Posted in

ӨМІР БАҚИ

Бүкіл өмір бойы. ~ … сол мектеп бітірген балаларды малға жібергенде, олар сонда өмір бақи малшы боп қалсын дегендіктен емес, өмірдің дәмін татсын, ащы тұщысын білсін, тәжірибе алсын дегеннен… Ә.Әл. ~ «Шіркін анам, мен сенің қадіріңді өмір бақи силап, ұмытпаспын.»  К.Өтж.

Posted in

ӨМІР БАЗАРЫ

Тіршілік қайнаған, жастық қызығы мол орта. * Бұл бақша — өмір базары. Кейде құлаштап, кейде кезі келсе — топтап, кейде жекелеп сатылатын сезім базары. М.Әу. * Шынымен-ақ барлық қызық, күткен өмірі осындай дал болып, қаңғып қалумен өткені ме? Өмір бойы кімге кездессе де, ылғи тарқап кеткен базардың соңына ілінумен өткені ме? Өмір базарында Ғайшаның сыбағасы ылғи ақырғы перденің, қайғылы хәлдің ойыншысы болып өту ме?.. М.Әу.

Posted in

ӨМІР (ТІРЛІК) КЕШУ

Тіршіліктің қызығын көру; өмір сүру. *  Ол кездегі бәріміздің бірінші арманымыз — жауды  жеңу  болса, екінші  арманымыз —  соғыстан  соң  бір-бір  жақсы  жар құшып,  жарасты  өмір  кешу  еді. Ә.Нұрш. * Жазмыштың жазғыруын іштей ұққан бұл екеуі ендігі жерде өмірдің мәні бір-біріне тірек, ерекше сезімтал болып, кірбіңсіз, кіржіңсіз тірлік кешу екенін ұғынысты. Ш.Айт. * Сауығып келем, Жинап та келем есімді. Сағынып қалдым, Саламат өмір кешуді. М.Мақ.

Posted in

ӨЛШЕУ БЕРМЕЙДІ

Шама-шарқын білуге, мөлшерлеуге келмейді. * Егер ақылменен болмаса, бұлайша бұл есебіне, өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір түрлі керекке бола жаратылып һәм бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын мықты көркем законге қаратылып жаратылды, — дейді. Абай.

Posted in

ӨЛУГЕ БАҚЫЛ

Жақыны, сыйлаған, жақсы көретін адамы үшін өлуге ризашылығын білдіру. ~ — Әттең, Ақан сері алмайды ғой, біреудің қалған-құтқанын қайтсын. Әйтпесе бұл үйдің төрінде жатқанша, серінің босағасында өлуге бақыл болар ем,— деп теріс айналып, есікті аша беріп еді, қос бұрымынан жұлынып, ұршықша үйіріліп барып қалай төрге мұрттай ұшқанын білмей қалды… С.Жүн. ~ Жоқ, біз әлі мұз астында едік! Өздері өлуге бақыл болып, мені аман алып қалу үшін әрекет істеп отырған, менің шын берілген жолдастарым Консель мен Нед Ленд екен. Ж.Верн.

Posted in

ӨЛСЕ ӨМІРЕМ (ӨМІРӘМ) ҚАПСЫН!

нболса, о болсын, өлсе өлсін; өзіне со керек д.м. *  – Мен апама сүйсініп отырмын, – дедім. Өмірзақ «ой, жарымес, әкең…» дегендей ожырая қарады:    – Апа болмай жопа боп, өмірем қапсын!  Т.Сәук. * – Өлсе өмірәм қапсын! – Сынықшы теріс айналып, бастырманың астына кіріп кетті. О.Сәрс.

ӨЛСЕҢ ӨРЕМ ҚАП!

Өлсең өл, мүрдем кет, маған да керегі сол д.м. *  -Әбділдажан, өлдім! — деді Боқаң жан ұшырып. — Өлсең өрем қал! — деді Әбділда қабағын кіржитіп. Б.Майл. * Ал тірі жүрген бірер ұрпағын еш елеп-ескермей, оларға «өлсең, өрем қап» деп қарайтұғынымыз несі екен? А.Омар.

