Posted in

ТҮЙЕ БАС ҚЫЛДЫ (ЖАСАДЫ)

Бәрі жабылып, төмпештеді, әлім жеттік қылды. ~ Енді маңайлап көрші, түйе бас қып, үстіңдегі бар киіміңді шешіп алайық та, өзіңді далаға тырдай жалаңаш шығарайық! – деп үйден қуды да шықты. С.Мұқ. ~ Басым зар қақсап, алып барады. Жұрттың бәрі жабыла мені түйе бас қылып, жан- жағымнан үздіксіз тоқпақтап, миыма шеге қағып жатқандай зырқырайды. Н.Кел. ~ Әже, мына кісіні қара, сізді тентек, — дейді. — Тентек десе сендер де тентек болып түйе бас жасаңдар, — деді әжесі күліп. Басқа балалар Қазыбекке тап беріп еді, жаңағы қазан бас бала оларды қолдан бір сілкіп қалып, тоқтатты да: — Әже ау, онда өзіңіз ұрыспайсыз ба? — деді. Ә.Әб.

Posted in

ТҮБІНЕ ЖЕТТІ

1.Құртып тынды; орға жықты; пәлеге ұрындырды. ~ Қараң батсын, иттен жаралған, жарты өтірігің мынау болса, бүтінің түбімізге жететін шығар? М.б.Т.~ Пәлтесін киіп, темекісін алып, оқты көзімен қатынына бір қарап: «Түбіме жеттің бе!?» деп шығып жүре берді. Ж. Айм. ~ Пәрмені күшті кіл мықтың Түбіне жеткен шындықтың. Р.Ниязб.~ Өзі де әдемі жігіт. Ән — күйді де сойып тұр. Қу арақ қой мұның түбіне жеткен! Т.Рыск. 2. Түгел тауысты, түк қалдырмады. ~ …осы ауылдың үлкендері үлгі ете сөйлейтін, оқудың түбіне жеткен Уақас Жалбағаевқа, оның қасындағы шашы қысқа қиылған бұйрабас қара келіншекке, алты-жеті жасар шамасындағы үйелмелі-сүйелмелі екі балаға армансыз қараған. М.Мағ. ~ Тақырыптың түбіне жетуді мақсат етіп қоятын сөйлеушілер сынды, ол да тыңдаушылардың шыдамын әбден тауысып бітті. О.Уайл.

Posted in

ТҮЙЕ БОЙЛАМАС

Биік өскен, қалың. ~ Бұрынғыдан да кішірейіп кеткен, жансыз салактаған құртакандай сәбиді қапсыра тістеген қалпы орғи жүгіріп, көз көрімге ұзады да, артына бұрылып, киғаштай бере аз бөгелді. Келер сәтте түйе бойламас калың қамыс ішіне кіріп жоқ болды. М.Мағ. * Сөзінің соңында: – Сен де бір ауылдың ағасысың. Маған ер Сәкеннің алдынан шығайық. «Келіншектің бетін кім ашса, сол ыстық қой», – деген. Ертеңіне екеуі Шудың түйе бойламас ну қамысының бір кілтеңінен өтіп, Тастыға қарай жол тартты. Т.Әлімқ. * — Мен не таптым? Түйе бойламас ұймаға түскен адамдаймын. Өмірдің бар қызығын алам деп ұлқынып, жанұшырып едім, батып кеттім. Айырылғаным ба? М.Сүн.

Posted in

ТҮБІНЕ СУ ҚҰЙДЫ

Құртты, бітіріп тынды. * Табанының бүрі жоқ берекесіз қызталақ, сөйтіп, азын-аулақ ьақдәулеттің басына су құйып бітірген. О.Сәрс.

Posted in

ТҮЙЕ КЕКІРІК

Шектен тыс тойғанда, тамақтың дұрыс қорытылмауы себепті еріксіз шығатын жағымсыз дыбыс. .~ Жиылған көп күшіген әрбір тұстан, Қалмастан қарға құзғын түгел ұшқан. Тояттап қазы, қарта, түйе кекірік, Қып-қызыл билер жатыр қымыз құсқан. І.Жан. ~ Ертең айналып келіп, кім білсін, дәл сол ормаңдай мол орыстан көмек сұрардай болсаң, түйе кекірік қылығың алдыңнан шығар бетперде бол мас па?" С.Смат.

