АҚ САЙТАН

Азғырушы, желік беруші, ақ жолдан тайдырушы әзәзәіл күш, арқа. ~ Көз жасаурап, жұдырық түйілді. Бірақ майдан ашпас бұрын достықтың бұзылуының, қазіргі тілмен сөйлесек, ресми жағын алдымен бірыңғайға келтіріп алу үшін желкеме мініп, желіктіріп тұрған ақ сайтанымнан сәттік мұрсатана сұрап, сабыр шақырдым. К.Сег. ~ Абзал мынау көріністен дір етті. Сонау бір бұла сезімнің ұшқындары бұлқып-бұлқып қалғандай болды. Әлдебір жақтан ақ сайтан атып шығып, айтақтап тұр. К.Қаз. ~ Кейде тіпті көзін сүзіп, қағаберісте өздері сүйкенетінді шығарды кейбір өжет, құшағы күйіп-жанып өрекпіген ақ сайтандар. Т.Сәу.

АҚ ОТАУ

1. Жаңа үйленгендерге арнайы тігілген ақ киізден жасалған әдемі үй. ~ Сол қатардың ортасында кеседей төңкерілген ақшаңқан үлкен ақ боз үй тұр. Ол — Пахраддиннің өз үйі, оң жағындағы ақ отау — Хансұлуға арнап тіккен, кыста Бесқаладан әкелген жаңа отау. С.Ел. ~ Өз жайлауына қонып, өзінің ақ отауын тіккен сенде де арман жоқ, Айша. Мына біз, мына мен не көрдім, атасына нәлет! Ш.Мұр.
2. Отбасы. ~ Бұдан он шақты күн бұрын алты қанат ақ отаудың жанында емен тұғырлы, күміс балақ баулы бүркіт отыр еді. Ж.Айм.
~ Сүйінші бер дегендей бір толықсып, Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға. Тына қалып бұлбұл да жаға-талда, Қарайтұғын айдынға, ақ отауға. М.Мақ.
3. Құтты орта, ұя. ~ Олардың мектебі – қара өлең, өнеге шашушылары Ақыт, Абай, өнер өрісі – шығыстың шайырлары мен батыстың жаңашылдары болды. Сөйтіп шетелде қазақ поэзиясының өзіндік тынысы бар қазақы ақ отауы бой көтерген еді. Ж.Шәк.

АҚ САЙТАНЫ БАР

Біреудің ойын, жасырын сырын біліп қоятын, дертін айтатын көрегендігі бар. ~ Япырмай, шынымен бастықтың ақсайтаны бар ма?— деді Әлтай арада екі-үш күн өткен соң жолдастарына қарап.— Тіпті істің жайын сөйлесе алмайтын болдық қой. Киноға барғанымызға дейін біліп отырады. Б.Қыд. ~ «Адай Сүйіндіктің қызының сынық пен мертікке ақ сайтаны бар. Қолын тигізбей бір қарағанының өзінде шамалы мертік орнына түсіп шыға келеді», − деп шуласты атырап. Ә.Кек. ~ Қайдан «естиім», кімнен «естиім?» Менің құлағыма келіп сы-бырлап кететін ақ сайтаным бар деп жүрмісіңдер?! Қ.Мұх.

АҚ ӨЛІМ

Жасы келгенде, өз ажалымен қайтыс болу. ~ Мен ақ өлімді ерлікпен тосып алуға бекіндім. М.Мағ. ~ Бірақ, Хақ Тағаланың ақ өлімі келмеген соң, ат атандырып, сүйек сындырып, қарадай пышаққа түсе алмайсың. Тосасың. Ғ.Біл.

