НЕ СӨКЕТТІГІ БАР

Несі ұят, несі ерсі. ~ «Неге ренжіді? Не жаздым? Жұмысқа шығам десем, оның не сөкеттігі бар? Жо… жоқ, сабатпаймын… Сабаса өлем! Өлтіреді…» — дей берген сонда ол күбірлей. М.Сүн. ~ Тәңірім-ау, түбі мәңгі мекен етер жерімізді от оттап, су ішіп жүрген шағымызда қамдап, жылы да жайлы ұя салып алудың не сөкеттігі бар. О.Бөк. ~ Есі бар адам бұлайша өмір сүрмейді. Біреудің етегінен ұстайды, некесіз болса да бала тауып алады. Не сөкеттігі бар, ертеңгі алданышың, өміріңнің жалғасы әм қызығың. Қ.Жиен. ~ – Қайран кеңес үкіметінің көзіндей жалғыз костюмімді қағып–сілкіп таза ұстасам, қырынып, жуынып, сыланып–сипанып күнде таза жүрсем оның не сөкеттігі бар? С.Дос.

НЕ СОРЫМ

Енді не айтарсың д.м. ~ «Оразбай, Жиреншелерге не сорым, оңаша сөйлеген бір күні жаңағы Абай айтқан жайлар туралы Көкбай да бір суық сөз сөйлеген. «Абайдың бір міні болса — ол аса орысшыл боп кеткені ғой, тек соларға ғана қарап отырмақпыз ба?» деген еді. Ербол жаңағы Абай сөзінің тұсында, сондағы Көкбай сөзін да еске алған-ды. М.Әу. ~ Кәріліктің қоңыр дақтары басқан жуан, салалы саусақтарының сыртына үрейлене қарады. Тумысынан бірбеткей, қаталдау кісі, қартайған соң не сорым! Т.Рыс. ~ Кәк тасына дейін қайың мен тал басқан тағылының бытқылында отырып отынға жарымайды, қатын-қалаштың зорға жинаған отынын ұрлаған соң, не сорым. Әй, түбің оңбас сенің… К.Жүн. ~ Осы күнгінің сиыры да азып кеткен бе, сауында етейгенін көрмеп еді, енді не сорым. К.Жүн.

НЕ СИҚЫРЫ БАР

Нендей амал-қулығы, қандай қасиеті бар, қалай істейді. ~ Ақша деген бір пəле болды! Шіркейдің жыры қандай құбылса, ақша да сондай құбылды. Сырттан қараған кісіге ол бейбіт, қой үстіне бозторғай жұмыртқалап тұрған тəрізді, ішінара келсек, бəрінің күні қараң, не сиқыры барын ұқпадық. Ж.Айм. ~ Жүргеннен бе, не ғажап, Не сиқыры бар мұның?! Шаштарында болмайды ақ Бұл араның шалының. Ғ.Қай. ~ Алғашында қысаспен егесіп қармаққа түсіріп еді. Артынан құтыла алмай-ақ қойды. Жадылап, баурап алды. Не сиқыры бар екен?! Өзі де анық білмейді. Ж.Сәм.

НЕ СЕБЕПТЕН (СЕБЕПТІ)

Неліктен, неге, себебі не. ~ Бар шығар балалығың үйткен-бүйткен, Айдатты Ақмолаға не себептен? Тірідей атқа тағып өлтіргендей Тобықты не көріп ең, ер Кебектен? І.Жанс. ~ Не себептен екені белгісіз, шамасы тамақ іздеген болу керек, погребті тінтіп, жауынгерді тауып алады. Т.Ахт. ~ Нұрғазарын, сөйле десем сөйлемейсің, Майысып не себептен үндемейсің? «Нұрғаз.» ~ Сүйіндік аға, осы мына сіздің жердің алдындағы Қарауыл дейтін жалғыз биік, не себепті Қарауыл атанды екен? — деді. М.Әу.

НЕ САН

Өте көп. ~ Жұрт теңселіп кетті: кім кіммен қоштасып жатыр, айырып болар емес, ызы-қиқы, жылау-сықтау. Ботасын іздеген інгендей аңырап дауыс салып жүргендер не сан. Н.Сер. * «Құдай-ау, үлкен астанада бес жыл оқыды, не сан зиялы, зерделімен араласып-құраласты, сонда зеңбірекпен атсаң да мызғымаған бұл неткен бетон мінез?» М.Қаб.

