетіп бас қойған, ұйқысы қалың Балпан сияқты жігіттер сәскелетіп оянды. З.Шүк.

Posted in

ҰЙҚЫСЫ (ҰЙҚЫ) ҚАШТЫ

Әлденеге алаңдап не басқа себеппен ұйқысы келмеді. ~ Ғұмырында тұңғыш рет ұйықтамады, ғұмырында тұңғыш рет ұйқысы қашты. Ш.Айт. ~Онысына өзінің айқын сенімі де жоқ. Әйтеуір, ұйқысы қашқан адамдай орнынан ерте тұрып кетті. М.Әбдіх. ~ Демнің арасында санасына ұялап үлгерген үрейден әрең айықты. Басы қаңғырып, дәл кешегідей бүгін де ұйқы қашты. Н.Сам.

Posted in

ҰЙҚЫСЫ ҚАНДЫ

Жақсы ұйықтап, сергіп алды. ~ Енді Алтынайдың ойы: шайын қайнатып, күйеуін оятып, Медеужанын ортаға ала, ағасының тізесіне шынтақтап үшеуден үшеуі ыңсыз-шыңсыз отырып, оразасын ашу. Шайын баптап қайнатып, әбден ұйқысы қанды-ау дегенде «Әлгіні» оятып, Алтынай бұл арманына да жетті. Ж.Айм. ~ Бала ұйқысы қанып оянса да, бір жері ауырып, яки төсегі тынышсыз болып жыласа да, оны шешіп алып қарау жоқ, емшегін алып барып баланың аузына сала қояды. Түнде ың етсе, бесікті албастыдай басып отырып алады. М.Жұмаб. ~ Бірақ, дәретке шығуға да дәрмендері жоқ. Айдарбек жібермейді. Қолында үлкен лөкет пышақ.- Тырп еткеніңді жарамын! — деп есікті арқасымен баса жүресінен отыр. Ол солай таң атып, күн көтерілгенше, начальник ұйқысы қанып оянғанша кірпік қақпастан отырды. Ғ.Мұст.

Posted in

ҰЙҚЫСЫ ҚАНЫҚ

Уақтылы ұйықтап, дем алып, сергек жүрген адам туралы. ~ Сирек сақалды, имек тұмсық, бақа сары кісі, біз келгенде пеш жанында бүк түсіп жатыр еді. Быжылдаған самаурынды көрген соң сүйретіліп басын көтерді. Ұйқысы қанық кісі ғой, жадырап отырып шайға бас қойды. Б.Майл.

Posted in

ҰЙҚЫ (ҰЙҚЫНЫ) СОҚТЫ

Алаңсыз, қалың ұйқыға берілді. ~ Кешке келгесін пырылдып ұйқы соғасың. Тамаққа тойғасын, басың қаупиіп тағы ұйықтайсың… О.Сәрс. ~Тұмсығын көрпе шетіне тығып алып, ұйқы соққан тарғыл мысық аяқ жақта қаперсіз бырылдайды. М.Қаб. ~ Іше берсең қымыз да мас қылады. — Айранға мас болып, пішен шабатынын ұмытып, бір тәулік ұйқы соққандар да бар… — Ха… ха… хық! Қымыз бен айран да харам болды ма? Т.Рыск. * Үй жанында дөңгеленіп алып, ұйқыны соғып жатқан сұр төбет басын көтеріп, «Тыныштық па?» дегендей маңқ етіп, бір үрді … К.Сегізб. * Тыр-тырлап от алып, оятып жіберетін трактор, машиналар бүгін үнсіз қаңтарылып тұр, сондықтан ит атаулы аула-аулада ұйқыны соғып жатыр — күн жексенбі! М.Қаб.

Posted in

ҰЙҚЫ (ҰЙҚЫСЫ) ҚАШТЫ

Ұйықтай алмады, мазадан айрылды, тынышы кетті. * Тергеушіден ұйқы қашты, маза кетті, береке қалмады. С.Смат. * Төсегіне қайта жатқанмен ұйқысы келмеді. Тіпті ұйқы қашып кеткен. Далаға бірнеше рет шықты. Қайтып келіп тағы жатты, тағы ұйқы жоқ. Б.Бұлқ. * Күн райы бұзылайын деді ме, топшысы сыздап, сол қолы қағынды тигендей қайта- қайта селкілдеп, шошына берді. Ұйқы қашқан. Қ.Ысқ. ~ Тыныш ұйқыдан айрылды. ~ Мақпал қыздың қолынан бір шай ішу бәсекеге айналғандай. Мақпалы бой жеткелі Күржібайдың да ұйқысы қашқан. З.Шүк. * Онысына өзінің айқын сенімі де жоқ.Әйтеуір, ұйқысы қашқан адамдай орнынан ерте тұрып кетті. М.Әбдіх. ~ Тамақ жоқ. Жылу жоқ. Ашығып, алаңдап, әмбе дене тоңғаннан кейін ұйқы қаша беретін көрінеді. Ш.Рах. * Кілең күрең жорғалы, күдері белбеулі өнерлі достары көзі ілінсе іңірлетіп күй шалып, сан құбылтып ән салып жиылып келіп тұрғандай болады. Содан ұйқысы қашады. С.Смат.

Posted in

ҰЙҚЫ БАСТЫ

Көзі ілініп, ұйқы қысты. * Шолғыншылық жасаған қиын, ұзақ сапардан соң соны ұйқы басады. С.Бақб. ~ Басымызды жастықтан көтеріп, ұйқы басқан көздерімізді уқалай сала дауыс шыққан жаққа қарасақ, Хасеннің ауласына қарақұрым халық жиналып қалыпты С.Им. * Ұйқы басып ұйықтап қаламыз ба деп қорыққанымыз әлі есімде, күн ысымай тұрып ертесімен шығып кетуіміз керек еді… И. Бун. * Менің ойымша, өздерінің қарауыл мұнараларында , ұйқы басып есінеп отырған казак-орыстар беталдына шауып жүрген мені көріп кім екенімді айыра алмай азаптанған болуы тиіс. М.Лерм.