Айқара құшақтады. ~ Бүгiн де тәжiкелесiп қалысты. Бұл онымен сөз алыспас та едi, басқарманың түбi шикi ұрыны айқұшақ қапқанына ызасы келдi. Б.Алд. ~ Алдында айқұшақ қауып күтіп отырған қатын-бала бардай екі өкпесін қолына алып құстай ұшып келмеді ме. Иә, келдің. Қарық болдың… Ә.Нұрп. ~ Қызыл төмпектің маңы ығы-жығы. Қираған дуалдардың түбінде жеңілген елдің құлы мен бекзадасы, иті мен адамы айқұшақ қауып жатыр. Ә.Кек. ~ Жібермеймін. Академикпен айқұшақ қабысқанда жақсысың. Ал, некелі байыңа зауқың жоқ. Солай ғой, ә? Ә.Нұрп.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЙДЫҢ, КҮННІҢ АМАНЫНДА
Ел аман, жұрт тынышта. ~ Езуіңді ұрайын, мұндай қатынжанды боларсың ба? Тапа-тал түсте кім жейді дедің қатыныңды, сонша алабұртып, айдың, күннің аманында? C.Мұқ. ~ «Күлгеннің басына берсін, мейлі ғой… кінәңді көтереді қайта». Сандырақтағаны ғой, әйтпесе, он екіде бір гүлі ашылмаған періште жас қызда қандай күнә? Атастырған жеріне айдың, күннің аманында барса болды деп тілейтін. Ш.Құм. ~ Кенет, сырттан бәйбішесінің шаңқылы естілді. Зәнталақтың өстіп айдың-күннің аманында қарадай шыжбалақтайтыны бар. Н.Дәу.
АЙЛА АРТЫЛҒАН БА
Қулығына құрық бойламайтын әккілік, арамдық туралы. ~ Сол жiберген елшiлерiң елге аман-есен оралса жақсы-ау! Себан Раптаннан айла артылған ба?!. Бәрiн қырып салады да, « ештеңе бiлмедiм, ештеңе көрмедiм » деп түк болмағандай, отыра бередi. Ә.Кек. ~ Жаяу қамыс аралап жүргенде, айырылып қаламыз. Қасқырдан айла артылған ба? Кеттік, көлікке! Біз сәл алыстан қарап тұрамыз. Екі машинамен кіріңдер! C.Сағ. ~ Мыстаннан айла артылған ба, бұл қалада жасырынып жатқан қалың әскер түтінді көргенде, атқа қонбақшы болып уәде берген. А.Сей. ~ Қораның үстіндегі мая да аласарып барады. Енді Әселдің үйі бұрынғыдай анық көрінбейді. Адамнан айла деген артылған ба? Қазір Әселдің әкесімен, яғни Ғалымжан ағамен достасып алдым. Қ.Әб.
АЙ-ЖАЙ БОЛДЫ
Көңілі жайланды, жаны жай тапты. ~ Жұрт жаназадан тарап, ай-жай болған соң, сол түнгі бейсауат жүріп, ат қинаған адам кім екен деп, әркім-ақ сұрастырып, құлағын түре бастады. Ж.Айм. ~ Газет алып тұрады, жолдастары хат жазып тұрады. Қартқожа ай-жай болған соң, әдейі іздеп Торайғыр ауылына келді. Ж.Айм. ~ Жігіттер насыбайға таласып жатқанда, Қартқожа күрес жаққа кетті. Ай-жай болып, дойбышылар да күреске келді. Қартқожа топқа келген кезде, күрестің қызған уағы еді. Ж.Айм.
АЙЛА ЖАМЫЛДЫ
Арамдық-қулыққа барды, әдіс жасады. ~ «Азат басым болды күл», Еріксіз жемтік шоқыдым. Ұлық пен елге жағындым, Әртүрлі атақ тағындым. Ар кетіп, айла жамылдым, Бейне алдамшы сопымын. Шәк.
АЙ-ЖАЙЫНА ҚАЛА БЕРДІ
Со қалпында, өз бетінше қалды. ~ Негізсіз күңкілден не шығушы еді – Айкүмістің жақсылығына кір жуымай, ай-жайына қала берді. Ғ.Слан.
АЙЛА ЖАСАДЫ
Әдіске барды, қулық істеді. ~ Ойда жоқ өлімді пайдаланып, сенің ойыңды ақырына дейін орындатқызып шығартпады. Ол үшін әуелі Әбілмәмбет айла жасады. Ажал ауызында жатқан әкесіне жаны ашыған боп, жұртқа қарамай Түркістан асып кетті. Ә.Кек. ~ Тізесі батқан Омарға масқарлар тісін қайрап отыр екен. Бірақ олар бас салып сабауға, болмаса басқа түрде жәбірлеуге соңынан пәлесі тиер деп. айла жасапты. Х.Ес.
АЙ-КҮННІҢ АМАНЫНДА
Жұрт тыныш, ел аманда. ~ Қанша керек? – Анау сұқ қолын ерніне тақап: – Молчок! – деді де, биік баспалдақ астындағы кең қуысқа шақырды. Бұл да бір ай-күннің аманында жападан-жалғыз қалған Робинзон Крузо. М.Қаб. ~ Азамат соғысы басталғалы қайда жүргені белгісіз еді, кездескен түрі мынау. Бұрынғы бұзық жолдасы Сидоров екеуі тізе қосып алған. Айдалада, ай-күннің аманында аң терілерін алғанымен қоймай, түлкі ішігін тартып алғаны батады жанына. Б.Тоғ.
АЙЛА ҚЫЛДЫ
Алдады, әдіс қылды, қулық-сұмдыққа барып, айла қолданды. ~ Зарқұм айтты: — Шүкірлік, мұны көрдік, Осындай болар ма деп айла қылдық. Шығармай таспен атып өлтіріп бақ, Әгар шықса құдықтан күлкі болдық. БС. «Зарқұм». ~ Алдар көсе бір күні келе жатса, бір жерден қу жауырын тауып алып, сүйек қайнатып отырған бір-екі қатындарға жолығып, амандасып болып, Алдар көсе: «мен бір айла қылайын», — деді. БС «Алдар Көсе».
АЙ-КҮНІ (КҮНІ) ЖАҚЫНДАДЫ
Әйелдің босанар күні таяп қалды. ~ – Қожеке, үйге барып келе қойсам… Жаман жеңгеңнің ай-күні жақындап, қыңқыл-сыңқыл еді… – Құрт көзіңді. – Барам да, келем… Н.Дәу. ~ Зағыштың болса аяғы ауыр. Ай — күні жақындап келеді. Ертең нәрестелі боламыз. Оны дұрыстап өсіру үшін де жағдай керек. Б.Соқ.
