Салт-дәстүрді сақтай отырып үйленді. * Мен келмедім есіңе, Некелеп Құртқаны алғанда. Қараспан тауын қаңғырып, Көңілге қайғы толғанда … А.Байт. («Қ.Қ.Қ») * – Әйтеуір, заңды бұзып некелеп алған жоқсың ғой, алда-жалда көңіл қосқан екенбіз, оны қылмыс көрсе, еркек біткенді піштіріп, ұрғашы біткеннің ұмасына құм толтырып мүлде бітеп тастамай ма бұл өкімет. Н.Дәу. * Ол менің некелеп алған жарым емес қой. Біздің екі-үш рет сүйісіп, тілден бал сорысқаннан басқа арамызда ештеңе болған жоқ. Ә.Нұрш.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
НЕКЕГЕ ОТЫРДЫ (ТҰРДЫ, ТІІРКЕЛДІ)
Заңды түрде ерлі-зайыпты болды. * Немерелес туысқандармен некеге отыруды шет көрмейтін түрлі секталар да қазақ жастарын өздеріне тартып жатыр. Ж.Баб. * Екеуі некеге отырмай-ақ кемпірдің пәтерінде елбесіп-селбесіп тұрып келіпті. М.Қаб. ~ Заңдастармай– ақ түтін түтетуге болады ғой. Алар– алмастан әйелі– ақ, еркегі — қара киініп, некеге қарай тұра шабады. Екеуміз ерлі– байлы болғанда некеге тұрып па едік, а, айтшы осыны?! Қ.Түм. ~ Бүтін көңілді жарым қып, жалынды жүректі жаралап, от түтеткен екеудің жас отауына бүлік салған мен шығармын? Онда неге некеге отырмаған? Некеге тіркелмесе, шаңырақ көтерілмес пе еді? С.См.
НЕКЕГЕ ТІРКЕЛДІ
Ерлі-зайыпты болып, үйленгендерін заңдастырды. ~ Онда неге некеге отырмаған? Некеге тіркелмесе, шаңырақ көтерілмес пе еді? Қай қазақ ЗАГС– ке отырып, некесін қидырып, куәландырып қосылушы еді. С.См. ~ Бірақ сен бармадың. Мен зорламадым. Үйдің кəкір- шүкір шаруалары басыңнан асып жатыр еді. Некеге тіркелер күнгі уəдем есіңде ме? Н.Кел.
НЕКЕ СУЫН ІШТІ
Үйленді, ерлі-зайыпты болды. * Бiрақ‚ оның неке суын iшкен ата- анасы‚ құлағына айқайлап қойған есiмi бар. Қ.Түм. ~ Мешіттен неке суын ішті‚ жұбайының құшағы гүлге толды. Қ.Түм.~ – Атам заманнан бері еркек пен әйел ерлі–зайыпты болып неке суын ішкен соң немесе неке қуәлігін алған соң олар бір үйдің, бір шаңырақтың астында тату өмір сүруге борышты боп келген. Д.Ис.
НЕКЕ СУЫН БӨЛІП ҰРТТАДЫ
Отбасылық өмірдің қызығы мен шыжығын бірге көрді. ~ Отау тігіп от жаққасын әркім өзінше, шығарда жаны бөлек достарың да бөлектеніп кете береді екен, сенің ең жақының неке суын бөліп ұрттаған серігің мен тұлабойыңнан жаралған перзентің екен… Қ.Түм.
НЕКЕ СУЫ
Неке оқылғаннан кейін жаңадан болған ерлі-зайыптылар ауыз тиетін су. * Мен сізге тұрмысқа шығамын,таңданбаңыз да шошымаңыз… Неке суы дайын. О.Бөк. * Әпкем де ернін тигізді. Бұдан кейін куәлар неке суынан дәм татты… Б.Мом.
НЕКЕ ҚИЯР
Екі жастың некесін заңдастыру рәсімі. ~ Хандығындағы алтын-күміс қазынаны аямай, екі жастың неке қияр тойын есте қалардай етіп өткізді. А.Сей. * Менде енді бір тамшы да жас жоқ. Бозда, Тотия! Неке қиярында боздаған соңғы келіншек сен бола ғой. Қ.Ысқ.
