Posted in

ӨЗЕКТІ ЖАНҒА БІР ӨЛІМ

Ажалдан құтылмайсың; туу бар да, өлу бар д.м. * –Айғайлама! Заманым  туды  деп  есіріп  тұрсың  ба көн  төсеніп,  көңге  аунаған,  құл-құтаным?! Заман, рас, сенікі! Асасың ба, атасың ба? «Өзекті жанға бір өлім!»  К.Сег. * Рахман қолын тарақтап басының астына тастап, өзі тұратын үйден иісі мұсылман іздей бастады. «Өзекті жанға бір өлім, шайтан емеспіз ғой. Мұсылман болғанда кебіндеп, арулап қоятын, жөн-жосықтан хабары бар кім бар? Бір бөлме болғанмен бұл да үй ғой, бала-шағасы көп, үйі тар кім бар?  Қ.Түм. *  – Ез болуды пір тұтпа, шырағым. Темірді қызған кезде соқ. Өзекті жанға бір өлім деп елге тарт. Есің барда елің тап! А.Кемелб.

Posted in

ӨЗЕКТІ ЖАН (ПЕНДЕ)

Жер басып жүрген  тірі адам, қарапайым пенде. ~ Егер барлық өсімдік жер үстінен құрып кетсе, дүниеде тірі жандық болмай, аңырап қалар еді. Олай болса, өзекті жанның тетігі өсімдік қолында. Мұның бәрін өсімдік қлоропол (хлорофол) арқылы істеп тұр. А.Байт. ~ Өмірде жұмыр басты, жұлын өзекті жандардың қай-қайсысы да бақыт құсын бақшасына қондыруды армандап өтеді емес пе? Ә. Сар. ~ Көктем келеді, келеді көктем, – Көрініп қалды бедері көктен. Өзекті жанға бір анық дүние – келелі де өткен, өрелі де өткен… Ғ.Жай. ~ Өзге өзекті жанның көксегені бар. Жалғыз қызының бетіне қарап отырған әкешешесі бар деген ой басына бір келсейші. Туһ! Неткен қатыгездік. К.Жүн. Өзекті жан келер күндерден үмітті ғой қашанда. Қ.Жиен. * Әрине, өз еңбегін бұлдамаса да, өзекті жан болып жаратылған соң,  «мықты  екенсің, айнаш»  деген  сықылды  жылы  сөзді ерінің аузынан әйелі күткен еді. О.Бөк. * Мейлі  ғой, өмірде жұлқыспай, тартыспай ғұмыр кешу мүмкін бе  өзекті пендеге. Ө.Кәріп.

Posted in

ӨЗЕККЕ ТЕПТІ

Бөтенсіп, жақындатпады; қиянат қылды; қаталдық көрсетті.* Ол уақытта Қытайдағы халықтың тұрмысы жаман емес еді. Елдің  тұрмысы жаман болмағандықтан, сырттан келгендерді өзекке тепкен жоқ. Бәріне қойы мен қозысын баққызды. Отыны мен суын тасытты. Әйтеуір қуған жоқ. Ж.Баб. * Айтамын деп қуанышың, мұңынды, Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?! Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,  Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды. М.Мақ. * Баяғы өзім оқып бітірген білім ордасы. Содан кейін бір рет те бас сұқпаппын. «Өзімнің ұшқан ұям ғой. Өзекке теппес. Біреу-міреу танып есіркер» деп ойладым. Бірақ табалдырықтан жасқана  аттаған мені ешкім танымады. Ү.Жәл. * — Бара бер, өзіміз- ақ қараймыз малды. Екі күннің ішінде топалаң тигіріңді жау алар дейсің бе?!  — Келіннің екі ауыз сөзінде екі пұт салмақ жатты. «Өзіміз! » дейді. Сонда мұны өгей әкедей ғып өзекке тепкені ғой. К.Сег.

Posted in

ӨЗЕК ТАРТТЫ

Із салды, жалғасты. ~ Өткен өмірден өзек тарта отырып тарих тілін ұғына алмасақ, туған топырақ бізге сырын аша қояр ма? Келер ұрпақтың сауал сауған көзіне не деп қараймыз?  И.Сап. ~ Осы орайда тағы бір ойдың өзек тартатыны жасырын емес – соңғы уақыт кезеңдерінде мемлекет жастар сая- сатына сызат түсіріп алған сияқты. Т.Әлж.

