Posted in

МҮРДЕМ КЕТТІ

Өліп кетті, жан тәсілім болды, оқыс қазаға ұшырады. ~ Ешкім де мұндайда көмектесе алмайтынын, ұмтылған жалаңтөс алаңғасардың қай-қайсысы да мүрдем кетерін мойындағандай қалшиып қалғандар түйліккен күйі түнеріп алған. Б.Ыбыр. ~ Тсс… Аузыңа сақ бол. Аузыңды ашсаң мүрдем кетесің. Т.Ахт. ~ Ноғайқұл ішінен: «сіздің жазығыңыз жоқ» деп ойлады. Сөйте тұра: – Сіз басынан қан алған біреу мүрдем кетіпті ғой. Сол рас па? – деп сұрады. Т.Әл. ~ Сол ойынан өзі үрікті. Бұл ондай сүйектен өтетін аязды, үскірік айларда бір күні мүрдем кетер. А.См.

Posted in

МҮРДЕМ КЕТСІН

Жерге кірсін д.м. қарғыс. ~ Баймырзаның зәресі ұшып кетті: — Апыр — ай, келін — ай, не деп отырсың? — Рас айтам! — деді Балқаш шаптығып. — Мүрдем кетсін, ұлың! — Ойпыр — ай, келін — ай, қарағым — ай! — деді Баймырза үрейлі кескінмен, -жынданудан аманбысың? C.Мұқ.

Posted in

МҮРДЕМ КЕТІРДІ (ЖІБЕРДІ )

Өлтірді, мерт қылды. ~ Кеудесіне нан піскен Шатыр асқына аспандады. «Аймен тілдесіп, жұлдыздармен сырласамын. Күн де маған ықыласты, — деді шімірікпестен. — Осыдан жақ аштың ба, тіке мүрдем кетірем!» Ө.Кәр. ~ Армстронг, есіңізде болар, суға кетіп өлген еді. Егер ол есі ауысқан біреу болса, онда тоғыз адамды бірінен соң бірін мүрдем кетіріп, артынан жартастан теңізге құлап өзін-өзі өлтіруіне болатын еді ғой. Ал менің ойымша, оның жағалауға жүзіп барғысы келген сияқты. А.Крис. ~ Ит пен қатынға сеніп болмайды. Әкелші, тапаншаны! — Болтан анаған қолын созды. — Екеуін қоса қабат мүрдем жіберейін. Итке ит өлімі. Қаншыққа шабаланғанды көрсетейін бұған! Ө.Кәр.

Posted in

МҮРДАР БАСЫМ

Байғұс, бишара д.м. * Бас ұрғаным біреу емес, екеу болды. Екеуің де жақсысың. Сорыма екі бірдей ақ қанат перідейсің! Нені айтайын мүрдар басым. Жоқ боп тұр ғой кемітерім, асырарым! М.Әу. * Ұлуы тынбаған соң дөң айбат қып, тұрған орнынан тапжылмастан тепсініп: — Уа, һо-ой, һайт-һайт. Айтақ, айтақ, — деген болды. Аяғында кеп: Қай жақта екенінде нем бар әлі соның? Соғып алам деймін бе, мүрдар басым… Шілденің кәні қой, кісі жемес, көнің кепкірдің әзер көні кеуіп қалса да, — деп қайтадан бұрынғы орнына барып жатқысы келді.

Posted in

МҮМКІНДІК ТУДЫ

Әлдебірдеңеге қолайлы, ыңғайлы жағдай пайда болды. ~ Бертін келе халықтар арасындағы сауда қатынасы жандана бастаған кез көшпелілердің киім-қешегімен ыдыс-аяғын, үйдің басқа мүліктерін, көлік саймандарын, қолөнер құралдарыноңай табуға мүмкіндік туды. С.Мұқ. ~ Осы сапарымның тағы бір пайдалы болған жағы, Сегіз серінің көзі тірі немере- шөберелерін тауып әңгімелесуіме мүмкіндік туды. Н.Әбут.

Posted in

МҮМКІНДІК АЛДЫ

Әлдебір істі орындауға қолайлы жағдайға ие болды. * Міне, осылайша, жас жазушы Сәбит Мұқанов жазылмақ жаңа шығармасына материал жинауға мүмкіндік алды. Қ.Ерг. ~ Есік алдының қарын аршып, сыртқа шығуға мүмкіндік алған ауыл балалары дайын сырғанаққа қарық болды. Ү.Жәл.

Posted in

МҮЛТ КЕТТІ

Қателік жіберді, жаңсақ басты, шатасты. * Жебе тиіп мерт болса, ар киесі атқаны, жігіттің жаны салауат. Жаза басып, мүлт кетсе, азат болсын жас жаны, арудың ары салауат!- деп билік айтады. Ж.Сәм. * — һім, — деді Армстронг оны қоштай қоймай. — Бұл арада мүлт кеттіңіз, Блор. Мұндай маньяктардың көпшілігі қойдан жуас келеді. А.Крис. * Бұған дейін менің Кәмилаға атқан үлкенді-кішілі оғымның мүлт кеткені жоқ. С.Досан. ~ Бала біткен қыран топан күлкіге батқан. Өзінің мүлт кеткенін қара бала да сезсе керек, күрек тістері жылтырап, ыржиып тұр. К.Жүн.

Posted in

МҮЛТ ЖІБЕРДІ

Қателесті, тигізе алмады. ~ Арт жақтан үңгіп түскен машина прожекторы үш жанып, үш сөнгенде капитан өзінің бір жерден мүлт жібергенін сезді де кілт тоқтап, моторды сөндіртіп тастады. Қ.Ысқ. ~ Табиғаты сезімтал жандар қашанда әрбір Күннің, әрбір секунд Уақыттың өзіндік ерекшеліктерін мүлт жібермей, жазбай таниды. Н.Кел.

Posted in

МҮЛТ БАСТЫ

Жаңылысты. ~ ӘБДІҚАЛЫҚОВ: Қыл көпірдің үстінде тұрсың, Ермұхаш. Тар жол, тайғақ кешу деген осы. Мүлт бастың ба − құрдымға құлайсың. Қатерлі жайыңды түсінуге ақылың жетсе керек еді… М.Сәрс.

Posted in

МҮЛӘЙІМ КӨЗ

Аянышты, жалына қараған көздер туралы. ~ Бұл қанішерлердің басында сәлде, қолында таспиқ, аузында «тәһлилі». Төмендеп сүзілген монтаны мүләйім көздерінде көлеңкедей қара сүрме. М.Әу. ~ Жалт қарағанында сұлу келіншектің жапақтаған мүләйім көзіндегі жалыныш ишарасын көріп аяп кетті. Ғ.Біл. ~ Мүләйім көздерін маған қадап, немістің қай танкысының астына жұмсарымды күтіп отыр. Бәрі де аш. Ғ.Мүс. ~ Мөлиген мүләйім көз, қимылдары сылбыр, бәрін бір қалыптан шыққандай зәбірсіз, жуас қып қойған қандай құдірет екен? Т.Сәу.