АҚ ЖОРҒА

1.Жаяу бұрқасын, қарлы жел. ~ Қазақтың ежелгі ата мекен қонысы Жетісу мен Сырдария бойындағы сан қаласын, сар даласын Жоңғар басып алған, бейбіт қазақ елі босып көшкен атақты «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламаның» аяғы ақ түтек боран, ақ жорға борасын, сары аяз, қызыл шұнақ үскірік қысқа ұласты. ~ Ақшоқының құйқалы адырларының қой жататын қойнауларында әзір малды ықтыратын ақ боран бола қойған жоқ. Бірақ «ақ жорға» дейтін жаяу борасын жүрмейтін күні жоқ. М.Әу.
2. Түсі ақ жорға ат. ~ Өтіп бара жатқан бес қыздың тап ортасында, жібек жал ақ жорға атқа мінген Тоғжан екен. Көктемнен соң көргені осы. М.Әу. ~ Бассыз-баусыз кеткен «тағы» халықтың «сотқар-сотанағы» үкімет қызметкерін сабаған бейбастақтығы үшін қатаң жазаланып, «тескентау», «итжеккен» айдалып кетуі мүмкін бола тұрса да, халық қарсылығынан жасқанған ұлықтар Шаскебайдың ақ жорғасына Бастаубайдың сары жорғасын айырбастап мінгізу жо

АҚ ЖУДЫ

Өлген адамның денесін арулап, жуып, қара жердің қойнына беруге дайындау ғұрпы. ~ Ақ жуып, жаназасын шығарып, арулап, әспеттеп, анасы — қара жердің қойнына тапсырдым. М.Мағ. ~ Өлу оңай емес, өлгенді ақ жуып, арулап аттандыру да бірталай шаруа… Ә.Нұрш.

АҚ ЖҰЛЫҚ

Күнге, суға желініп, әбден тозған бұйым. ~ Орам ішінің майсақ топырағын бұрқылдата, тапыраңдай аттайды, бұл оның шаң тұтқан балағына, ақ жұлық бәтеңкесіне жыли, мүсіркей қарады. Ж.Нәж.

АҚ ЖҰМЫРТҚА, САРЫ УЫЗ

1. Нәресте, сәби бала. ~ Ақ жұмыртқа, сары уыз, Әлпештеп қолда есірген, Туған ұлдан не пайда: Қолына найза алмаса, Атаның жолын қумаса! М.Өтем. ~ Күні бүгінге дейін «қазақтар „ақ жұмыртқа, сары уыз“ қыздарын қалың малға бола қаусаған шалға сатқан» деген санамызға сіңген сыңаржақ түсініктен толық арылғанымыз жоқ. Ж.Жақ.~ Ана сорлы жатырында ақ жұмыртқа, сары уызды тоғыз ай, тоғыз күн шайқап, толғақ азабын шегіп, тек ата-ана ғана емес, ағайын-тума, ауыл-аймақ жарық дүниеге тағы бір адам келді деп ел-жұрт боп қуануда қажет бар ма еді? Ә.Нұрп.
2. Бейкүнә. ~ Тәңірберген осы сөзді шыт–шыт боп кезерген
ерні күбірлеп ішінен әлде неше рет қайталады. Опасыз, опасыз. Егер тіршілік кешкен дүниең опасыз болса, сен қалайша ақ жұмыртқа, сары уыз боласың. Бола алмайсың. Болғың келсе де қолыңнан келмейді. Ә.Нұрп.

АҚ ЖҮЗ

Мерейлі, күлім қаққан сұлу қыздың келбеті. ~ Каншама ер-азамат туған жерге жете алмай, туған елдің топырағында өскен қызыл гүлдей қыздардың ақ жүздерін көре алмай, арманда өтті. Ә.Нұрш.

АҚ ЖҮЗДІ

1.Сұлу өңді, көркіне мінезі сай. ~ Ақ жүзді әйел алсаң бойы сұңғақ, Қасыңа шақырғанда келсе зулап. Дауысы «әу» дегенде әрең шығып, Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ. Ақан сері. ~ Бір ғажабы, орманды алқаптарда шоқтала да өсетін, қатарласып та, жеке-дара да бой түзейтін аққайыңдар қашанда адам жаны мен сезімін ең алдымен ақ жүзді сырлы сымбатымен баураған. М.Ай.
2. Жүзінен нұр тамған. ~ Ауылдан келген қызды оқуға түсіру міндетін өз мойнына алғанын сөз арасында айтып қалды. Сұлу мүсінді, ақ жүзді, жайнаң көз Мәдина кімді де болса бір көргеннен-ақ қызықтыратын еді… Б.Тоғ.

АҚ ЖҮРДІ

Адал, таза жүріп, ешкімге жамандық жасамаған адам туралы. ~ Ақ жүрген адам азбас. М.-М.

АҚ ЖҮРЕГІН АЛА ҰШТЫ

Құшағын айқара ашып, шынайы көңілмен қарсы алды. ~ Алдарыңнан шығайын ала таңнан, Абай атам ауылының бұлбұлдары… – деп ақ жүрегін ала ұшып, жыр шашуымен қарсы алған болатын. Ж.Шәк.

АҚ ЕТЕК ///

Күнәсіз, пәк, адал. ~ Шынымды айтайын, сол кезде сен алдын болжайтын ақ етек ишан сияқты едің. Ал, қазір өртке қарсы жүгірген есалаң бала секілдісің. Ә.Нұрп. ~ Ержiгiт күлiп жiбердi: — Қайнатаңның атын айта бересiң, ә? — Е, айтпай, немене оны ақ етек әулие дейсiң бе? Жаман болсақ та, қызын… Б.Алд.