Posted in

ӨЗ БІЛГЕНІН ҚЫЛДЫ (ЖАСАДЫ)

Қолынан келгенін істеді. ~ Қашам деген уақ қайықтардың халі мүшкіл болды. Теңіз күзетшілерін бірі де көз жаздыра алмады. Ол күнгі соғыс мәшинесі тозғындаған Қытайды қысып ұстауға жарады, дерт өз білгенін қылды. Ж.Айм. ~ Сайын Мұратбектің лирикаға толы әңгімелерін көк дәптерге көшіріп, сөз саптау мәнерін зерттеп көрді. Иә, өз білгенін жасап бақты. Бірақ, жазушы бола алмады. З.Төл.

Posted in

ӨЗ БІЛГЕНІН (ӨЗІ) ІСТЕДІ

Не істесе де өз еркі болды. ~ Дәулетбақ үндемеген қалпында отыра берді. Маңайындағы ел шыдамы таусыла келіп, аяғында: — Бүйткенше, кетейік. — Қой, кетейік. Енді не істесе, ұлық өз білгенін істесін. М.Әу. ~ Бұл қаралы кешке өз еркімен қосылған Жолбарыс төбет біресе керуеннің алдына шығып, біресе соңында қалып, тіпті мүлдем уақыт басқа жаққа кетіп қалып, өз білгенін істеп жүр. Құйрығын мұқият қайқайтып, жан- жағына сақ қарап, бүлкілге басып келеді. Ш.Айт. ~ Араларында бөтен болмай өзді-өзі сөйлескенде, кәртеміштер: — Өзге қазақ өз білгенін өзі істесін, тағы осы арадағы аз ғана әлжан, сен, есің барда, елің тап. М.Әу.

Posted in

ӨЗ БІЛГЕНІМЕН ӨМІР СҮРДІ

Өз қалауымен, түсінігімен ғұмыр кешті. ~ Одан бері көп жыл өтті. Әркім өз білгенімен өмір сүруде. Нұрахметтің де өз білгені өзіне кем болған жоқ. Жалғыз інісі Рахметті оқытып сот қылды. Беделі ешкімнен кем емес. Құдайға шүкір. Т.Әбд.

Posted in

ӨЗ БИЛІГІ ӨЗІНДЕ

Өзімен-өзі, ешкімге тәуелді емес д.м. ~ Өйткені, қазір өз билігі өзінде, отбасы да, отағасы да ашса алақанында, жұмса жұдырығында. Қ.Түм. ~ Дегенмен, «ұрғашының жолы тар», оның үстіне бұл өз билігі өзіндегі басы бос бикеш болса бір сәрі, қаймана қазақтың басыбайлы қалыңдығы – тұтқын қыз. З.Қаб.

Posted in

ӨЗ БИДАЙЫН ӨЗІНЕ ҚУЫРЫП БЕРДІ

Өзінікін өзіне беріп, жақсылық жасаған болды. ~  …осы жерде ғана Самал өзінің еркелігіне тағы салды: — Айып төлеген түріңіз өз бидайын өзіне қуырып бергендей екен,— деп еді, Тәкіш күлемін деп шашалып қалды.Ә.Әб. ~ Бұ күнге дейін өз жемісін артығымен берген «өз бидайын өзіне қуырып беру» әдісін басшылыққа ала отырып қағаз былғап көрейік. Бұл қазақ әдебиеті ғылымына мен енгізген жаңалық. А.Нүс.

Posted in

ӨЗ БЕТІНШЕ

Өз жөнімен; бөлек; өз дегенімен; өзімен-өзі. *  Кейде ол өз бетінше ойнап жүрген Әшімді жүгіріп барып құшырланып бауырына қысқысы кеп кетсе де, қалған балалардан бата алмайды.  Ә.Нұрп. * Енді міне, өмір жолын өзінше бастаймын деп оқу орнынан рұқсат алып, өз бетінше ізденіп жұмысқа тұрып, үлкендер жүріп өткен үлкен жолға шыққан беті… ай өтті ме, өтпеді ме, қызметінен қуылды. Д.Дос. * Дүниеде өз бетінше тұрған жамандық яки жақсылық болмайды. Қандай да болмасын сөз яки іс өзінің айтылуының немесе тындырылуының ыңғайына қарай жаман, я жақсы болып шығуы мүмкін. Т.Әсемқ. * Бала — бауыр етің деп тегін айтқан ба. Өз бетінше қыбырлаған тірлік иесі демесең ол — сенің денеңнің бір бөлігі. Т.Сәук.

