Posted in

ТАС ТЫЙЫЛДЫ

Оқыс, кенеттен доғарылды. ~ Оның жайбарақат күндері, жатып атар жымсыма әзіл- қалжыңы болушы еді. Одан да тас тыйылған. Т.Рыск. ~ — Оның да жөн. Бірақ, "бозадағы сөз боққа тұрмайды", шырағым,- деп Жұмабек қамсыз- қапырықсыз күлсе де, өзгелері тас тыйылған. Т.Рыск.

Posted in

ТАС ТҮССЕ ТАЛАЙЫНАН (ТАҢДАЙЫНАН)

Не болса да, Құдайдың маңдайға жазғаны д.м. ~ Айналадағы бар тірлік өліп-өшкен тәрізді. Аралда иттер бар-ды, иелері: тас түссе талайыңнан — деп тастап кеткен. В.Расп. ~ Таңырқасты сескеніп, Жерошақта жатыр жан. өнебойы қарала, Көміліп күлге батыпты. Қылтиып басы қарайған, Көз қарасы алайған. Түлен, Құлан ымдасып, «Тас түссе,—деп,—талайдан». БС "Алдар Көсе". * Ақыры уақыт өте келе болған іске амалсыз көнейін дедім. Тас түссе талайынан, жағдайдың бұлай болғанына, тағдырдың теріс айналғанына мен өзімді кінәладым. Ә.Асқ. ~ Енді бірде шешіле сөйлеп, үй ішіне оң шырай беріп отырғанда, — Құдайға шүкір, тұғырдан түсіп отырған ешқайсымыз жоқ қой. Көмекшісін берсе әне, бермесе тағы әне… Тас түссе талайымнан, тіптен бермесе екен, "еһк" дер ме екем… А.Сей. * … осы алдарынан өткеніміз болсын, одан арғы жағын, тас түссе таңдайымыздан, өз бетімізбен көре береміз дейді. Ғ.Мүс.

Posted in

ТАС ТҮСКЕНДЕЙ (ҚЫЛДЫ)

Естен айырды. * — Шаш етек шаруадан босамайды-дағы. Бәлкім мына тас түскендей нарық заманына бейімделе алмай жатқан шығар. Д.Дос. * Әкім орынбасарының көзтаныс көмекшісі білегінен ұстап: «Былай жүріңіз! Сөйлесетін сөз бар сізбен», — дейді төбеден тас түскендей етіп. Санжар не дерін білмей састы. Д.Дос..

Posted in

ТАС ТҮНЕК

Қап-қараңғы кез, тастай қараңғы шақ, қараңғылық. * – Туһ, неткен тас түнек бұл?! Жаңбыр жауа ма деймін?.. О.Сәрс. * Ұйқы біздің жартышырымыздың бетіне өзінің қарақұрық қанатын жайды; бұл енді оның бетінен тас түнек пен арманды сыпырып тастайды… Арман… Сорлының қасіретін қайта-қайта қозғағаны болмаса одан не дауа!". И.Бун. ~ Аяқ астында жап- жарық көрініп жатқан жер кенет лып ғайып болды. Іле үркіп кейін секірген. Ол тұста тас түнек. Жер көрінбейді. Секіргелі созған аяғы ауа қармай береді. Шабамын деп шоқалақ атады. С.Ел.

Posted in

ТАС ТҮЙІН (ТАС ТҮЙІНДЕЙ)

Барынша жинақы; мықты, бекім; шешімтал. ~ Бүгін ғана Лепсі бойынан таңдап жүріп кесіп алған қайың құрығын қолына алды. Тас түйіндей даяр тұр. Ә.Шәр. ~ Жан дүниесін тас түйін ғып буып тұрған әлдебір құрсау босап кеткендей, бойын әлсіздік билеп, Зухраның баурына тығыла түсті. Т.Сәук. ~ Түннің бір уағына дейін сарыла сандалып ойланған. Ойланды да, ақыр аяғында тас түйін шешімге келді. М.Қаб. ~ …әбден титықтаған халыққа біраз уақыт тыныштықтың дәмін татқызып, алдындағы малдың қарасын көбейтіп, ырың-жырың даудамайды тыйып, ел ұйтқысын бекітіп алмаса, тас түйін жаудан тас-талқан боп жеңіліп қап жүрсе, одан да мүйіз шыға қоймасы белгілі. Ә.Кек.

Posted in

ТАС ТӨБЕСІНЕН ТҮСТІ

Дәл тапты. ~ -КНБ деп тұрғаның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғой,-деді Жайбасар өзінің әр нәрседен хабары бар сауаттылығын танытқысы келген сыңаймен ұзын мұртын оң қолының қос саусағымен ширатып. —Тас төбесінен түстіңіз, -деді ұзын бойлы, қарасұр жігіт қулана жымиып. С.Дос.

Posted in

ТАС ТӨБЕСІНЕН

Дәл үстінен. * Көзін ашса, айдалада жатыр екен дейді. Тас төбесінен шақырайып шілденің ыстық күні төніп тұр. О.Сәрс. * Аспан асты, жер үстінің бәрі оған: «Ұйықта, дем ал!» — деп тұрғандай. Бірақ, ұйқысы құрғыр зым-қайым жоғалған. Сары ала шатырдың түндігі айқара ашық-ты. Тас төбесінен жұлдызы жапырлаған түнгі аспан еміне төніп тұр. Ә.Кек.

Posted in

ТАС ТӨБЕДЕН ҰРДЫ

Тағдырдың қатал соққысы туралы. * Жансаясы қаңғып жүрген грузин бе, осетин бе, қоңқақ мұрын жігіттің етегінен ұстап кетемін дегені несі! Тағдырдың тәлкегі ме әлде? Әлде жаратқан иенің жер табандап жүрсін деп тас төбеден ұрғаны ма? Д.Досж. * Енді келіп алла тағаланы жазғырып, бәрін сол істеген, тас төбеден қос қолдап ұрған сол!.. болғызбаған сол, деп шыға келеміз. Д.Досж.

Posted in

ТАС ТЕСКЕН ТАМШЫДАЙ

Әбден мезі қылды; зығырданын қайнатты. * Құдай зауалыңды берсін! Мынау, сірә, дегеніне жетпей тынбас. Тас тескен тамшыдай кісінің қара құсына қадалып, миын шағып жатыр, шағып жатыр. Құдай зауалыңды берсін, зауалыңды берсін! Ә.Нұрп.

Posted in

ТАС САҢЫРАУ

Мүлде естімейтін керең. ~ Мен болсам түк естімеймін, тас саңыраумын, тек қарашығыммен ғана қарсы алдымдағы дүниені еш сезімсіз түгендеймін. М.Қаб. ~ Өтті маған олардың малдан әрі болғаны Қарындасым қасымда – көзімше оны зорлады. Электрдің сымымен құлағыма қыл бұрап, Оң жағыммен естимін, сол жағым тас саңырау. К.Мырз.