Айғай-ұйғай болып, шу көтерді. * Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Абай. * Айдауылдар келіп әкеткенде, артында қалған жанашырлары мен жақындары «ұзақтай» шулап жылағанда: «Алауыз болса ағайын, Ынтымақ күтіп тұра ма? Жолын берсе бір Алла, Орыс тонын береді» — деп еңіреген елді жұбатады. А.Ахметжанұлы. * Жер ошақта, нән қара қазанда майы шыжылдап, қуырдақ қуырылып жатыр. Бала-шағалар ұзақтай шуылдап, шүпірлеп жүр. Т.Әл.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҰЗАҚТЫ ТҮНДЕЙ
Түні бойы, таң атқанша. * Ол не көріп, не біліп өсті? Кең дала… көк дала… сары дала… сағым. Төрт түлік мал… соғым. Қысы-жазы киіз үй. Ұзақ түндей өзгерісі жоқ өмір. Сарыала етек сарпылтаңға көндігіп кеткен қазақ әйелі. Ғ.Мүс.
ҰЗАҚТЫҢ САРЫ КҮНІ
Таң атқаннан түн жамылғанша. ~ Еркектігін бір күні көрсетер деп Бике көп күтті, үйіне кірген сайын қанжарын жанына ұстады. Бірақ қанды көз ұзақтың сары күні басқа еркектермен жұмысқа алданып, жатар алдында ғана қор-қор тартып шығуға, қатынына кіретін болды. Ж.Айм. ~ Оның еңбегі де еш болған жоқ: ұзақтың сары күні құм жуған оның бақырашына, алтынның үгіндісі кейде ілікпеген, кейде аздап ілекті. С.Мұқ. ~ Ұзақтың сары күнінде аң баласын ұшырата алмай, әбден ынтызары құрыған мерген көп ойланып тұрган жоқ, мылтығын кезеніп, нысанаға алды да, киікті басып салды. М.Әбд. ~ Ұзақтың сары күнінде аң баласын ұшырата алмай, әбден ынтызары құрыған мерген көп ойланып тұрған жоқ, мылтығын кезеніп, нысанаға алды да, киікті басып салды. С.Ом.
ҰЗАТЫП САЛДЫ
Біраз жерге жеткізді, шығарып салды. * Қойшы, сол қырқылжыңмен қысқы сессияны ұзатып сап, көктемнің қыр арқасына қол іліктірдік. М.Қаб. ~ Биік үйлердің үнемшіл терезелері бірінен соң бірі жалпылдап өше бастаған. Жақып пен Петр шалдың қарасын едәуір ұзатып салды. Қ.Ысқ. ~ Азанғы шәйін апыл-ғұпыл ішкен Амантай жұмысқа асығыс аттанып кетті. Мәдемі алғашқы түннің балдай тәтті ләззатын бірге татқан жігітті көзбен ұзатып салып, қуана күлімсіреп тұр. Н.Сам.
ҰЗЫН АРҚАН (АРҚАУ), КЕҢ ТҰСАУ
Жайбарақат жүру; тиісінше мән бермеу, көңіл аудармау, еркіне жібері. ~ Дүмшелер домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халық-тың үйреншікті зауықтарына дейін күнә деп тыйғысы келген. Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанған қазақ шариғаттың тар тұсауына үйрене алмаған. А.Байт. ~ Ондайлармен Ырғызбай іші бірен-сарандап құда, жекжат боп алып та, «ұзын арқау, кең тұсау» жасайды. Кейде әдейі өздері түртіп, бір бәлеге ұрындырып, одан тағы өздері құтқарып алған боп та баурына тартады. М.Әу. ~ Қазақ балаларына ана тілі ғана қазақша оқытылады да, қалған пәндердің барлығы қытайдың мемлекеттік тілінде оқытылады. Оны заңдық тұрғыдан терістей алмайсың. Ұзын арқан, кең тұсау – Қазақстанда ғана бар. Н.Мұхамедханұлы. ~ Ұзын арқан, кең тұсаумен үш жыл жүріп, аудан ПМК- сы Жосалының Мәдениет үйін өліп- талып зорға бітірді. К.Хамз.
ҰЗЫН ЕЛДІҢ ҰЙЫРЫ (ИІРІ), ҚЫСҚА ЕЛДІҢ ҚИЫРЫ
Шартарап, бүкіл ел, дүйім жұрт. ~ Ауыздан шыққан сөз де бір, аңқып соққан жел де бір. Ертең бұл құдалық жайлы алып қашты сөз ұзын елдің ұйырына, елдің қиырына кетеді. З.Шүк. ~ Ертең бұл оқиға ұзын елдің ұйырына, қысқа елдің қиырына тарайды. «Басында кім болыпты?» Ауызға алдымен Рахметәлі- Мелдебек түседі. Қаратауға сыймай ауып келген тентектер… З.Шүк. ~ Көзіңнің еті өскен екен әбден! Жетім мен жесірдің көз жасын шараға құйып ішіп, есіріктеніп кетіп ең, ұзын елдің үйіріне, қысқа елдің қиырына жаярмын сәуріктенгеніңді. С.См.
ҰЗЫН ЕТЕКТІ (ЕТЕК)
Әйел заты. ~ Мынадай түр-сипаты келіскен, кезінде ұзын етектінің көркемі сияқтанған әйелмен енді еркін әңгімелесудің лайығы барын сезді де: «Тексіз» деген сөзіңіздің төркініне түсіне алмадым, бәйбіше, — деді Ақтан. Б.Тоғ. ~ Қуанғанымнан шыңғыра жаздаймын. Сәлимадан басқа ұзын етектілердің өмір сүретінін сөйтіп дәлелдеймін. Тек Биғали аман болғай. Мейлі, Бөлек-Салақпен-ақ бетінен жарылқасын. Қат-қат дене, гүр-гүр дауыс… еркек қой, еркек. М.Қаб. * Әрине, үй болғасын ұзын етек біреудің қажеттігі шындық шығар. Ә.Асқ.
ҰЗЫН ЖОЛДЫҢ ҮСТІНДЕ
Алыс сапарға бара жатып. ~ Ұзын жолдың үстінде ары өткенде, бері өткенде Мақаңа жолығып, сәлем беруді ұмытпаймын. Ш.Мұр. ~ Тек сенің, бізден тымақ, бөркің басқа, Оған да жол табармыз әзір саспа. Үстінде ұзын жолдың бізді таптың Қолды бер, Ғиззатолла, айрылмасқа. С.Бег. ~ Қандай сор айдағанын кім білген? Өзінен кейінгі інісі екеуі жайлаудағы елге қыдырып бара жатқанда ұзын жолдың үстінде арманда мерт болып кетті ғой… К.Сег.
ҰЗЫН ҚҰЛАҚ
Өсек-сыбыс. ~ Дала соны тыңдайды, «ұзын құлақ». «Ұзын құлақ» әзірге ызың бірақ. Жұб.Молд. ~ Е, ұзын құлақтан естігенім, өзі бір әкесі де жоқ, жалаңаяқ көрінеді. Жеменей жігіт болса керек. О.Көш.
ҰЗЫН САНЫ
~ Әубәкір шаруақор кісі. Жүре тыңдап, жүре сөйлеседі. Келе сала пішеншілерін жөнелтті. Бүгін малын таңбалауға кірісті. Малы биыл Қоянды жәрмеңкесінен кейін тіпті көбейген. Ұзын санын ғана білер, түстеп білу мүмкін емес.Ғ.Мұст.