НЕ САЙТАН ТҮРТТІ

Жын соқты ма, не болды д.м. ~ Киіз үйде мылтығын майлап, оғын сайлап отырған атаңның сенімді серігі түстікке бет түзеген тырналар керуені шаңырақтың тұсына келгенде, не сайтан түртті екен, алдыңғысын көздеп масаны басып қалады. Ы.Дәб. ~ Қомпылдап сөйлеп қояды. «Марданның жындысын-ай, мына! Жеті түнде желігіп, не сайтан түртті өзін. Байғұс бала аман-есен жетсе болды. Қап, жаңа байласақ та алып қалу керек еді! Әкелеріңнің болмағанын қарашы!..» Ы.Дәб. ~ Осыншалық ынжық жаратылғанымды алғаш мойындап отырмын. Басқа істің бәріне батырмын, ал қызға келгенде, не сайтан түртерін білмеймін, суға түскен тауықтай сүлкиемін де қаламын. О.Бөк.

НЕ ПИҒЫЛЫНАН ТАПТЫ

Құдайға қай қылығым жақпады д.м. ~ – Не пиғылымыздан таптық? Кешегі қайғы мен қасіреттен бүгінгі қайғы, қасірет асып түсіп жатқан бұл не пәле? Не сұмдық? Ә.Нұрп. ~ Әзім шын әлсіреді. Титығы құрып әлсіреген дене әрі-беріден соң топырақ басқандай жерге тартып, енді болмағанда көк мұзға отыра кететіндей сүлдерін шаққа көтеріп тұр: «Құдайға не жаздым. Не пиғылымнан таптым»,– деді Әзім. Кінәм бар шығар, бірақ қай мұсылман етегіне намаз оқып жүр еді. Ә.Нұрп.

НЕ ПӘТУА ТАПТЫ (ШЫҒАРДЫ)

НЕ ПӘТУА ТАПТЫ (ШЫҒАРДЫ) Не пайда көрді. ~ Күйші, өлеңші дегендерің де күлімсіреген еркекке емешегі құрып, есі кетіп қалатын жел қуық ұрғашы сияқты ғой. Солардан не пәтуа табылады. Ә.Кек. ~ Сонымен басқалар-ақ шайнассын. Сасық күзендей шақылдаған немемен байланыса беріп, не пәтуа табамын? Осы өкпе тұстағы жалғыз аяқ ат жолдан көш шығарып, көш құлатпақпын. Ә.Кек. ~ Сен бейбақтар осы дүниеге келгелі тауқыметті де аз тартқан жоқсыңдар, бармақты да аз тістеген жоқсыңдар. Бірақ содан не пәтуа шығардыңдар? Жабырқасаңдар — адамсыңдар, масайрасаңдар — хайуансыңдар. Ә.Кек.

НЕ ПӘЛЕ (ПӘЛЕКЕТ)

Сұмдық атаулы. ~ Б а з а р б а й. Тәлімсіген талай ноғай әйелі, Театрда бітіреді екен шаруаны. Ш е р н и я з. Ондай жұмыс тұрмыстан туады ғой! Не пәле ұялғаннан шығады ғой… Неғұрлы бір нәрсені қымтай берсе, Соғұрлы көңілің соған ауады ғой. Ж.Айм. ~ Нарғазы мысықша басып, қорылдап жатқан Шатырбайдың төсегіне қарай жақындады. Мына қазақтардың тағы не пәле ойлағанын білмей орыстар аң-таң. Неде болса күтулі. К.Қаз.

Бұл не қылған нәрсе д.м. ~ Қаражан қарттың қонақтары сәл үнсіз қалды да, іле жамырасып кетісті. — Апыр-ай осы інгеннің үні не пәле… — Жүрек қолқаңды суырғандай боздауын айт та. М.Сүн. ~ Келген жұртыма жаным ашыған. Алғашқысы теріс емес, соңғысы акиқатка айналып барады. Сонда бұл не пәлекет? Қолдан ұйымдастырылған, орысқа да, қазаққа да, басқаға да — адам атаулыға қарсы бағытталған зұлмат. М.Мағ.

НЕ ПАЙДА ШЫҚТЫ (БАР)

НЕ ПАЙДА ШЫҚТЫ (БАР) Не табасың, не күтесің д.м. ~ «Осындай болар ма едік» деп біреулер талаптанар, біреулер «осындай бола алмадық» деп күйінер, мұнан не пайда шықты? Абай. ~ – Менің істегенімді сен істеме… Мен қазақ- орыстың басын көп кестім… Тегіннен тигем жоқ, жазығы болды, оларға сол керек еді… бірақ одан не пайда шықты? Ж.Айм. ~ Не пайда бар — мың надан Сырттан естіп таңдансын. Онан дағы бір есті Ішкі сырын аңғарсын. Абай.