Құлдыққа түсті. ~ Қап бәлем, қас екенін білмедім ғой, Сен қолды жан деп көзге ілмедім ғой. Тарпысам табанымда жатар едің, Арам без, адалымды күндедің ғой. М.Әу. ~ Елдің жартысы жаудың боданында, жердің жартысы жаудың табанында жатқанда ауыз біріктіріп, аруақ қоздырар тізгін ұстау неге керек болмасын! Ә.Кек. ~ Қойбағардың жөні бөлек қой. Ол тұста кісінің табанында жатқан ез жұрттың әңгімесіне кім құлақ ассын, ал қазір қазақтың ойраттың тепкісіне оңай көне салатын осал жұрт емесін орыстар да көріп, біліп жатқан шығар. Ә.Кек. ~ …мына жарлылардың алдында беделі мен құрметінен жұрдай болған; ол бидлдің биік тұғырынан түпсіз тұңғиыққа құлап, көкдолы әйелдің табанында жататын күйеуге айналды. Ч.Дик.
Автор: Админ
ТАБАСЫНА ТАСТАДЫ (ҚАЛДЫРДЫ)
Қор қылып, ұятқа қалдырды, абыройдан айырды. ~ Дала боран. — Жел ұлиды, ысқырады, өлімсіреп жылағандай болады. Желмен бірге, мөлдір көзін ыстық жаспен шылап, Айнажан да жылайды. Жандай көрген жалғыз әжесін тоқалдың табасына тастап, ойламаған іске бел буғанына өзін шілтелегісі келеді. Б.Майл. ~ Тыныш жүрсең тиын да көрсетпейді, Көтеріліс жасасаң ақша берет. Соны көріп тілеймін бір құдайдан, Дұшпанның табасына тастама деп. Б.Шойб. ~ Қаптаған Арқадағы қалың елің, Ешкімнің қалдырмайды табасына. Алғыс пен ақ батасын ел береді, Халқымның ардақ тұтқан баласына… Ш.Дәлд. ~ Арақта арғы атаңның кегі кеткендей ішіп едің, ақыры не таптың? Сүйегімізге таңба болпы, «әкелері ішіп жүріп, аязда үсіп өлген» деген ағайын-туыстьың табасына қалдырдың. А.Рақ. ~ О, тоба! «Арғымақтың баласы аз оттар да, көп жусар…» Өзімен құрдас Жәніке миығынан күлді. «Жабысың» дегені ғой. Жаман баланың қылығы Жылқайдарды дұшпанның табасына қалдырды. З.Шүк.
ТАБИҒАТЫНДА ЖОҚ
Үйреншікті емес, бөгде әрекет, жат мінез туралы. * Жылда біреумен ырың-жырың болғанша, өзіміз бен өзіміздің дөңгеленгеніміз көш артық, — деп табиғатында жоқ көнбіс мінез танытқан. А.Сейд. * Інім, қазақ дүниедегі ең тебіз халықтың бірі, тәртіпке бойсынбау біздің халқымыздың табиғатында жоқ нәрсе. Б.Қыд. * Асқар бешпентін жүре киіп, үйден шықты. Сыртқа ере шыққан Қалаған Асқардың жан–жағына жалтақтай қарап, табиғатында жоқ қимылмен жорғалай басып кетіп бара жатқанын көріп, көкірегі қарс айрылғандай болды. Т.Әбд. * Бұл өмірдің шындығы. Қарасуды қанша қайнатқанмен қойылмайды. Кездейсоқ келгендер кездейсоқ кетеді, өйткені қойылу оның табиғатында жоқ, атала, сұйық күйінде қалады. Б.Қыд.
ТАБИҒИ ОРТА
Адамды қоршаған жанды және жансыз табиғат әлемі және өзіндік тіршілік жағдайы. * Бізде де өкімет жоқ еді. Дәл казіргі кезде табиғи ортаға орай, өз заңымызбен ғана күн кешіп жаттық. М.Мағ. * Ағайынның малына қырғидай тиген қасқыр жыртқыш емес, табиғи ортаның көркі, сұлулығы болып шыға келеді мұндайда. Қ.Жиенб. * Адам өзінің табиғи ортасынан кетіп үлкен мегаполис-шаһарларға шоғырлана бастады. Және бұл тендеция барған сайын үдей түсуде. С.Елу. ~ Миллиондаған жылдар бойы қалыбы бұзылмаған табиғи ортада өмір сүріп, ың-шыңсыз жерде табиғи тамақ жеп өсіп-өнген ата-бабамыз жарқын бейнелі, ашық мінезді, қоңыр үнді қазақ болуына қазақ жерінің табиғаты негізгі себепкер деп ойлаймын. Ж.Баб.
