Одан не жақсылық күтуге болады д.м. ~ Додай қатыннан күдер үзді. Күйінді. Қажыды. «Неге ұрдым?» деп өкінді. Не пайда, шерге шер жалғағаннан басқа түк болмады. Ж.Айм. ~ Оспан өткен іске өкінгеннен не пайда деген тәуекелшіл сыңаймен жуып- шайып … С.Ом. ~ – Қазір қара жолдың үсті әрлі-берлі жүріп жатқан құжынаған машина болса да, бірінен пайда жоқ. Бір жерге барайын десең, шоферлер қиқайып, аяғын қия баспайды. Оның көбінен не пайда, – деп тоқтады. М.Мағ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
НЕ ӨТКІЗІП ҚОЙҒАНЫҢ БАР
Соншама неге міндетсінеді д.м. ~ – Ау, Ақан, осы туысқа да, жатқа да айғайыңды сала, тілінді жұмсай келесің. Не өткізіп қойғаның бар. Шешен тіл, сұлу әніңнен де не пайда таптың. С.Жүн. ~ — Ей, бастық! — деді. Үні өктем. Өткізіп қойғаны бардай сенімді сөйлейді. — Сен осы … Мені қудалауыңды қашан қоясың? Ә.Тар.
НЕ ӨЗІ?
Түсінбеу, таңырқау, налу. * – Сен шіркінді қойсайшы… қойшы, Керімбай! Не керек сондай сөз?.. Сүйген деген не өзі? Мен нанбаймын ондайыңа… – деп тыржиып тұрды. Ж.Айм. * Не өзі? Мен қырсықпын ба, бүгінгі күн қырсық па? Жұлдызым терісінен туды да тұрды. Қолтығынан демейін деп кассирдің қасына шауып барып ең, алғыс айтқанның орнына ит терінді басыңа қаптады. М.Қаб. * — Жәмеш ағаны мен де түсінбей-ақ қойдым. Сандырақтап жатып қайдағы бір тоқал сиырды аузына алады. Сол тоқал сиыры не өзі? Д.Әш. * Бұл не өзі? махаббат па? Ол едәуір: мүмкін бес жас, мүмкін елу жас… үлкен ғой… Бұл не өзі? …көзсіз, ессіз сезімнің бозбаланы буындырып, мойнына қыл шылбыр болып оралуы ма… Бұл не өзі?.. О.Бөк.
НЕ ОРНЫ БАР
НЕ ОРНЫ БАР Не қисыны бар, соның қажеті не д.м. ~ Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Абай ~ Асан. Қарагөзге енді кімнің ортағы бар? Өтер күн өтті. Қарауыл Қарагөзін ұзатты. Қайғының не орны бар? М.Әу. ~ – Хандық төре тұқымынан айырылып көрген жоқ. Аға сұлған да төреден сайланады. Оған таласудын не орны бар? Төре баласы ежелден елді билеп келді, әлі де билейді, – десті. Т.Жұрт.
НЕ ОРНЫ БАР
Не қисыны бар, соның қажеті не д.м. ~ Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Абай ~ Асан. Қарагөзге енді кімнің ортағы бар? Өтер күн өтті. Қарауыл Қарагөзін ұзатты. Қайғының не орны бар? М.Әу. ~ – Хандық төре тұқымынан айырылып көрген жоқ. Аға сұлған да төреден сайланады. Оған таласудын не орны бар? Төре баласы ежелден елді билеп келді, әлі де билейді, – десті. Т.Жұрт.
НЕ ОПА, НЕ ҚАЙЫР
Нендей тәрбиелік, нендей жақсылық күтуге болады д.м. ~ Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! БАҚ.
НЕ ОЛ ЕМЕС, НЕ БҰЛ ЕМЕС
Әрі-сәрі, бірде олай, бірде бұлай. ~ Абай ағаң айтқандай «не ол емес, не бұл емес, менің де күнім күн емес» деп. Дұрыс сөз, ақылды сөз. С.Бақ. ~ «Не ол емес, бұл емес, менің де күнім — күн емес» деп Абай айтқандай, ит-қорлықпен өткен бір тірлік те біздікі, — деп Әсет алып кеудесін сілкіндіре, ауыр күрсінді. Қ.Жұм.
НЕ ОЙЛАҒАНЫН КІМ (ӨЗІ) БІЛСІН (БІЛЕДІ)
Не істемек, не жоспары бар д.м. ~ Қамар бұл ойынға бармай пәле қылады ғой деп қорықса да, не ойлағанын кім білсін, шақырысымен Қамар өзі бастап оңай-ақ барып қалды. С.Тор. ~ Төмендегі екеу — Ахмет пен Төлебай жазмышқа көнгендей, айналасына бір-бір қарап алды да, үндемеді. Не ойлағанын кім білсін. Б.Ыбыр. ~ Бірақ, кешегі түн оқиғасын екеуі де қозғаған жоқ. Қыз не ойлағанын өзі білсін, ол жайында жұмған аузын ашпады. Бұл да сұрамады. Н.Сам. ~ Олардың әр қайсысының жанында бір-бір сылқым сұлу бар еді. Не ойлағанын өзі біледі, бастығы екі күлімкөзді бірге ала келіпті. С.Олж.
НЕ ОЙЛАҒАНЫҢ БАР
Не жоспарың бар, не істемексің д.м. ~ — Қайнаға-ау, не ойлағаныңыз бар? Бір тіршілік жасау керек шығар. Ау, жаман айтпай жақсы жоқ, күтіп отырған ер-азаматымыз келмеген күнде не істейміз? Өлеміз бе осылай? С.Ел. ~ — Сиыр анау суарылмаған. Тым болмаса шөбі жоқ алдында. Асты да шығарылмапты. Осы сенің не ойлағаның бар, ә?— деп, таяғымен Ыбекең тартып жіберді. М.Қаб. ~ Осы орыстардың не ойлағаны бар екенін ойлап ойлап түсінбеймін сонда да. К.Өтж.
НЕ МАСҚАРА
Ұят емес пе?! ~ — Е, онда талқаның қайда кетуші еді, шамаданын қарайық. Матрасының, жастығының астын тінтейік. Егер шанашың Нарботадан табылса, сазайын сонда берейік. Ал әзір көйлегін жыртқаның не масқара? Енді тәрбиешіге не дейді? Ш.Мұр. ~ Содан соң, Бегей біздің əңкі– тəңкімізді шығарды. «Оқытушыны оқушыларының алдында жығып берем дегендерің не масқара! Мені құртқыларың келсе Мұхаңды шақырындар, Мұхаң шығарсын шешімін» деді де дəл əлгі қылығын жасап, кафедрадан шықты да кетті. З.Қабд.
