Posted in

ӨЗ ЖӨНІМЕН

Өз бетінше, өз шаруасымен. ~ Домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халықтың үйреншікті зауықтарына дейін күнә деп тыйғысы келген. Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанған қазақ шариғаттың тар тұсауына үйрене алмаған, шыдатпай үзіп, өз жөнімен жүре берген. Сондықтан жазу әдебиетпен қатар қазақтың ауыз әдебиеті жоғалмастан түгел күйінде сақталған. А.Байт. ~ Айсұлу Айназар кейпінің мұндай болғандығына азырақ жайсызданғандай оның бетіне қадала қарады. Айназардың бет-шырайы — өз жөнімен басқа оймен шұғылданып келе жатқандай көрінді. С.Сей. ~ Өмір-керуен тоқтамайды, өз жөнімен көшеді, Мағынасыз бұл жалғанда маңдайыңның соры батпан бес елі. С.Иман. ~  Вагонның сырғымалы есігін сызаттап қана ашып, сығалап қараймыз. Жұмыс киімін киген, әр қайсы өз жөнімен қарбаласып аяқтарын тез-тез басып, кетіп бара жатқан адамдар. Б.Соқ.

Posted in

ӨЗ ЖАНЫН ӨЗІ ЖЕДІ  (ЖҰЛЫП ЖЕДІ, КЕМІРДІ)

Уайымға салынды, әбігер болды, мазасызданды, азапқа түсті. * Бұл өз жанын өзі жеп, егеле таусылып отырғанда, Қарашашқа тегі рақат: ұйқысы сондай тез, қалай желкесі жастық сипаса, солай кірпігі ілінед. М.Қаб. * Не керек, қара терге түсіп, өз жанын өзі жұлып жеп, әбден зорыққанда барып, молдасоқына ентігіп ентігіп отырды да, аспандағы күнді нұсқап, он саусағын көрсетеді. С.Жүн. *  Ж а ң ы л. Жұмыс жағынан не ойың бар? (Қоспан үндемейді. Пауза.) Осылай өз жаныңды өзің кеміріп жата бересің бе? Бір қаракет етпейсің бе? Т.Ахт.

Posted in

ӨЗ ЖАНЫН ӨЗІ ЖЕДІ  (ЖҰЛЫП ЖЕДІ, КЕМІРДІ)

Уайымға салынды, әбігер болды, мазасызданды, азапқа түсті. * Бұл өз жанын өзі жеп, егеле таусылып отырғанда, Қарашашқа тегі рақат: ұйқысы сондай тез, қалай желкесі жастық сипаса, солай кірпігі ілінед. М.Қаб. * Не керек, қара терге түсіп, өз жанын өзі жұлып жеп, әбден зорыққанда барып, молдасоқына ентігіп ентігіп отырды да, аспандағы күнді нұсқап, он саусағын көрсетеді. С.Жүн. *  Ж а ң ы л. Жұмыс жағынан не ойың бар? (Қоспан үндемейді. Пауза.) Осылай өз жаныңды өзің кеміріп жата бересің бе? Бір қаракет етпейсің бе? Т.Ахт.

Posted in

ӨЗ ӘЛІНШЕ

Әліне қарай, шама-шарқы жеткенше. ~ Ауыл көркі де жаңа отаумен, қаладан оқып қайтқан азаматымен өзінше сәнденген тәрізді. Өз әлінше қонақ-қопсы, ойын-күлкі де бар. Бірақ, осылардың бәрі уақытша, бір желпіну тәрізді. С.Бег. ~ Балалар киізден, шүберектен жалғаған ала-құла кітап дорбаларын мойындарына асып, іліп алар тәуір киімдерін киіп, әрқайсысы өз әлінше бой түзеп келіпті. С.Ом.

Posted in

ӨЗ ЕТІН ӨЗІ ЖЕДІ

Аштықтың құрбаны болды. ~ Мен болмасам да, осынау ез етін өзі жегелі жатқан ақтың білеуіттері елді тыныш қояр ма еді? Ж.Айм. ~ Өзі жаяу, қарны аш, Енді қайда барасың. Шошқа қалмақ қайтейін, Өз етін өзі жегенде, Неге талап аласың. І.Жанс. ~ Ұлт санасын сансыратқан сойқан зардабы еске түседі. Өз етін өзі жеген қазақтың тағдырдан тауаны қайтып, сағы сынды. С.Елу.

