Асқан жылдамдықпен зулады, зымырады. ~Атқан оқтай ағып келе жатқан аруана аздан соң зу–зу еткен ауа дыбысының…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АТАСЫНЫҢ ҚҰНЫ ҚАЛҒАНДАЙ
Өші кеткендей. ~ Сайды бойлай біткен сары ала бас жоңышқада атасының құны қалғандай үздіге орып келе…
АТАУЫҢДЫ ІШ
Өле қал д.м. қарғыс. ~ Досан қарт кенет қайратына мінгендей даусы қатқыл шығып: — Атауыңды іш,…
АТҚА ЖЕҢІЛ ҚҰБАША
Жұмсауға ыңғайлы, елгезек, елпілдек адам туралы. ~ Л ә з з ат. Қабарыңды тек сыртыңнан естіп…
АТҚА ЖЕҢІЛ ТЕЛПЕКБАЙ
Тіл алғыш, елпек. ~ Күн кешкіріп бара жатқан соң, қойшы мен түйеші әңгімеде жүріп атқа жеңіл…
АТҚА ЖЕҢІЛ, ТАЙҒА ШАҚ
Анда-мұнда жұмсағанға оңтайлы, елгезек бала. ~ Әрине, мүлде шектен шықпау керек. Ал, мұның содан шығып кеткен…
АТҚА ҚОНДЫ
1.Жолға шықты; жорыққа аттанды. ~ Соны айтысып тұрғанда ішінде манағы қара мұрт жігіт бар, үш атты…
АТҚА МІНГЕНДЕЙ АРҚАЛАНДЫ
Шабыттанды; рухтанды, мәз болды. ~ Ақерке де қанша тосқауыл болам дегенмен, әншінің аузына қақпақ бола алмасын…
АТАР ТАҢДАЙ АҒАРАҢДАДЫ (АҒАРЫҢҚЫ)
Бет-жүзі ақшыл тартты. ~ … қолмен құйғандай ықшам, тығыз дене бітіміне атар таңдай ағараңдаған ақ дидары…
АТАН СИРАҚ
Аяғы сидиған, ұзын. ~ … төбесі көптен жоғары қылтыңдай көрініп, «атан сирақ, ұзын кісі-ау»,— дегізіп таңдандырғанмен…