Posted in

ӨЗЕК ТАЛДЫРДЫ

Шаршатты, шыдам тауысты, төзім тоздырды. ~ Көктем күні өзекті талдырардай ұзақ — ерте шығып, кеш батады. Сағат әлі жеті екен.  Б.Сәу. ~ Өзек талдырып, өмір өксіткен уайымшыл бір тыныштық, бар қуатыңды құмарлығымен қоса қақтай сауып тауысқан нәумез шақ.  Қ.Ыс. ~  Сен басшыларға бір табан жақынсың ғой. Біз секілді шаруаның торысына өсек екеш өсек те өзек талдырып зорға жетеді.  Қ.Ыс.

Posted in

ӨЗЕК ЖАРДЫ

Жүректен шыққан, көкейкесті. ~ Ұстаса уысында Біржан салды, Қайырып қажеті не қырдан малды. Бұл қазақ өзек жарды шындықты айтса, Өлімге бас тігерін енді аңғарды. К.Мырз. ~ … ақынның сөзі өз өмірбаянының сыры мен мұңы емес, жалпақ ел, жалпы жұрттың көкейінде жүрген өзек жарды ой-толғам. Т.Мед. ~ Өксік-мұңын, өзек жарды сарғайған сағынышын ала келіп қазақ поэзиясында тосын «жаңғырдық» тудырды.  Ж.Шәк.

Posted in

ӨЗЕК ЖАЛҒАДЫ

Азғана тамақтанып алды. * Ұлы жорық жолында осы жүгірген аң, ұшқан құсты талай азық еткен. Қалың түмен аш өзегін жалғаған. Р.От. * Қиысым емес, туысым бар деп келіңдер. Мынау – аттарыңның бәйгесі, беташардың көрімдігі, осындағы кейбір ағайынның ықыласы дегендей, қарындарың ашып, көздерің қарауытса, өзек жалғар азынаулық қаржы. К.Сег. * Алғашқы қапты анау ұзын науаға жаймалап төк, мына пақырлар бор бола ма, тас бола ма, өзек жалғасын.  М.Қаб.

Posted in

ӨЗЕК БОЛДЫ (ЕТТІ)

Негіз болды. ~ … шығармасы кезінде әдеби ортада да, қалың оқырман арасында да, баспасөз беттерінде де көп әңгімеге өзек болып, зор серпін тапты.  Т.Мед. ~ Орақты — жалайырларды Ескелді-Балпық Жетісуға бастап келгенде жау қашыратын, жекпе-жекте жеңілмеген, аңыз-жырларға өзек болған әйгілі батыр. Б.Тоғ. ~ Бірақ қайткенде де шенеуніктің шекпенін ерте киген әйел, тістене қатып қалған, өміріне өзек етіп ұстанған ерже-шарты бар, бойға сіңіре үйренген әдет, дағдыланған мінезі бар.  С.Им.

Posted in

ӨЗЕГІНЕ ӨРТ КЕТТІ (ТҮСТІ)

Ашынды, өкініштен жаны күйді. ~ Төрт төңіректен қатынасы үзіп тасталған қапаста отырған кезінде қамқорсыз қалып, қырылып, құрып кетер ме екен деп уайым қылған балаларын еске алып өзегіне өрт кетті. Ғ.Біл. ~ ~ Мұраттың өңі қуқыл тартып өзгеріп кетті. Өзегіне өрт кеткендей болған ол досына әлденені айта қойғысы келді. А.Нұрғ. ~ Амал қанша… Сол жолы мені зембілмен әрі-бері тасып жүргенде өзегіңе өрт түскендей боп, өмірден түңіліп те кеткен шығарсың.  Н.Кел.

Posted in

ӨЗЕГІНЕ ҚҰРТ ТҮСТІ

Бұзылған д.м. * Қабан жаңа отауда жас иіс құшқанда, Едірей іші ұлып суық төсекте қырық дөңбекшіді. Дөңбекшігенмен етер амалы, жасар айласы жоқ, өзегіне құрт түскен ағаштай жүдеді де қалды. С.Смат. * — Жай, әшейін дедім ғой… Сен болмасаң, мені кім бағалар еді? Өзегіне құрт түскен алмаға кім қолын  созар еді… деп… Әшейін соған..  Ә.Нұрш.