Негізгі, түпкі мән-мағынасы бейнелі түрде жасырын берілген ой, сөз, мәтін. ~ «Қалың елім қазағым, қайран жұртым»…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АСТАРЫ БАР, ТЫСЫ ЖОҚ (АСТАРЫ ЖОҚ, ТЫСЫ БАР)
Өзін тым жоғары бағалайтын, бірақ қолынан дәнеме келмейтін адам туралы. ~ Өзі осалдың сені басар пысы…
АСТАРЫН АШЫП, ӘДІБІН СӨКТІ
Бір нәрсенің сырына терең үңілді. ~ Ал, әкелік парызымның бәрінен кұтылдым деп айта алмаймын, – деді…
АСТАУЫНАН ЖЕРІГЕН ЖЫЛҚЫДАЙ
Ниеті бұзылған, көңілі бөтенге ауған д.м. ~ Астауынан жеріген жылқыдай әйеліңнің астанадан кейін неге бұлайша некелі…
АСПАННАН ТҮСКЕНДЕЙ
1. Түк көрмегендей; ештеңе білмегендей, сезбегендей. ~ Бірінші рет бала боп ойнағысы келіп далаға шыққан. Тәмпіш…
АСТЫН ҮСТІНЕ (АСТЫ-ҮСТІНЕ) ШЫҒАРДЫ (КЕЛТІРДІ, АЙНАЛДЫРДЫ))
Талқанын шығарды, ойран-топан қылды, бей-берекет етті. ~ Абай үйінде осы күн түнде қатты тінту болды. Бес…
АСПАНДАҒЫ КӨКҚҰТАННАН ҚОЛЫҢДАҒЫ ҚҰЗҒЫН АРТЫҚ
Қолда барға қанағат қылу керек д.м. ~ Даланың қай аң-құсын қуып жүрмекші, талайына жазса, қашып-пысып күн…
АСПАНДАҒЫ ҚАЗДЫҢ СОРПАСЫНА САУДАЛАСТЫ
Қолында жоқ, болуы да екіталай нәрсені саудаға салды. ~ Үстеуіне бір қыздың қалыңын бересің онда. —…
АСПАНДЫ АЛАҚАНДАЙ, ЖЕРДІ ТЕБІНГІДЕЙ (ТУЛАҚТАЙ) ЕТТІ
Қыспаққа алып, жанын көзіне көрсетті; апшысын қуырды. ~ Кешегі Сталин-Голощекиндік заман аспанды алақандай, жерді тебінгідей еткен…
АСПАНДЫ БҰЛТ ТОРЛАДЫ
1. Ауа-райы бұзылды. ~ Әуелі аспанды бұлт торлады. Үнемі үңірейіп, аптаптан қуаң тартып, міз бақпай сұстанып…
