Дәмін сезерліктей ғана азғана тағам туралы. * Ағын таңдайға татып отырған жалғыз сиырды бүгін базарға әкелдім. Айдалаға шашып жүрген малым жоқ. Көнсең көндің, көнбесең өзім барып әкеп берем. Н.Сер. ~ Көңірсітіп ас пісірмей, таңдайға татырын майданға, жауды талқандап жатқан ерлерге деп ауыздарынан жырып жіберіп отырған ел емес пе: иіс шыққан жаққа таңдана қарап, қатты елеңдесетін ғой. М.Сүн.
ТАҢДАЙҒА ТАСТАП ЖІБЕРДІ
Бірден ауызға салып, жұтып қойды. ~ И- и, еріккен адамның ойына қайдағы- жайдағы түседі екен. Ұйықтататын дәрі болса ғой, екеу- үшеуін таңдайға тастап жіберіп, тас бүркеніп жатып қалар еді. О.Бөк.
ТАҢДАЙ ТАҚЫЛДАТТЫ
Тақылдап, көп сөйлеп, мезі қылды. ~ — Кімді ертеріңді өзің таңдарсың. Найза сілтесіп, қылыш сермесер жаугершілік емес, сөз білеп, таңдай тақылдатар даугершілік те емес, отырыс- тұрысынан олпылық сезілмейтін, сөзінде ағаттық айтылмайтын, кісіліктен гөрі кішілігі басым биязы, К.Сег.~ Қабырғаға ілінген ескі сағат үздіксіз, бірқалыпты таңдай тақылдатады. Қысқа тілі жетіні көрсетуі мұң екен, қоңырауы дыңылдады. Мыңғырлаған талмау дыбыс ұйқылы-ояу кемпірді: «Асықпа! Саспа! Әлі ерте! Ұйықтай бер!»- деп әлдилей түскендей. М.Қаб.
ТАҢДАЙ СОРДЫ
Дәмі тіл үйірді, құмартты. * Жаңыл дастарқан жайды, табадан ыстық нан әкелген, иісі танауды қытықтап түшкірте жаздағаны, «тостақтағы сары майға мыжып жесе ғой, таңдайды сорар тансық ас болар еді; көп болды, Жаманеркегің мыжыма жеп мұрты майланған емес». Д.Досж.
ТАҢДАЙ ҚҰРҒАТТЫ
Шөлдетті. *… Тамсандырып, таңдай құрғатып, талықсытып, тамыр өртеп басталған адами ләззат әрекеттің қалай аяқталуға тиіс екенін білмей қалып, кейін біреулерден ұқса қасірет. Н.Дәут.
ТАҢДАЙ КЕПТІ
Сусады, шөл қысты. ~ — Қап, қап! Рәсуа, рәсуа! Обал. Қасқа құлынның аузынан жырып, таңдай жібіткен қымыз еді. Жә, Ғайшаны жібере қояйын. Жуып, сүртіп алсын. Досантай, сен сыртқа шығып, бой жазып қайт. Көп ұзамай қуырдақ, шай да келіп қалар. Д.Аман.
ТАҢДАЙ ЖІБІТТІ
Аздап шөлін басты. * Бізді бір беті ашық қораға қамап қойып, солдаттар шай қайнаттырды. Шайдан бір-бір ожау шай ішіп, таңдай жібіттік. І.Жанс. * Одан бері біраз уақыт өтті ғой. Қысылмаңыз. Күн ыстық, таңдай жібітіп отырыңыз. С.Дос. * … ей, дала, сен абзал ару болсаң, мен қолаң шашыңа таққан алтын шашбау едім; ей, дала, сен еңіреген ел болсаң, мен көз жасың едім; сен ақтаңдақ шөл болсаң, мен таңдай жібітер сусын едім. О.Бөк. ~ Содан, өзге мұқтаждық-тарын былай қойғанда, таңдай жібітер ауыз судың өзіне зар бұл жұрт, шелектерін салдыратып әр жаққа босып жүргендері. М.Қан. ~ — Қап, қап! Рәсуа, рәсуа! Обал. Қасқа құлынның аузынан жырып, таңдай жібіткен қымыз еді. Жә, Ғайшаны жібере қояйын. Жуып, сүртіп алсын. Досантай, сен сыртқа шығып, бой жазып қайт. Көп ұзамай қуырдақ, шай да келіп қалар. М.Қаб.
ТАҢДАЙ АЛАУЛАДЫ
Сәулесін түсіріп, нұрландырып, жарқырады. * Анау бір таңдай алаулап тұрар үмітім бар еді. Үзем! " дегендерді көп көрдім. С.Смат.
ТАҢДАЙ (ТАҢДАЙЫН) ҚАҚТЫ
Қайран болды; тамсанды, таң қалды.* Шіркін, онда бала-шаға түгілі үлкендердің өзі-ақ таңдай қағып тұрар еді-ау. Ә.Кек. * Басқалар Сәбитжанның судырағына бастарын шайқап, таңдайларын қағып қойып, ашықтан-ашық күліп отырды. Ә.Нұрш. * Бұл операларды тыңдаған мәскеуліктер есінен танғандай хал кешті. “Правда” газетінен бастап, барлық басылымдар таңдай қақты. Д.Кіш. * Пірімқұлов екеш Пірімқұлов: "Мұндай қайғы-мұңсыз баланы алғаш көруім" деп таңдайын қақты. М.Қаб.
ТАҢҒЫ ТАМАҚ ТӘҢІРДЕН
Жаратқанның несібесі таусылмас деген мағынадағы үміт. ~ …баяғы сол қалқиған тал шаңырағын жал басына жарбита көтеріп, баяғы сол талтақ бұт тал бесігін күні-түні тербетіп, таңдағы тамақ тәңірден деп, қырық жыл қырғынға тап болса да, күдерін үзбей, келешекке кеңірдегін созып телмеңдеп баққан бұл не қылған өлермен жұрт еді! Ә.Кек. ~ "Таңғы тамақ Тәңірден" деудің орнына, ертеңгі күнім не болады деген уайым, қалтаға сынық бәтерді артық салдыратын сақтыққа үйреткен. Қ.Ысқ.