Posted in

ӨЗ ЕТІН (ИЫҚ ЕТІН, ЕКІ ИЫҒЫН) ӨЗІ ЖҰЛЫП ЖЕДІ

Аласұрды, тыпыршыды, екіленді. ~ Онда баяғыдан бергі өз етін өзі жұлып жеген әуре-сарсаңның не керегі бар еді!? Ә.Кек. * Осы оқиғадан кейін тұйық судай іріп-шіріп, өз етін өзі жұлып жеген алып империя – Кеңес Одағы аумағында азаттық ұраны анық айтыла бастады. Т.Құсай. * Ұйқысыз дөңбекшумен таң атырам, Көз алдым кейде менің қара тұман. Екі иық етін кезек жұлып жеген, Көкжалдай көкке ұлып, аласұрам. А.Мұқ. ~ О да бір қонысқа бас қоса алмай Арқаның дөңінде, Хорезмнің ойында бет-бетіне бытырап жүр. Оларға тартса өз иығын өзі жұлып жеп, жаланып тұрар еді. Ә.Кек.  

Posted in

ӨЗ ЕСЕБІ ӨЗІНДЕ

Өз ойлағаны, іштей көздегені бар. * Ал, Неплюевтің өз есебі өзінде, «Бала секілді, бұлардың қуануы да, ренжуі де оп-оңай. Мұндай елді басқару қиынға түспейді. І.Ес. * Ойын он бөлген істің осынша тыныш шешілгеніне әсіресе, Мүсілім риза болды. Бәрін артығымен қайтарып алған Бәсібектің де іштей өз есебі өзінде болатын. С.Досж. * Бір-біріне айтпаса да, есептерінің ойдағыдай шыққанына әрқайсысы іштей сенімді болды. Ал, Хадишаның өз есебі өзінде болатын… С.Досж. ~ Бұларға тағы да нағашысы Абдолла болысады. Тоқал мен шалдың сөзін сөйлейтін Бейсембі «ақсақал». Бұның өз есебі бар. Бір жағы тоқалмен тамыр, екінші жағынан партияның бастығы. Есендікті өзіне жем қылғысы келеді. С.Саду.

Posted in

ӨЗ ЕСЕБІ БАР

Өз ойы, ішіне бүккен мақсаты бар. * – Жұрттың бәрінен өйтіп дәмеленбей-ақ қой, оның үстіне, елі іргелес жатқан Нұре-кеңнің де өз есебі бар шығар, –деп, Жұман екі ұшты жауап берді. К.Сег. ~ Ал халқы қалап хан көтерген Ғұбайдолланың өкілдігін танудың тіпті ойға да алмай, ұзын арқан, кең тұсауға салуында орыс өкіметінің, сөз жоқ, өз есебі бар еді. С.Ақт.

Posted in

ӨЗ ЕРКІМЕН

Ерікті түрде, өзінің қалауымен. ~ Өздерің айтатын едіңдер ғой: «баяғыда Қорқыт деген адам бопты, ол өлімнен қашыпты, қайда қашса да алдынан көр кездесе беріпті, содан кейін қашудан қажып, кез келген көрдің біріне өз еркімен жатыпты да, қашан ажал жеткенше күй тартып өтіпті» деп; сол Қорқыт — мен болдым!.. С.Мұқ.  ~ Ә-әй, Тазабек-ай, жаны шығып кетпеген соң, кім барып өз еркімен көрге кіре қойсын, болашақтан бір жақсылық күтумен өтеміз де бәріміз. Б.Нұрж.

Posted in

ӨЗ ЕРКІ ӨЗІНЕ ТИДІ (ӨЗІНДЕ)

Біреуге тәуелділіктен құтылды, өз қалауымен күн кешті, еркіндікке қолы жетті.  *  Мақалада Жақып атты баланың базарға барып, тордағы кішкене құсқа азаттық алып бергені туралы айтылады. Өз ісіне марқайған Жақып тәтті қиялға да беріледі. Азаттыққа ие болып, өз еркі өзіне тиген кішкене құс та балаға алғысын жаудырып, көк аспанға қалықтайды.  А.Байт.* Бөкен шалмен қысқа қоштасты да, ылдилап жүріп кетті. Манағыдай өрекпіп сүлік қараға қамшы да үйірмеді. Өз еркі өзіне тиген соң, оның да желігі басылып, жұмсақ аяңына басты. Қ.Жұм. * … іңірде сапар шеккен шаруа, жетіскенінен сапар шекпеген шаруа, күндізгі жұмыстан қолы босап, өз еркі өзіне тиген соң, кеше кешке дайындаған отынын тиеп қайтуға барады … О.Бөк. * Сағындықпен бұдан былай бірге тұруға риза болмаған себепті, басына бостандық алады. Кімге тисе де өз еркі өзінде, — деді. І.Жанс. * Өз еркі өзінде жүрген кезінде, қара қазақ түгіл, қылышынан қан тамған халдайға да дес бермепті… Ер жігітке бұдан артық не керек?  Қ.Жұм.