Арманы орындалғандай (болды). ~ Жазған хатыңызды алып, өте шаттанып, төбем көкке, қолым аспанға жеткендей болып отырмын.…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АСПАННАН ЖАЙ (ЖАЙДЫҢ ОҒЫ) ТҮСКЕНДЕЙ
Естен айырардай әсер еткен оқиға туралы. ~ Ашық күнде, аспаннан жай түскендей, Ащы даусым шығады –…
АСПАНҒА ШЫҒАРДЫ
Атағын шығарды, даңқын гүрілдетті. ~ Қасым қарағым, үлкен абыроймен келіпсің. Ең мықтының өзіне жолығыпсың. «Қыстауың түзелмей…
АСПАННАН ҚАРАДЫ
Паңсыды; кеудесін көтерді, менсінбеді. ~ … жұрттың бәріне аспаннан қарайтындай, сіздің сонша қиратып істеп тастаған қандай…
АСПАНДАҒЫ АЙҒА ҚОЛ (ҚҰЛАШ) СОЗДЫ
Әлі жетпейтін іске талпынды, тыраштанды. ~ Ендi “шiркiн, бiр совхоздың агрономы болсам арманым болмас едi” дейтiн…
АСПАННАН ҚЫЛАУ ТҮСПЕЙ ТҰР
Жауын-шашын жоқ. ~ Қыс келгенмен, бұл жаққа әлі аспаннан қылау түспей тұр. О.Сәр.
АСПАНДАҒЫ АЙДЫ АЛАҚАНЫНА ҚОНДЫРДЫ
Бақытқа кенеліп, көрікті қызға үйленді. ~ Баста терім төгіліп, үлесім алынбаған төре қорасында кеткен еңбегімді Қасқырбайдың…
АСПАННАН САЛБЫРАП ТҮСКЕН ЖОҚ
Құдай емес, қарапайым адам д.м. ~ Жітікке саяқ бір қуды, бұзықты ол ұстаса, бұ қаланың ішінде…
АСПАНДАҒЫ КӨКҚҰТАННАН ДА ҚОЛЫҢДАҒЫ ҚҰЗҒЫН АРТЫҚ
АСПАНДАҒЫ КӨКҚҰТАННАН ДА ҚОЛЫҢДАҒЫ ҚҰЗҒЫН АРТЫҚ Мәтел. ~ Даланың қай аң-құсын қуып жүрмекші, талайына жазса, қашып-пысып…
АСПАНДАҒЫ КӨКҚҰТАННАН ҚОЛЫҢДАҒЫ ҚҰЗҒЫН АРТЫҚ
Қолда барға қанағат қылу керек д.м. ~ Даланың қай аң-құсын қуып жүрмекші, талайына жазса, қашып-пысып күн…