- Некеге отырып біріне-бірі қосылғандығын заңдастырушы адамға берілетін жоралғы, ырым. ~ Қамар: — Қызыл жібек тәнімді жүн қылмаймын, Жарқыраған күнімді түн қылмаймын. Неке қияр ала алмай қаласың деп, Шалға барып басымды күң қылмаймын. С.Тор. ~ Қамар: — Тыңдамасаң, әрі кет мыңқылдамай, Жүк артқан өгізге ұсап ыңқылдамай. Жерді қап, жемтігіңді жегір, молда! Неке қияр алам деп қыңқылдамай. С.Тор. ~ . Сен келіншек алсаң — оның некесін қиятын ауыл совет. Сондықтан молдекеңдерге неке қияр да жоқ. Х.Ес.
НЕКЕ ҚИДЫ
Екі жастың ерлі-зайыпты болу рәсімін жасады. ~ Амалы жоқ Күнтай, Зейнептің қиылған сөзін достық көрді де, ризашылық білдірді, көп кешікпей Ақпанның бір семіз тушасы сойылды да, азынаулақ шал-кемпір жиналып, қарашы ауылда тұратын шала — дүмбілездеу молда Ақпан мен Күнтайдың некесін қиды. С.Мұқ. ~ Тоқтат сөзді, — деді Қалпе қатуланып. — Тотия мен Нұрперзенттің некесін қидым. Оған мына жұрт куә. Аумиын! — Қалпе тізесіне қолын тіреп орнынан тұра берді. Қ.Ысқ.~ Қан Жантайды сұрасаң, Сілбеден сірге қидырған, Шелектеп қымыз құйдырған, Сыңсыма көйлек ақ тамақ, Жолда неке қидырған. А.Байт. («Алтай тәті»). ~ Сөйтіп ағасы мен інісі бір-біріне қуана табысады. Ағасы үлкен той жасап, әйелді інісіне қосып, неке қидырады. Қаз.ерт. ~ — Соның батасынан кейін, ризалығынан кейін ғана неке қидырасың, балам. Х.Ес.
НЕКЕ ДҰҒАСЫ
Шариғат бойынша неке қиғанда оқылатын сүре, аяттар. * Имам Бикені қолынан жетелеп неке қиятын кілем үстіне отырғызып, хатшысы некенің дұғасын, талақтың шартын оқып жатты. Ж.Айм. * Негізгі қалың жиын тарағанымен, алда неке қияр, қол ұстатар, шаш сипатар секілді тойдың ырым- кәдесі әлі көп еді. Қ.Жұм.
НЕДЕН ЖАЗДЫМ?
Не айыбым бар? Қай жерден қателестім? * «Жөндем жүрiп, жөнiмен сөйлей алмайтын басым екi жастың бiрiне келгенде осындай сөз еститiндей, үлкен-кiшiге күлкi болатындай бұл Жаратушыға неден жаздым екен? К.Сег. * Бағанадан бері «неден жаздым екен?» деп көңілімде балалаған көп күдіктің жауабын енді тапқандай болдым. Т.Сәу. * Тым құрмаса, мазақтамай, азаптасаң етті. Неден жаздым? Алдыма әкеп қолақпандай қорлығыңды кесе-көлденең тастардай не жазыппын? С.Жүн. * – Қайдағы жылқы?! Тағы неден жаздым? Батыр-ау, не сұрап отырсыңдар? Тағы да тілімнен жазбаса, игі едім, – деп Сүлеймен Құсайынның көкшіл көзі жыпылық атып, шын түсінбеген нышан білдірді. С.Жүн.
НЕҒЫЛСА О ҒЫЛСЫН
Не істесе де, шаруамыз не д.м. * Өзге жұрт неғылса о ғылсын, тек өзінің отбасын мына қасырет-қиын ортасынан аман-есен алып шықса болмай ма? О.Сәрс. * Ау, бәйгені алған екен, неғылса о ғылсын, жұмысымыз қанша? Өзіміз беріп алып, өзіміз өсек қыламыз – не деген бейшара едік, ә? Б.Әлімж.