Posted in

ӨЛСЕ ИТ ТЕРІСІ, ӨЛМЕСЕ ҚОЙ ТЕРІСІ  

Өлсе өле берсін, ол кімге керек еді д.м. ~ Иттің жақсыларын қадірлен отырып, үруден басқа пайдасы жоқтарына: «ит үреді, керуен жүреді» десе, қылығы, мінезі жаман кісіні «ит» деп, немесе «итті күшігім десең — аузыңды жалайды», «ит құтырса — иесін қабады», яғни өшіккен, жауласқан біреуге «өлсе ит терісі, өлмесе қой терісі», тұрмыс ауыртпалығына шыдамды, көмпіс адамды «ит жанды адам» деп түрліше астарлы мағынада да мақал-мәтелдер айтады. С.Мұқ. ~ – Ей балам-ай, мені қойшы, «өлсе ит терісі, өлмесе қой терісі» бір бейбақпын, онан да сен ауырып сырқамашы, жассың ғой, бақытың алдыңда. Е.Мұх.

Posted in

ӨЛМЕШІНІҢ (ӨЛМЕСТІҢ ) КҮНІН КӨРІП ОТЫР

Күнін әрең көріп отыр, қатты кедейленді. ~ Өзі жоқта өлмешінің күнін көріп отырған  үш мұңлықты ашықтырмаудың қамын ойлады, қырағы көз қалпында екен. Ү.Жәл. ~ Капустин осы тұста бір сөз айтты: ─ Өлмешінің күнін көріп жүре бердіңдер ме? Не болмаса, астыртын әрекет істедіңдер ме? С.Ом. ~ Осылай түртіншектеп, өлместің күнін көріп жүргенде қалтасы да тақырланды. А.См.

Posted in

ӨЛМЕСЕ ОМА ҚАПСЫН

Өлсе өлсін, мүрдем кетсін. ~ Бұған бет бұрар болсам, екеуiңдi ертпей-ақ, Тәкежанды таңдасам болмас па едi? Сендер «Керей-найман әдiлет таппай, әрекет тапса, өлмесе ома қапсын» десең, мен оларды елiм деймiн. М.Әу. ~ Бұл кімнің қолында қалады, оған кім қарайды дегенді, тіпті Қамысбаев тыңдағысы келмеді. Өлмесе ома қапсын дейді. Б.Қыд.

Posted in

ӨЛМЕСЕ ӨРЕМ (ӨМІРЕМ ) ҚАПСЫН

Өлсең өл, мүрдем кет, маған да керегі сол д.м. *  -Әбділдажан, өлдім! — деді Боқаң жан ұшырып. — Өлсең өрем қал! — деді Әбділда қабағын кіржитіп. Б.Майл. * Ал тірі жүрген бірер ұрпағын еш елеп-ескермей, оларға «өлсең, өрем қап» деп қарайтұғынымыз несі екен? А.Омар.

Өз обалы өзіне, өлмек түгіл одан әрмен кетсін д.м. ~ Аздан кейін Найзабек қалғып кетті. Балқаштың: «Қайтесің, жата берсін, өлмесе өрем қапсын» дегеніне қарамай, мен басына жастық сап, үстіне шекпенін айқара жаптым. C.Мұқ. ~ Әлгі келген адамдар тағы бір жамандық хабар айтты ма деп зәресі кеткен Баймырза, олардың не айтқанын сұрамақ боп, сөзін: — Шырағым, жылама! Жамандық шақырма! Жаны аман болса, аз күнгі азабы дәнеңе етпес!—деп сыпайылай бастап еді: — Өлмесе өрем қапсын!—деді Балқаш басын жерден жұлып алып. С.Мұқ. ~ Сол керек өзіне. Өлмесе өрем қапсын. Сол сұмырай құрымай менің бағым ашылмайды…» С.Дос. ~ Бүйткен дәулетің әдіре қалсын. Жемегенім таяқ еді, оны да татырдың. Өлмесең өрем қап, аштан өліп, көштен қалмаспын.

Кеттім… М.Сүн. ~ Құйтұрқыларынан ажырат айтқан “ақылыңның” ар жағынан “Өлмесең өмірем қап!” деген жалғыз ауыз сөз шығады. Т.Әс.

ӨЛМЕК ТҮГІЛІ ӨРЕМ ҚАПСЫН

Өле берсін, жатқанынан тұрмасын. ~ Шорманның айтқаны басқаша болды. — Қызы өлмек түгілі өрем қапсын, — деді ол, — ұрын өлтірген ешкім жоқ, қорқатын. Суға кеткен өзі. Кім біледі, неге кеткенін? С.Мұқ.