Жан-дәрмен болды, жанталасты. ~ Торшолақ аянды азайтуға айналды. Мына қыбырмен жуырда анау бес қараға жете алмасын сезді. Қарғалап, зарлап, боқтап, кейіп, ақтық күшін жиып, қос тепекке салып тыпырлап көріп еді, Торшолақтан қайран болмады. Ж.Айм.~ Енді бір кезде жүрегі өрекпіген бүркіт шаңқ етіп, ақтық күшін жиып алды. Қос қанаты шатыр-шұтыр етіп, ауаны дар айырып, темен қарай тас қияға тура құлдилады. С.Жүн. ~ Қатты қысылып шын ышқынған арлан жан дәрменде жалт бұрылып, ақтық күшін салып, жақын арадағы тоғайға төтелей тартты. С.Жүн.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АҚТАН СОПЫ
~ Әсіресе күн ұзын ақтан сопысынып, адам ақысынан сескеніп шегіншектеп келе жатқан Әбіш шұрқырап жатқан қалың жылқыға келген соң теретін жеміске жеткен адамдай барлығын да ұмытып, жер жағдайын байқап, оңтайлы жерді Сатанға сыбырлай бастады. І.Жан. ~ — Керімбек мырза! Сіз ақтан сопы кісі бола — ақ қойыңыз! Ал ініңіз бұл істі әркімнен өз өшін алу үшін істеп отыр — ақ дейік… Бірақ тақ осының өзіне сыртынан қарағанда да оның дертімен сіздің кінәратыңыз айна қатесіз кіндіктес болып отырған жоқ па? Т.Рыс.
АҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ
Соңғы сапарға аттандырды, құрметпен жерледі. ~ Осындағы біздер өлген жігіттің өзі түгіл аты– жөнін де білмейміз ғой. Бірақ, бұлардың өз арасында беделі ғаламат деседі. Москвадан, Кавказдан, Орта Азиядан қаншама адам келді. Бәрі осы жігітке ақтық қызмет көрсету үшін келді. С.См.
АҚТАН ТИГІЗДІ
Тапқыр сөйлеп, тауып айтты; шындықты батырып айтып салды.
* Тыпаңның сөзі недәуір әсерлі болғаны ғой, Балташ жүген көрген бас асау жылқыша басын жұлқып тастап, қабағын түйіп, сөз сұрап, оршып отыра алмады. Доға «Ақтан тигіздің, жарайсың сабазым!» деген кісіше, масайрап, қыли көзін ашып жұма берді. Ж.А
АҚТЫҚ САҒАТЫ
Жан тәсілім сәт. ~ Гранаталарымыз таусылуға таянған. Петрдің бір күнгі лақтыруынан қалғаны санауға тұрар емес… Бұл жөнінде үнсіз келісіп, ақтық сағатқа сақтайтынымызды іштей түсіністік те, граната жайын ауызға да алған жоқпыз… Ғ.Мүс. ~ Қазір төсек тартып, ақтық сағатын күткен өз әкесі ғана емес, ел– ана, халық– әке қоса ауырып, қатар қиналып жатқандай. Бірақ қолдан келер не бар? Қ.Жұм.
АҚТАН ТИГІЗІП СӨЙЛЕДІ
Тауып, дәп басып, турасын айтты. ~ Қазақ баласы бұлдыратып, түссіз қылып сөйлейді: ақтан тигізіп, тапбасар сөйлейтін адам кем болады; көбінесе құба жондатып, тайғалақтатып, бетім қырпып, жалпы сарынға салып отырғаны. Ж.Айм.
АҚТЫҚ САЛДЫ
Өлім-жітімге байланысты салт-ғұрыптардың бірі. ~ Адамы қайтыс болған үйге бата оқырға барғанда апарылған малдың, жылқының ноқтасына, түйенің бұйдасына ақ шүберек байлайды. Осы шүберек «ақтық» деп аталады. Батақұрға барғанда саба апарса, саба піспегіне байланған бір тілім ақ шүберек «ақтық» болып аталады. Азалы үйге апарылған мал, ақша, басқа да нәрселер «ақтық салу» делінеді. Ж.Баб. ~ «Ақтық салу» әркімнің әліне қарай болары анық. Атағы, даңқы, аты, абыройы бар, ел азаматы дүние салғанда оны жерлеуге аталастары, руластары, елі, жұрты тіпті хабар естіген қаймана қазақтар да қатынасады. Егер топырақ салуға бара алмаса, кейін бір орайын тауып көңіл айту, Құран оқу, ақтық салу борышы қалайда өтелуі шарт. «Ақтық салуға» туыстар, құда-жекжаттар, аталастар, руластар, қайтыс болған басшының қоластына қарасты адамдар қатынасады. Ж.Баб.
АҚТАН ТІЛЕДІ
Құдайдан тіледі. ~ Ашудан қайтып тұрмын. Ақтан тілеп ала алмай жүрген жан екенсіңдер. Мә, жет мұратыңа! (Мылтығын Шоқпарбайға ұсынады.) Ғ.Мұст. ~ Жаңа білдім өкініп, Біліп тұрмын өкіріп. Ақырын Ақтан тілейік, Кетерміз бе екен жетіліп?! БС. «Болат, Жанат». ~ Жарандар, Ақтан тілеп Алла деңіз, Алланың құдіреті көп ұшан-теңіз. Біз барып сахараға тез келеміз, Келгенше мүсәпірді жібермеңіз. БС. «Сейпілмәлік».
АҚТАУДЫ АЙЫРЫП, ҚАРАТАУДЫ ҚАЙЫРЫП
Ойына келгенін істеді; ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болды. ~ Ақтауды айырып, қаратауды қайырып тұрған профессордың еншіге берген тайлақтай мынаны әй-шайы жоқ бұған жетелете салғаны қалай, ғалым қылам десе де, залым қылам десе де өз қолында емес пе?» Т.Сәу.
АҚТОҚЫМ ҚАР
Жерді жауып үлгермеген, жаңа түскен қар. ~ Шыңдары асқақ, аршын төс таулардың ақ басы күнге шағылысып тұрғанмен, етектегі шомбал шоқы, жақпар жартастар желтоқсанның кеше жауған ақтоқым қарын енді ғана жамылған. Б.Тоғ.
