Home » Page 235
Posted in

ТАЛАЙ СЫРҒА ҚАНДЫРДЫ

Ағынан жарылып, көп әңгіме айтты, талай шындықтың бетін ашты. * Сөзі мірдің оғындай сол Шүртидің жиені “гүңшы” (коммуна) деп аталатын жаңа қоныстағы жаңа ауылға жеткенше талай сырға қандырды. Ғ.Біл.

Posted in

ТАЛАЙ СЫР АШТЫ (АҚТАРДЫ, АЙТТЫ)

Ағынан жарылды, көп нәрседен хабар берді, ештеңені жасырмады, көп әңгіме айтты. * Ұзақ жолдың қалай қысқарғанын білмей де қалдым. Ол маған жаны ашып қамқорымды соғып, талай сыр ашты. Н.Сер. * Сонау қырық бесінші жылдан бері Қазанғап пен Едігенің жолы бір түсті де, екеуі талай-талай сыр ақтарған. * Оның үстіне осы жолы қалада болған сапарында бұрыннан өзіне жақсылық көрсетіп, жең ұшынан жалғасып жүретін ұлығы, сатылып келген дос болса да, марқамат періштесіндей болып, Жарасбайды оңашаға алып, бір талай сыр айтып, ақыл берген. М.Әу.

Posted in

ТАЛАЙ СУ АҚТЫ

Көп уақыт өтік кетті. * Ел құлағы елу емес, жүз болып тұрған мынау апай-тұпай заманда біреу болмаса біреу біліп, бетіне басар депсес кенген. Міне, сол сандалбай жылдардан бері де талай су ағып, ағаш басы бүрлепті-ау… О.Бөк.

Posted in

ТАЛАЙ ҚҰҚАЙДЫ КӨРГЕН (ҚУ)

Әккі, кәнігі; тәжірибесі мол; өмірдің қиындығын көп көріп, әбден шыныққан. ~ Мен шарасыз қалыпта айран-асыр болсам, бұдан бұрын да талай дауды өткерген, талай құқайды көрген журнал редакторының өзі басын шайқап, жерге түкірген. М.Мағ. * – Әлгіге Ақтөсті қосып жібердім. Салпаңқұлақ та құлағын жымып барын салды. Ол неме де талай құқайды көрген қу екен, бұлтылдап қашып, атты тіпті шаужайлатар емес. Д.Досж. ~ Бірақ аш мәлін дереу қайта оралыпты. Соған қарағанда, талай құқайды көрген кәрі. Әйтпесе, былай-былай айнала жүріп, теке мен қошқарды қорқытып қуып жіберуді ойламас еді. Б.Ыб.

Posted in

ТАЛАЙ КӨРГЕН ҚҰҚАЙЫ

Мұндай қиын жағдай бұрын да талай басынан өткен. ~ Бет қаратпай тура маңдайдан сабалаған боранды қақ жарып, қасарыса ілгері жылжыған аспан шал қойнынан кіріп, тұла бойын қуалаған суық қаншама сумаңдап мазақ еткенмен ырық бермеді. Талай- талай көрген құқайы. О.Бөк. ~ «Тұрыңдар! Алға- үш, артқа- төрт қадам аттаңдар! » Ойбай- ау, мұның несі құпия, талай көрген құқай. «Күйеулеріміз» бір тесіктен сығалап, «қалыңдық таңдау» акциясын өткізіп жатқан болар. Қ.Жиен.

Posted in

ТАЛАЙ ЖЕР

Әжептәуір алыс. ~ Мына жол да сондай. Түркістан-Сібір темір жолының біздің ауыл тұсындағы Теріс бекеттің жалғыз ақ үйі жап-жақын сияқты көрінгенімен талай жер. Ш.Мұр. ~ Сейдін ауданының орталығы «Бозтөбенің» арғы жағында талай жер болғандықтан біздің жігіттер сапарды совхоздың өзінен бастамақ болған. Т.Әл.

