Кір келтірді; сөзге, ұятқа қалдырды. ~ Ол маған пәле болып жабысты. Өзі кеткенімен қоймай, басқа малшыларымның…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АУЖАЙ ТҮЙІСТІ
Кеңесті, ақылдасты, пікір алысты. ~ Сол күнi Абай, екi жақтан үш-үштен, алты ғана кiсi шақырып алды.…
АТЫНАН (АЙБАТЫНАН) АТ ҮРКЕДІ
Жер жарған атының өзі, айбар-атағы адам сескентеді. ~ Өйткені әр адам жеке бір әлем. Бұл қағиданы…
АУЖАЙЫН БАҚТЫ (БАЙҚАДЫ)
Аңысын аңдады, көңіл-күйін барлады. ~ Басқа біреудің жанына терең бойлап, сезіміне зер салуға машықтанған Сейілбек бұл…
АТЫНАН ЖҰРТ ҮРКЕДІ
Cұсты, қаһарлы адам туралы. ~ — Әй, қыз! Байыңнан айрылсаң оны менен көрме! Сол үйге барғаннан…
АУЖАЛ АЛДЫ
Қанағат тұтты, қорек қылды. ~ Менің балам тірі болғанда соның тіршілігінен аужал алып телміріп отырушы еді.…
АТЫНЫҢ БАСЫ ӨЗІНЕ ТИДІ
Өз дүниесіне өзі билік ету мүмкіндігіне ие болды. ~ Айналайын, қазағым- ай! Атыңның басы өзіңе тигенде…
АТЫНЫҢ БАСЫН ТАРТТЫ
Сақтанды, батылы бармады, кері қайтты. ~ Майра шетінеген соң, үйге келсе үнсіз тоңырайып, Ақтотыға да сараң…
АТЫНЫҢ САУЫРЫН АҚ КӨБІККЕ БЫЛҒАДЫ
Әбден шаршатып, терге малындырды. ~ Хан сөйтіп өз ойымен өзі пұшайман болып жүрген-ді. Бір күні сары…
АУА ЖАЙЫЛДЫ
Тоқтау көрмей, беталды кетті. ~ Бұрынғы бейбастақтық жоқ па? Мелитсе құрық әкетпей пе? — Жоқ. Заңға…