АҚ САЙТАНЫ ИЕКТЕДІ (ҰСТАДЫ, ЖЕЛІКТІРДІ, АЙТТЫ)

Желік берді, қоздырды. ~ Күнделікті қызметте зәредей де жасандылыққа, жалғандыққа төзбейді. Ондайды сезсе болды, ақ
сайтаны ұстап, түбірінен қиып түспей тынбайды. К.Қаз.~ Менің нағашы шешемнің «көріп келі» бар, айтқаны– айтқандай
келетін әулие адам екен. Мен де құр жаяу емеспін. Сол кісінің ақ сайтаны иектеп жүр… – қара қыз өз– өзінен сықылықтап,
ұзақ күлді. Т.Рыск. ~ Көз жасаурап, жұдырық түйілді. Бірақ майдан ашпас бұрын достықтың бұзылуының, қазіргі тілмен
сөйлесек, ресми жағын алдымен бірыңғайға келтіріп алу үшін желкеме мініп, желіктіріп тұрған ақ сайтанымнан сәттік
мұрсатана сұрап, сабыр шақырдым. К.Сег. ~ Маған сенбегенің бе, қарағым? Сенбесең үйіме қайтайын. Бірақ, Жөкен, Шағыр
керек болса менен айрылма. Ұстап бере алмасам, міне бас, кесіп таста. Ақ сайтаным айтып тұр, неге жасырасың? Алдаған
жерім бар ма еді? Ғ.Мұст.

АҚ ПАТША

Орыс патшасы. ~ Бұлардың үғымынша мен ниеті харам ақ патшадан жапа шеккен, өздерін күнде жауламаса да, тықсырып, жаныштап отырған, әбден қандарын қарайтқан басқыншы жұртқа жақпай, бұғауға түскен бүлікшілмін, яғни жауыңның жауы — сенің досың. М.Мағ.

АҚ САЙТАНЫ ҰСТАДЫ

Ашу шақырды. ~ Есің дұрыс па, ханымы нес? Бұл қай сасқаның! – деп әузір жекініп қаһарына мінді. Жоқ жерден ақ сайтаны ұстап көпке дейін өз-өзіне келе алмай әлекке түсті. Риз. Ысқ. ~ Күнделікті қызметте зәредей де жасандылыққа, жалғандыққа төзбейді. Ондайды сезсе болды, ақ сайтаны ұстап, түбірінен қиып түспей тынбайды. К.Қаз.

АҚ ПЕЙІЛ

Адал ниет, шынайы көңіл. ~ Бір күні қолға түсіп, өліп кетсең, Құныңа тұрар ма, сол жеген тауық? Түлкі айтты төмен қарап, пақырсынып, Ақ пейіл сопыларша көңілі сынық. А.Байт. ~ Ол әншейін айтыла салған сөз емес, атаның, ананың ақ пейілінен, мейірбан жүрегінен айтылған сөз. Оны елемей кетер ойдан да аулақпын. С.Бег. ~ – Дәл осы сөзді айтпасаң сен Құрдас боларсың ба?! Бәрекелді, ақ жейде, ақ пейіл досым-ай! Алдымен аюды атайық, сонан соң шөлмекке құйып, өтін әкелейік. К.Сег. ~ Қызың құтты қашаннан, Ұлың мықты! Табиғаттың өзі де тіліңді ұқты. Адамзаттың ақ пейіл тілегіндей, Адал сақтап келесің сұлулықты. С.Тұрғ. ~ Қолында мылтық тұрып қашқан адамды ең болмаса қорқытып аспанға оқ шығармаған ақ пейілдер. К.Жүн.

АҚ ПЕН ҚАРА

Ақиқат пен өтірік; жақсылық пен жамандық. ~ Ақ пен қарасы алмасып, аунақшып жататын алаң көңіл мынау дүниеде ақшадан да ардақты нәрселер бар ғой. Өнер тілімен адамдарға осыны аңғартқым келеді – дейді. З.Шад.

АҚ МЫЛТЫҚ

Ерекше суық, боранды, қақаған аязды қыс. ~ Ақпан айының «ақ мылтығы» фашистердің оғындай қаңғыбас, қағынды болатын. «Ақ мылтық» әсіресе қырық үшінші жылдың қысында құтырып кетті. Ш.Мұр. ~ Көп ұзамай ақ мылтық қыс келді. Кақаған мұз сауытқа оранды. АҚ. «Сексеуіл». ~ Таңертең кеткеннен түс әлетінде үйге әрең жеттім. Түс екенін, әлде кеш екенін ажыратып болмас, арсылдаған ақ мылтық. Ш.Мұр.