Posted in

ТҮБІ ЖЫРТЫҚ ҚАЛТА

Тойымсыз, қанағатсыз. * Кәриялар қол жайған жер парызбен тең. Қашан әркім өз үлесін Құлшығаштың «түбі жыртық» қалтасына салып тынғанша дамыл таппайды. Д.Досж.

Posted in

ТҮЗДЕН ТОЯТ ТІЛЕДІ (ІЗДЕДІ)

Нәсібін сырттан іздеді. ~ Бекеттер шығады, қонақты қоршаған қалың топ, ортада Шынасыл, Шернияз қол қусырып құрметтеп. Қадірлесім, сыйласым, Біліп едім құрбының Бір сәлемін қимасын! Түзден тоят тілеген Ерім едің еңіреген, Жолыңа құрбан мал басым!.. М.Әу. ~ Бұ шіркіндер бүгінде туған жерін, ата жұртын менсінбеуді шығарыпты, түзден тоят іздейтін болыпты. Ә.Асқ.

Posted in

ТҮБІ ТЕГІН ЕМЕС

Мұнда бір сыр жатыр д.м. ~ Абай да әлдеқашан бұны тыңдамай, бетін теріс бұрып алған, оны да елеген Жұман жоқ. Өз сөзін келелі кеңесім көріп созып отыр. — Әй, осының бәрінің түбі тегін емес. Жігітекті құтыртқан тағы бір желік бар деп ем. Міне, сол тегін болмады. Жігітекке тағы желік біте бастады. Бүгін соның неден бу алып жүргенін біліп кеп отырмын!— деп жатыр. М.Әу.

Posted in

ТҮЗУ (ТУРА, ДҰРЫС) ЖОЛҒА САЛДЫ

Дұрыс жол нұсқап, ақыл қосты. ~ Соңғы кездердегі оның ұғымы бойынша, Абайды түзу жолға салып, қазақтың хан-төресін, жуан ата жақсысын, мұсылмандық шариғат салтын жырлайтын ақын ету керек. М.Әу. ~ «Мүлдем азғындап төртаяқтап кетпей тұрғанда бұл адасқан пақырларды бетінен қайтарып түзу жолға салайын деген ниетпен бір күні Періште оларға уағыз айтады. Т.Сәу. ~ Аруақтардың зарын естіп, періштелер мәслихат құрды. «Иманы шала болса да, жүрегі таза, аңқау жұрт еді, адастырмай тура жолға салайық» деген Бас періште. Бірақ бәрі мәмлеге келе алмады бірден. Т.Сәу. ~ — Бір елдің адамы екінші елге келгенде «бар болғаны жөн-жоба үйретіп, дұрыс жолға салып жүрміз» дегенді қалай шімірікпей айтады. Ондай сөзді қырғыздардың миына құйыңыздар. Ал, маған, «бұл жердің дариядай кең жері, ұшан-теңіз байлығы қызықтырады» деп турасын неге айтпайсыздар. С.Жүн. ~ Дұрыс жолға салса, осы Қоспанбеттің өзінен-ақ біраз нәрсе шығар еді, жұғымды, сөйлер сөзі де бар, тіпті орыстардың өзімен байланысып жүр дейді. К.Қаз.

Posted in

ТҮБІ ТҮСКЕН ШЕЛЕКТЕЙ (БОЛДЫ)

Даурығып, даңғырлап, босқа шуласып, у-шу болды * – Менің қайтқан белгім со болсын: қажыға барайын, Әзірет сұлтанға зират етейін. Бойымдағы сайтанды сүйтіп арылтайын… – деуі-ақ мұң екен ақсақалдар түбі түскен шелектей: – Дұрыс-ақ! Сөз-ақ! «Ерден иман құтылмайды» деген осы да, – десті. Ж.Айм. * Жыны қозып, жүрек айныр шатпақты естімес үшін екі құлағын тас бітеп алмақшы еді, Құдай оңдап, ондай күйге жеткізбеді – сол сәт желке тұсынан суық қармап қарлыққан тарғыл дауыс түбі түскен шелектей даңғырлап қоя бергені … Т.Сәук. * омпақ көзі зыттиып, бүйректей беті быттиып, тақылдақ даусы қазір тіпті түбі түскен шелектей таңқылдап, қамау судың балығына қарық боп жатқан көңілді кісілердің арасында қаңқылдап жүрген шығар. Ә.Нұрп. * Және қысқартқанда сөзден мүлдем тыйылмайды, бос сөзге жаны құмар сөзуар, бір мақтанса түбі түскен шелектей бөсе беретін кеппе, әшейін, сөздің бетін ғана желдің өтінен бұра қояды. С.Жүніс.

Posted in

ТҮЗУ ҚАБАҚ

Оң пейіл., дұрыс ниет ~ Ей, Сүйіндік, албасты да қабаққа қарай басатын. Қыры жоқ, қасиеті жоқ басшы болса, ыбылыс, жын иектемей нетеді. Адал десек, аман десек, жан берейік, ақтайық, ақыретте айыбын өз мойынымызға алайық. С.Тор.