Posted in

ТҮБІТ ИЕК

Бозбала, жас жігіт. * Бұл кезде Бейімбеттің өзі әлі түбітиек бала емес пе? Б.Майл. * Дүзейін, Аюын, Қарабасын, Қошқарын, Қалқаманын былай қойғанда, түбіт иек Жәнібектің даңқының өзі-ақ қазір үш арыстың құлағын шулатып бітті. Ә.Кек. * Әлі жас, отыздан асқан, түбіт иек бозбала десе де. Осы таяу арада «Заслуженный артист» деген атаққа да тырнақ іліндірген-ді. Ш.Құм. * Тоқсан үйлі Тоқпайыңнан (қазірде екі жүз елу үйлі бөлімше) менің есімде қалған түбіт иектердің ішінде оқу іздеп аттанғандардың тұңғышы да Айдархан болатын. Қ.Ысқ. * Түбіт иек бала сұлтан қайдағы-жайдағынын бәрін сары майдан қыл суырғандай жүйелеп ойлап келе жатқан сара көңіліне кенеттен киліккен әлгі бір әдемі елеске арбалып мүдіріп қалады. Ә.Кек. * Бұл тартынған, мұрты тебіндеген, түбіт иек бозбала болсайшы, желпініп жетіп баратын. Ш.Құм.

Posted in

ТҮБІТ МҰРТ

Мұрты жаңа тебіндей бастаған жас жігіт. ~ Боз топырақты борп-борп басқан түбіт мұртың ауылды бетке алды. «Тізе деген не тәйірі, бас аман болсын» деп өзіме-өзім дем бердім. Қ.Жиен. ~ Үлбір жүзіне қарақат жанары, бүлдірген еріні, жайбарақат аңтарылған кірпіктері шақтап тартылған. Ауыл-үйдің түбіт мұрттарына қырдан қашқан түлкідей болды Гүлмира. С.Сағ.~ Сыртқы есіктің тиегі жабық болатын, бұл кім? Ойлануға да мұрша келмеді, үйге Халел кірді. Түсі суық. Жаңа тебіндей бастаған сары түбіт мұрт селдірей қалған. С.Жүн.

Posted in

ТУМА ТАЛАНТ

Шынайы, табиғи дарын; саф өнер иесі. * Осы қысқа ғана мысалдардың өзі Төлегеннің тума талант, сезімтал ақын, ойшыл азамат екенін танытып тұр. К.Салық.

Posted in

ТУРАСЫНА КӨШТІ

Ойын жасырмай, мәймөңкеңлемей, тыңдаушысының бет-жүзіне қарамай ашықтан-ашық айтты. ~ Бұрынғы «Әзекесі» жоқ. «Әзберген» деп турасына көшіпті: «Әзберген, балаңды осы аптаның аяғына дейін жеткізбесең, өзім барып алып қайтамын. Мені босқа қи нама… Пәтер жағына қиналсаң, бала біздің үйде тұрсын…» Д.Әш. ~ Турасына көшейік, бес биенің сабасындай балпаң-балпаң басқан Бальзак жазғанды, Бальзак тудырған әдеби құбылысты біздің балпаңдар жаза алды ма? Жаза алмаса неге жаза алмай жүр? Бальзак әдебиетінде бетбұрыс жасап, түреннен жол салды, біз сала алмадық, неге? Ж.Аязб. ~ Немене, сені оқытпай тұсап қояр деп пе ең ол? — Көке, жоқ мен… Сізге айтайын деп… Мен үйленбеймін, — дедім әзер дегенде турасына көшіп. Н.Сер.

Posted in

ТУМАҒАННЫҢ ТЫНЫСЫ БӨЛЕК

Туған баласы болмағасын, жаны ашымайды д.м. ~ Бүйте берсе мойыны ырғайдай, биті торғайдай болмай ма, байғұс баланың. Тумағанның тынысы бөлек деген осы да. Өзегін жарып шыққан өз баласы болмағасын жандары аши ма, бұлардың, — деп бұркылдады Қарлығаш.. С.Дос.