Одан келер пайда жоқ, болғанынан болмағаны жақсы д.м. ~ Мұның өмірі сияқты өмірдің, екі бөлмелі үйдің де барынан жоғы артық екені, одан да деревнядан үй сатып алып… В.Шук. ~ … ағайын-туған сірә да жоқ; рас, әкесінің немере інісі – Сары Шая… Бірақ ол қырттың барынан жоғы… Ә.Нұрп. ~ Бірде Байбөрінің жары Аналық жылап отырып: – «өзіңнен тумай, ұл болмас» деген. Мұндай баланың барынан жоғы игі. «Алпамыс б.»
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БАРЫН САЛДЫ
Аянбады, жанталасты, қолынан келгеннің бәрін істеді. ~ Түлкі де барын салды, әйткенмен атын сабалап, айғайға басып келе жатқан кісі алдын орай берді. М.Мағ. ~ Бірақ қайсар әйел мойыған жоқ. Сүйікті қызы Аянаны жеткізу үшін барын салды. Бертін келе кәсіпкерлікке ден қойып, өзіне шағын дүкен ашып алды. Ғ.Қож. ~ Жол ұзақ, үш күндік жол. Соның бүгін соңғы күні. Соған əлгі бала «барын салды» дейді. О немене ол — «барын салды» деген? Демек, жік-жапар боп, тыпыршып, асығып жүрген болды ғой шамасы. З.Қаб.
БАРЫН КИІП, БАҚАНЫН ТАЯНДЫ
Бар жақсысын үстіне ілді. ~ Ел асыға күткен уағдалы күн де келіп жетті. Нұрғалидың үйіне барын киіп, бақанын таянған ел шонжарларынан қырықтай адам жиналды. Ж.Шәк. ~ Жандарына қанша батып, қабырғалары қанша қайысқан күнде де кетем деген келінді кетірмей ұстап отыру да дұрыс болмас еді. “Жас адамды обалды етпейік” десті де, күңіренісін ішке, күлкісін сырттарына жиып той жасады. Ықылас-баталарын беріп, барын кигізіп, бақанын таяндырып жолға салды. Жолға салу емес, ат мінгізіп, еншісін беріп, ұзатып салды. Ғ.Біл.
БАРЫН КИІП, БАҚАНЫН ҚОЛЫНА АЛЫП
Барынша сәнденіп, қамданып д.м. ~ Расында да Қамбардың құқайынан сескенген шығар, барын киіп, бақанын қолына алып дегендей, бұлар да қаздай тізіліп келіп қалды әне. О.Бөк. ~ Есік алдына бірнеше қатар қойылған, ұзын арқалықты орындықта, барын киіп, бақанын қолына алған бір топ қыз-келіншек, жігіт-желең отыр. Т.Рыс. ~ Кейбірі шешінбестен отырған жеріне қисая салатынын да көріп еді. «Апырмай, – деп күбірледі. – Қалада ғой осындай қыздар барын киіп, бақанын қолына алып дегендей, ауыздарында темекі, алдарында кофе, коньяк ішіп ерігіп отыр». О.Бөк. ~ Әсіресе, рельс төсеушілер барын киіп, бақанын қолға алып шығып еді, бет қаратпай қар бүркіп сабалағанда жандарын қоярға жер таппай баспаналарына қайта қашып тығылған. О.Бөк.
БАРЫН КИІП, БАЙЛАУЫШЫН САЙЛАП
Қолынан келгенше сәнденіп, бар тәуірін үстіне киіп д.м. ~ Толыққан денесін одан да семіз көрсеткісі келгендей, киімді де қазақша және мол піштіріп, «барын киіп, байлауышын салып» дегендей… бір жаққа шыға қалса, тәуір киімдерін бойына түгел артып, қобырайып кететін. С.Мұқ.
БАРЫН КИІП (АЛЫП), АРТЫҒЫН БӨКТЕРДІ
Бар жақсысын үстіне іліп, басқасын алдына салып үйденшықты (кетті). ~ Күн сәскеге көтеріле барын киіп, артығын бөктеріп дегендей, Қызбалтай көшеге тоты құстай таранып шықты. Н.Дәут. ~ Ұзын-сөздің ырғасы, мына әңгімеден кейін келіншек барын алып, артығын бөктеріп, төркініне кетіп қалады. Н.Дәут.
БАРЫН КИГІЗІП, БАҚАНЫН ТАЯНДЫРДЫ
Қолдан келгенінше қолдау көрсетті. ~ Жандарына қанша батып, қабырғалары қанша қайысқан күнде де кетем деген келінді кетірмей ұстап отыру да дұрыс болмас еді. “Жас адамды обалды етпейік” десті де, күңіренісін ішке, күлкісін сырттарына жиып той жасады. Ықылас-баталарын беріп, барын кигізіп, бақанын таяндырып жолға салды. Жолға салу емес, ат мінгізіп, еншісін беріп, ұзатып салды. Ғ.Біл.
БАРЫН ЖОҒЫНА ЖАМАДЫ
Неше түрлі қитұрқылыққа барып, күнін көрді д.м. ~ Бай қатындарының некелі байларымен қатар, жасырын байлары, ойнастары болады. Оның көбі әлгі бойдақ кедейден шығады. Сөйтіп, дүние шіркіннің өзі барын жоғына жамап, тесігін толтырып келе жатқан жоқ па? І.Жанс.
БАРЫН АУЗЫНА ТОСТЫ
Қолынан келгенше қонақжайлық танытты, үйдегі бар асты аямады, алдына қойды. ~ Обалы кәні, міне айдан асты, досының жан шатырашы өз үйі, өлең төсегіндей болып төрін босатқан жоқ, барын аузына тосты. О.Бөк. ~ Эммасы да алғыр екен, біз де онымен түсінісіп кеттік. Жалғыз тіл қатпайтын – Эльза. Оның тілі – тілсіз ыңырсу. Сүтте бердік, қаймақта бердік, барымызды аузына тостық, бірақ… Ш.Мұр.
БАРЫН АСЫРЫП, ЖОҒЫН ЖАСЫРДЫ
Шаңырақтың жоғын бар етіп, ұқсата білген, құт-береке әкелген әйел туралы. ~ Үлде мен бүлдеге орамай-ақ қой, бұл пәниден сыйласып, жаман-жақсыны бірге көтерейік деп едім; талай қиыншылықты көрсем де білдірмей, бір дүниеңді екеу етіп, барыңды асырып, жоғыңды жасырып, отбасының берекесін бұзғам жоқ. О.Бөк.