Posted in

ТҮБІ ШИКІ

Күмәнді, күдікті, нанымсыз. * Бала Бойқаның өз қаны емес, түбі шикі екенін сезіп қалған қалмақтар арасында күңкіл- күңкіл сөз шыға бастайды. Қ.Жұм. * Атажан байдың үлкен ұлы үйіне келе, қазан төңкеріп тастады. Түбі шикі құл қазаққа сенген бейқам әкесіне дүлей наразылығын сөйтіп білдірді. А.Кемелб. * Есіне алыстағы ағайындары түсті. Небәрі елу үйден құралған түбі шикі шағын тайпа іргелі руларға қырғидай тиюші еді. Т.Әл. * Жә, сен енді қаланың әңгімесін айт. Ақ патшаның қазақтан жігіт алатыны рас па? Сол сөзіңнің түбі шикі емес пе?.. Ә.Нұрп. * Арғы- бергісін қазып, түгел түсіндірді, әрине. Құрман қажының өз басы түгел, оның қызын алып отырған Демежанның да түбі шикі екенін ұлықтың құлағына құйып баққан шығар. Қ.Жұм.

Posted in

ТҮЗУ СӨЙЛЕСТІ

Жөн сөзбен, түзу ниетпен пікір алмасты. ~ Ең әділ өкімдей, тағы да бір еске алынып, бұның зығырын қайната түсті, тағы да қатты үнге басты. – Қыңыратқымай, түзу сөйлес. Дәл осы Балқыбек жиынының үстінде ақы адал малын түп-түгел алдарына салыңдар! М.Әу. ~ Берді енді қалжақты қойып, бұлармен түзу сөйлесе бастап: — Қолыңмен колхоздың жұмысын істеп, басыңды ұмытып кетпе, басыңмен оқу біл, білім ал, көзіңді аш дейді ғой, Самат. М.Әу. ~ "Жеп қойды ғой, жеп қойды" дегендей Құмархан Веттехниктен мүсіркеу дәметіп, құйқасын кекілімен жабулаған, бірақ онысы тайғанақтап қоныс таппады. Екеуі өмірі түзу сөйлесіп көрген жоқ–ты. Қ.Ысқ.

Posted in

ТҮБІН ТҮСІРДІ

Тындырып істеді, аяғына дейін жеткізе білді. * Сөйлесе — түбін түсіреді, он қолынан өнері төгіледі, күлсе — аузынан дүр шашылады. Ән шырқаса — сүйегіңді шымырлатады. Ж.Айм. ~ Тізе қабы салбыраған, саулы боз інгендей талтайған биеші сүтті жаңа құйып, қара сабаны ыңқылдата пісіп тұр. «Болыстың сабасы осылай пісіледі» дегізгендей құлашын кере-кере, түйіп-түйіп, түбін түсіре, күрсілдете піседі. Дабылдың дауысы көлдегі құстарды да ұшырады білем. Ж.Айм. * 1988 жылы Мағжан ақталды. Арыстар жарыққа шығып, зерттей бастадық. Жетекшілеріміз тақырып береді. Бірақ ешбірі Мағжанға жоламай қойды. Жай ғана мақтағанда түбін түсіреді. Бірақ жеме-жемге келгенде, ешқайсысы зерттеуге алмайды. Б.Қанарб. ~ Шәке, болсаңыз енді үйге қайтайық! — дейтін. Басқа артық сөз жоқ. Бар айтатын на—зы — Осы құрғырды көп ішіп кеттің ғой. Өліп қалсаң қайтесің! Күйеуіне сөйлемейтіні — сөз білмейтіндігінен емес, сыйлағаны, көргенділігі. Әйтпесе, орынды жерде сөздің түбін түсіреді. Т.Сәу.

Posted in

ТҮЙЕ БАС ҚЫЛДЫ (ЖАСАДЫ)

Бәрі жабылып, төмпештеді, әлім жеттік қылды. ~ Енді маңайлап көрші, түйе бас қып, үстіңдегі бар киіміңді шешіп алайық та, өзіңді далаға тырдай жалаңаш шығарайық! – деп үйден қуды да шықты. С.Мұқ. ~ Басым зар қақсап, алып барады. Жұрттың бәрі жабыла мені түйе бас қылып, жан- жағымнан үздіксіз тоқпақтап, миыма шеге қағып жатқандай зырқырайды. Н.Кел. ~ Әже, мына кісіні қара, сізді тентек, — дейді. — Тентек десе сендер де тентек болып түйе бас жасаңдар, — деді әжесі күліп. Басқа балалар Қазыбекке тап беріп еді, жаңағы қазан бас бала оларды қолдан бір сілкіп қалып, тоқтатты да: — Әже ау, онда өзіңіз ұрыспайсыз ба? — деді. Ә.Әб.