Home » Page 225
Posted in

ТАҢ ҚҰЛАН ИЕКТЕНДІ

Таң қылаңданды, бозарды. ~ Құлан иектеніп таң атты. Қала халқы қалың ұйқыда. Т.Ә. ~ Таң құлан иектенген мезетте жұлдыздар шаңытып, бірін- бірі жеп жоғалып, олар да таусылды. Ендігі үміт көп ұзамай шығар Күн ғана… О.Бөк. ~ Таң жаңа ғана құлан иектеніп келеді. Ә.Әб.

Posted in

ТАҢ ҚАРАҢҒЫСЫНДА

Күн шықпай, жарық түспей тұрып. * Бар ұятының, кісілігінің жеткен жері: бейбақ құрбандығының жүзін көруге шыдамады, таң қараңғысында атқа қонды… Ж.Нәж. ~ … Шалдың бажылдап айтқан сөзін ешкім де елемеді. Олар сол күні таң қараңғысында жолға шығып кетті. Қ.Мүб.

Posted in

ТАҢ ҚАЛДЫ

Әлденеге таңданды, қайран болды. * Бүркітке қасқыр алдырған, Тазылары бөрі алып, Көп елді таң қалдырған, Қара арғымақ қатырған, Қара лашын ұшырған, Жігітке сұлу құштырған, Сұлтандарды жаулаған, Момынның малын даулаған. Сегіз Сері. * Түйенің иір мойнына, салбыраған астыңғы ерні мен қылтиған құлағына қарап, өз үйінің сауын маясын жазбай таниды. «Қандай шебер еді Құзыр» деп таң қалады. Ү.Жәл.

Posted in

ТАҢ ЖҰЛДЫЗЫ

Таң алдында туатын, үлкен жарық жұлдыз — Шолпан жұлдызы. * — Абылай уақыт мөлшерін білу үшін аспанға қарады. Таң жұлдызы туып қалған екен. Аспандағы таң жұлдызы, жаңа өзі шығып кеткенде есік алдында қалған екінші таң жұлдызын есіне түсірді. Ол бұйыра сөйледі. І.Ес. ~ Осы кезде: ай алатайдың ар жағында бір жамбастап жүзген шақта, бергі беті ұйқтаған қара мысықтай қорқынышпен қарауытқан делсал суық мезетте, үркер төбеден әлдеқашан ауып, енді көп ұзамай таң жұлдызы туар, сәресі ішер сәтте, ұйқы мен ояудың, өлі мен тірінің екі ортасында шөкелеп отырған аманның қасына он жасар Бала келді. — Неғып отырсыз. О.Бөк. ~ Біздің қолымыздағы кітап бұған дейінгі қос жинағымен-ақ өлең әлемінде таң жұлдызындай жарқ ете қалған жас ақынның өзіндік үні, өзіндік қолтаңбасын, ешкімге ұқсамайтын дара біткен сом тұлғасын одан сайын ірілей түссе, бір жағы оның азаматтық ақын ретіндегі кредолық тұғырын да асқақтатқандай. Ғ.Әр.

Posted in

ТАҢ ӘЛЕТІ

Таңғы кез. * Таң әлетінен мектепке келген. Мектеп директорының кеңсесіне жайғасып қалам шиқылдатып, қағаз судырлатқалы қашан. Д.Досж. * Нартуған таң әлетііндегі дала тіршілігінің сылдыр-сыбдыры көбейіп кететінін бүгін ғана аңдағандай, демін ішіне тартып алып тың тыңдайды. О.Сәрс.

Posted in

ТАҢ БОЗАМЫҚТАНДЫ

Таңның алғашқы сәулелері айналаны бозғылттандырды. * Саурық таң бозамықтанып қалған кезде көзін ілді. Ә.Шәр. ~ Жауы "нан қалың малды олжаға алып, Тыныш күшті қазақ қолы шығар көшті. Бозамықтап таң атты, Таң астына қараса, Будақ- будақ шаң шықты. БС. Жәнібек батыр. ~Күзгі түннің ұзақ таңы бозамықтана бастаған кезде ғана ол тысқа шығып, ұзақ керілді. К.Сег.

Posted in

ТАҢ АТЫРЫП, КЕШ БАТЫРДЫ

Бар уақытын өткізді. * Өзі кедейшілікте өскен соң ба, байдың жалғызы дегенге көз алдына күні-түні ел жыр ғып айтатын Қарқаралыдағы Акметовтың ағаш үйі елестеп, қашан құдалар келер екен деп елеңдеумен таң атырып, кеш батырды. С.Досж. ~ Жаңа бұның алдында окопты Дьяков аралап кетіпті. Қанша күннен бері бел шешпей, окопта таң атырып, күн батырып жүрген жігіттер винтовкаға басын сүйеп қалғи бастады. Ә.Нұрп.

Posted in

ТАҢ АТЫРМАДЫ

Тыныштық бермеді; күн көрсетпеді. . * Мұсабай үндемеді. Қатын шіркін бір жеңіп алған соң, таң атыра ма? Өзінен шығар өнері болмаған соң, Мұсабай қатынға қол тапсырып, пір қылған ғой. Қатыны болмаса, бұл Бірмағанның құлы емес пе? Ж.Айм. . * Бұрын да кемтар бейшараға таң атырмай жүретін, ермек іздеп еріккен қуаяқтардың бәзбіреуі енді түймедейді түйедей етіп өсіріп, өршітіп жіберген. О.Сәрс. * Бастығымыз аңғал да жуас кісі еді. Ләпбаев соған жағып алды да басқамызға таң атырмай қойды. Ж.Алтайб.

Posted in

ТАҢ АТЫРДЫ

Уақыт өткізді. ~ Ақ тұман жұтқан‚ жауын шайған ауыр күнде аттанған аңшының да сезімі сырғақ‚ ойы бұлыңғыр тартқан. Бұлабикеге қандай байлаулы уәж айтарын білмейді. Баяғы бір таң атырған жүздесуден кейін тиіп-қашты ғана жолығысулар болды. А.Алт. ~ Не болса да көрпеге бүркеніп алып, таң атырмақ болды. Осындайда таң да атуға ерінгендей түн қараңғылығынан арылар емес. Е.Рақ.

Posted in

ТАҢ АСЫРДЫ

Атты таң атқанша қаңтарулы қойып, суытты; баптап күтті. * Мінген аттарыңды таң асырыңдар, қызыл май болып қалады, – деді Бөлен. Ә.Шәр. * Ауыл Сарысуда. Түнде бір жақтан жолаушылап келіп, аттарды таң асырып жібергенмін. Б.Тоғ. * Құдалардың келу қарсаңына бозбалалар да дәмелі аттарын таң асырып, ер тоқымын, айыл-тұрманын түзеп, қам қылысты. Ж.Айм.