Posted in

ӨЗ БЕТІНЕ КЕТТІ

Өз жөнімен кетті. ~ – Бәлду-батпақ бәрі өтірік, бәлду-батпақ бай өтірік, – деп, тілімен біресе астыңғы ернін, біресе үстіңгі ернін сулап алады. Қоштасып, осы жерде бірінен бірі мінін таба алмай, әрқайсысы өз бетіне кеткен екен деседі. Қаз.Ерт. * Ондай жағдайда, алты басты айдаһар болса да Қоңырқұлжа, Ахметтерден өш алу оңайға түседі. Әрине, онымен Кенесары сүйек тиген төбеттей ұпайым түгел деп өз бетіне кетпейді. І.Ес.

Posted in

ӨЗ БЕТІНЕ

Ол бөлек әңгіме д.м. * Енді ол қатындікі өз бетіне. Жастығынан қорықтың ба, абыройымды ашар деп қаймықтың, ба, әйтеуір жалынышты, жалп етек болдың. Оның өзі бір төбе.  М.Әу. * Абайға мұндай дүниелік жайында ешуақытта тарлық еткен емес-ті. Қазіргі де қатты жүрістерін жай балалық, желік жарыс қой деп білген. Бірақ ол өз бетіне. Ал мынау Абай үйге кірмей, асыға басып дөң басына келеді.  М.Әу. * Артын көре жатар… Не болмаса, білінбей де, сезілмей де аман өтер. Оның бәрі де өз бетіне.  М.Әу.  

Posted in

ӨЗ БЕТІМЕН

Өздігінен; жеке-дара; жұрттан бөлек; ешкімнің көмегінсіз, қатысуынсыз. ~ Бұның аты не? Барып тұрған екіжүзділік, жалғаншылық, масқаралық емес пе? Жеке адам жалғыз басымен, өз бетімен осындайды істесе, біз соны көре тұра жерге түкірер едік! Жиренгеннен өртенгендей болар едік.  М.Әу. ~ Қасқыр жеп кететін бір марқа ғой бұл, – деді Өтей тұқырайған басын көтеріп, – бүйтпесе керек еді Шыңғыс. «Бала да өз бетімен істей қойды ма екен, бұны?» деген сөздеріңде де жан бар. С.Мұқ. ~ Қайран ауылда бас біріктіретін, басалқы айтатын адам болмай жүр-ау. Әркім өз тірлігімен, өз бетімен. Бірін-бірі тыңдап, біріне-бірі сүйеу болу деген жоқ. К.Қаз.

Posted in

ӨЗ БАУЫРЫНАН ШЫҚҚАН (ӨРБІГЕН)

Туған балалары туралы. * Неге назары түссе де, тесіле қарайтын әдетімен өз баурынан шыққан балаларының да әр қадамын қалт жібермей қапысыз бағып отыратын әкесі тек осыған ғана көзінің аласын азайтып, мейіріммен қарайды. Ә. Кек. ~ Көршілер Ленаның өсірген гүлдерін деревняның сәні дейтін. Оған шаттанған Леночка гүлдері онан сайын аймалап, өзінің бауырынан шыққан баласындай күтетін. Қ.Жарм. ~ Перзенттен де кенделік көрмепті. Үлкен ұлдары Таһир мен Бұйдаш әкелеріндей емес қазақ тағының қызығын көрудей-ақ көрді. Бұйдаш сұлтан өз бауырынан өрбіген жиырма төрт сұлтанмен бірге Шағатай ұлысындағы бір шайқаста бір төбенің басында жайрап қалды. Ә.Кек.