АҒАШ ҚАЗАН ҚАЙНАТТЫ

Азғана қызықтың дәмін татты. ~ Жастық қызбалық– ай десеңші, ат мінгенге Алланың қолын алғандай күпініп еді. Сөйтсе, ол – дағы ағаш қазан қайнатқандай аз уақыттық жалған дүние екен. Былайғы жұрт жаппай соғысқа аттанып жатқанда, қолы іс біледі деп, бастықтар бұл Бектұрғанға бронь соғып тастады. Ә.Асқ.

АҒАШ ТӨРЕ

Болар-болмас билікке қол жеткізген шолақ белсенді, пысықай. ~ «Құданың» құдіреті, адам дегеннің өзі түріне бір қарамайды екен! Өзін сұлу емеспін, сүйкімді емеспін дейтін бір жан болсашы. Шəмшінің бұлайша болуына əрине себеп бар – ол үлкен қалада туып-өскен, қазақтың оқыған-сымақ ағаш төресінің (абияшік) ізі болған. Ж.Айм.

АҒАШҚА МӘУЕ БІТСЕ БӘСЕҢ-БӘСЕҢ

Жақсы адамның абырой-атағы өскен сайын кішіпейіл болады. ~ Бұрын Есенейге жатсырай қарайтын, ығыса қарайтын жұрт, енді бір жаңа Есенейге кездескендей, жақындаса беріп келеді. «Ағашқа мәуе бітсе бәсең-бәсең» дегендей, Ұлпаны да жібектей созымды болып барады. Есеней болдым деген ойына да кіріп шықпайды. Ғ.Мүс.

АҒАШТАН БАЛ, ШӨПТЕН СҮТ АҒЫЛДЫ

Оқыс келген көл-көсір молшылық туралы. ~ Партия мен Лениннің арқасында Aғылды ағаштан бал, шөбінен сүт. Бал құйылды далаға! БАҚ ~ Адыраған жақсы дәуір арқасында, Ағылды ағаштан бал, шөбінен сүт. БАҚ. Тұрған жерінде теуіп-теуіп тезегін шығару керек еді, амал не, ондай иттігім жоқ. «Онда галстук тағатын басқа біреуіңді тауып ал»,—деп қоя бердім. М.Қаб.

АҒАШТАН ТҮЙІН (ТҮЙМЕ) ТҮЙЕДІ

Он саусағынан өнер тамған, асқан шебер, барынша өнерлі адам туралы айтылады. ~ Он қолдан өнер төгілді, Балқытып
соқты темірді. Түйін түйіп ағаштан, Өрнектеді өрімді. С.Мұқ. ~ Ал, Күлемістікі — «өлмешінің күні». Ол жас күнінен «ағаштан
түйін түйеді» дейтін балташы адам еді. Балалары мал түлігі бола, жалданған табынын ол соларға жайдырады да, өзі
шеберлік кәсібіне отырды. С.Мұқ. ~ Шын шеберлер ағаштан түйін түйген. Сезім сүті уыздай ішінде ұйып, Өледі адам шын
өнер үшін күйіп. Қ.Мыр. ~ Шаһарға келген соң оның үйін тауып, өзіне жолықты. Шеберлігі сондайлық, ағаштан түйін түйеді
екен. ҚЕ.

АҒЫ АҚ, ҚАРАСЫ ҚАРА

Ап-айқын, тайға таңба басқандай. ~ Әр ұрпақ өз замананың іші-сыртын жүрек көзімен көріп, ағын – ақ, қарасын – қара деп әділ таразылап, тарихқа таңбалағаны жөн. Т.Сәу. ~ Созалаңдап қолжуғышқа су құйғанша, Қарашаш та кіріп келді. Аяз сүйген екі беті алмадай, қас, кірпік, көздерінің ағы ақ, қарасы қара, ап-айқын. м.қАБ.

АҒАШ АДАМ

Көңілі ештеңеге елең етпейтін, сезімсіз адам туралы. ~ Ақжелке сияқты өзінен бір елі төменге құдайсып, өзінен бір саты жоғарыға «алдияр, тақсыр» деп бас иіп жорғақтап, пендесіп тұратын нәрсіз, ой-санасыз, ағаш адамға бүгінгі Ұзақ ісі естіп, біліп, көрмеген сұмдық сияқтанған. М.Әу. ~ Жазушы атаулыдан айналмаспысың осындайда; Еркені бір сәтке болса да еліктеген қалпынан суырып алды– ау. Әлгінде ғана ағаш адам сияқты еді, енді міне көзінде ұшқын ойнайды. М.Сүн. ~ Тентек Бестай қатып қалған ағаш адам сияқты, ат үстінде үн-түнсіз қопшиып отыр. З.Нұр. ~ Мағжан баяғы ағаш адам қалыбынан танбай «үміттендім, салыстырдым» деп жауап берді. М.Жұм.

АҒЫ АҚ, ҚЫЗЫЛЫ ҚЫЗЫЛ

Ажары ашық, жүзі шырайлы; бояуы қанық; жалған боямасы жоқ. ~ Әйгерiмнiң ағы ақ, қызылы қызыл боп, өзгеше құлпырғандай. Бұрынғы бiр Абаймен ыстық шағындағы, сауық-сайран салған, шексiз ән сызылтқан күндерiндей көрiктi екен. М.Әу. ~ Гүлқаныс бәйбіше ағы ақ, қызылы қызыл, — ажары еніп, түріне кіріп, ақ мамықтай үлпілдеп, жас тайлақтай елпілдеп: «Ақ мамық бота форым!» — деп, ауызға ілініп, қозы бұғы, қой саныға өзі бала берерлік әулие болыпты. М-Ж.Көпей. ~ Оу, әпке, жездемiз шауып жүр. Ағы ақ, қызылы қызыл дегендей, қалмақ уаңының оң қолы болып алыпты, – деп, Нұрәлi би үрей билеген әпкелерiн бiр тыныштандырып алып, әңгiмесiн әзiлге қарай бұрған. К.Сег.

АҒАШ АТ

Ауыр тұрмыстан жауыр болып, құр сүлдері қалған адам туралы. ~ Үй тірлігінің көрбай-жорбайын жалғыз дерлік сүйреп, әйелі байғұстың құр сүлдері қалды. Дәл бір ағаш ат. Оқта-текте оқыранып ойнағысы келсе, жылы-жұмсақ іздеген қолы адырайған қабырға, шодырайған шонданайға тиіп, сол сәтінде теріс аунап кетеді. Н.Дәу.

АҒЫ АҚ, ҚЫЗЫЛЫ ҚЫЗЫЛ ҚАЛПЫНДА

Түсі бұзылмаған, сәні кетпеген. ~ Қашып жүрсе де ағы ақ, қызылы қызыл қалпында түйе жүн шекпен, түлкі тымақ киген Тойбайды колхоз кеңсесіне алып кірген. Б.Қыд.