Posted in

ТАЛАЙ (пәленше) ЖЫЛДЫҢ ЖҮЗІ БОЛДЫ

Әлдебір оқиғадан талай жыл өтті д.м. * Ералы ерте бастан ел жақта тұрушы еді, бір- бі¬рімізді көрмегенімізге талай жылдың жүзі болған. Шұрқырасып көрісіп, әмпей- жәмпей болдық та қалдық. Ә.Асқ. * Өзіңнің белгілі әуеніңмен сынаптай сырғып алғалап тарта бересің, тарта бересің. Оған да міне, бақандай он үш жылдың жүзі болыпты. Ө.Ахм. * … Құлағу ханмен бірге жорыққа аттанып, шет жұрттың топырағына табаны тигеніне де үш жылдың жүзі болыпты. Д.Рам.

Posted in

ТАЛАҒЫНЫҢ БИТІ БАР

Талапты, дарын-қабілеті, болашағы бар, өнерлі. ~ Биағаң шығармашылық жолын өлеңмен бастады. «Ғалия» медресесінде оқып жүрген кездің өзінде «Садақ» аталатын қолжазба журнал шығарды. «Талағының биті бар» – талапкер жастарды қалам жұмысына осы қолжазба журнал арқылы тәрбиеледі. Қ.Ерг. ~ Осы бастан мұқият оқы. Сен талағыңда битің бар жігітсің, — деді ол қоңыр көзі мейір төге, — ғылым жолын қусаң сенен бір нәрсе шығады. Т.Әбд. ~ «Жіңішке ауру жүдеу еді жасынан, талағында биті бар ед, сонда да, шошқа бағып, он бесінші жылғы қыс қашып шығып тұтқынынан германның бір мезгілде онымен Георгиев кресін де алғанмын. К.Мырз.

Posted in

ТАЛАҒЫ ТАРС (ТӘРС) АЙРЫЛДЫ (ЖАРЫЛДЫ)

Оқыс ашуланып, зәрін төкті; бұлан-талан болды. ~ Күніне қырық қайталанса да ондайға қыңқ демейтін тәлімгері – Елена Борисовнаның сол жерде талағы тарс айрылғаны… Т.Сәу. ~ Оттамай отыр! – Дәуітбайдың талағы тарс айрылды. – Атаңның басына мәз боласың ба? Сол Бәйтен ертең үкімет болса, бірінші сен құрисың. Т.Әбд. * Кейбіреудің тарс айрылып талағы. Ә дегенше күйіп-пісіп қалады. Басқа түгіл, Ғашықтардың өзі де. Анда-санда… Бір шекісіп алады. Қ.М.Әли * Әкенің ашуы кезінде көзіне түсуден қашатын әдеттері… Жылқайдардың талағы тарс айырылды. З.Шүкір. * Бағанағы ашумен айтылған айғайымды көңіліңе ауыр алған жоқсың ба? Шынымды айтсам, талағым тәре айрылып шаршап отыр едім. О.Бөк. * Сол күлкі қамшы болды ма, танауы қусырылып, талағы жарылуға шақ қалған келіншек білем қазыны орай салған қара самарды ортаға тарс еткізіп қоя беріп Бескемпірге шұқпады. Қ.Ысқ. * Туған қызының бақытын күндейтін ана болады екен, Құдай!– деп қойып қалды. Қарашаштың талағы тарс айрылар деген, олай болмады. Ж.Нәж. * — Оны сізден сұрамаймын, — деп манадан тығылып отырған Балтаның талағы тарс айрылды. — Тұрғаның да, Тұрғанның әйелі Нәзияң да бар болсын. С.Смат.

Posted in

ТАЛАБЫҢА НҰР ЖАУСЫН

Діттеген ойыңа жет, арманың орыдалсын. ~ Сен малыңды іздеп, кегіңді алуға келе жатыр екенсің. Талабыңа нұр жаусын! Алдымен, отауға кіріп, деміңді ал. Қырық келінім саған қызмет көрсетсін, – деп алдады. "Алпамыс б." ~ . Талабыңа нұр жаусын!— деп, Әсет шәкіртке батасын жаудыра отырып, сұрағанын айтып жатты. Ә.Сал.