ТАБЫЛҒАН АҚЫЛ (БОЛДЫ)
Дұрыс сөз, жаны бар пікір, жөні дұрыс ой, орайлы қадам. ~ Әбді (жайраңдап). Әй, осынын тапқан ақыл-ау. (Қа-қа-қалап.) Мен бар ғой — өздеріне сөйлетуді қойдым: біреуі сөйлей бастасам, «Жасасын», — деп алақанымды ұрамын келіп… Б.Майл. ~ Қалабай. Мынау бір табылған ақыл болды- ау. Әрі музыка, әрі поэзия! Мұндай тойды біздің ғасыр бұрын көрмеген болар. Ал, бастадық. Ә.Тәж. * Онысы несі? Мұздай су ғой. Табылған ақыл! Бұдан тәуірді ойлап та таппайсың. Осылай деседі де әлгілердің бәрі терезесін сарт жауып алады. Э.Хэм. * — Міне мұныңыз табылған ақыл, — деп іліп әкетті анау, бейне дәл осындай жауап күткендей, — тек бірдеңе болып қалса, Мәскеудегі сізге мұннан телеграф соғып мазалап жүрмесе болды ғой. Ф. Дост. ~ Жүрген дыбысы ешқашан білінбейтіндіктен, оны жұрт «Майтабан» дейтін. — Бұларың табылған ақыл. Үлкен кісінің алдынан өтіңдер, — деді Әлима апа. — Оған дейін мен баланың киім-кешегі мен жол азығын дайындай берейін. Сөйтіп, достар жол қамына кірісіп кетті. М.Қан. ~ Біз күзде матрац жасаймыз деп сабан тасығанымызда, екі матрацтың қабына жарты арба сабан сыйып кеткен. Бұл тіпті табылған ақыл болды. С.Мұр.
ТАБЫН БАСТЫ
Ізін қалдырды. * Аспанда бұлт жоқ, ашық. Жарығы көз тайдыратын нұрлы күн бүгін жазғы түріне түскендей болып өзгеше жарқырап тұрса да, ызғарлы қар, суық ауа қызуын жоғалтып, жарығына жансыздықтың табын басып тұрғандай. М.Әу.
ТАБЫС ЕТТІ
Қолына берді, тапсырды. ~ Бұл соғыс барысында қолға түсірген барлық нәрселерді (Шыңғыз хан) түгелдей Оң хан мен оның нөкерлеріне табыс етті. Ж.Шәк. ~ Жаңағы өзің тарихын жазып алған мақал-мәтелдерді Жолтай маған өлерінен бір күн бұрын әкеп табыс етті. Ә.Нұрш. ~ Соңғы бір-екі жылда жай адамдардан құрылған бұл топ айласын асырмақ болған бірнеше шекараны бұзушыларды ұстап, заставаға табыс етті. Б.Соқ.
ТАБЫТ ҚАҚТЫ
Біреудің өлгенін тіледі. ~ " Табыт қағу" деген дінбасылар мен діндар халық арасында зор сұмдық саналатын. Ол–өлім тілеу, кім болса да тың біреудің өлімін тілеу. М.Әу. ~ Халыққа пәле, қаза шақырған кім? Оған куәлар бар. Тірі куә, өлі куә болады. Ең алдымен мынау мешіттің астында тұрған үш табыт куә! Осы оба фәләкәті келерден бұрын "адам өлмеді", "жаназа болмады", "фидия, садақаға тойымсыз терең қалтам толмады" – деп табыт қаққан кісілер бар. М.Әу. ~ Солардың қара тілегі бүгін халық басына мұншалық зор апатты, соншалық көп өлімді әкеліп отыр! Кімдер сол табытты қаққандар! Қай күні, қай кеште, қай намаздан кейін табыт қақты?1 Оны мен ғана емес, хазірет, менен басқа да сіз иланатын, инабатты бес адам көрген. М.Әу.
ТАБЫТТАЙ ТЫНЫШТЫҚ
Жым-жырт үнсіздік, өлі тыныштық. * Басында оқыс бір ой оралды да, Өмірбек сескеніп қалды: табыттай тыныштық пен қараңғылық басып тұрған мына үлкен үй кімге құтты мекен болған? С.Шайм. ~ Бір сәт табыттай ауыр тыныш-тық орнады. Әзірейілдің алып көлеңкесі көз жетер жерді басып қалғандай болған осы тығырық-тан Ерүміт алып шықты. А.Әк.
ТАҒАЛЫ АТ ТАЙҒАНДАЙ (ТАЙЫП ЖЫҒЫЛҒАНДАЙ)
Жап-жалтыр, тұқыл жоқ, тұлдыр жоқ. ~ Зиялы қайраткерлерімізді бір-біріне қар-сы қойып, қаралағаннан онсыз да қы-рық пышақ болып, қырық руға бөлуге даяр тұрған бейдауа көңілдің абыройы артпайды. Шетінен тағалы ат тайғандай, бір жерде білгір, бір жерде міңгір тарихшысымақтарға «асыра айтсаңдар да, асыға айтпаңдар» дер едім. А.Құс. ~ Иегінен тағалы ат тайып жығылғандай дегеннен сақал- мұртынан жұрдай, көсе дегенді ұғынамыз. Мұнда да мағына тұтастығының бірлігін айқын байқаймыз. Қ.Сәр. ~ … қылтанақ шығып көрмеген қасқа иегінен тағалы ат тайып жығылғандай. Ғ.Мүс.
