Бұл ісіңді қалай түсінуге болады д.м. ~ Махаббат шіркін осынша жаным тез бе еді, Күркіреп күндей өте шықты ғой көктемім. Бейкүнә менің жанымда тұрып, өзгені, Армандағаның не еткенің? Ж.Әбдір. ~ Жасаған Алла, не еткенің, Жамандықтан кетпедім, Жақсылыққа жетпедім. Есіркесең, жалғызбын, Анадан туған көп пе едім? «Сейпілмәлік».
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
НЕ ДҮНИЕ ӨТТІ
НЕ ДҮНИЕ ӨТТІ Не көрмедік, басымыздан не өтпеді д.м. ~ Е, інім, не дүние өтті ғой, бұл сыңар құлақты бастан.— Шұнақ шал тағы да мұңайып, жаны күйзеліп кетті. Иегі кемсеңдеңкірел барып қайта түзелді. Б.Қыд.
НЕ ДӘРКЕР
Не қажет д.м. * Тыпаңның руы да сол ел; алып отырған қатыны да сол елдің қызы. Әбен тірі тұрғанда, Тыпаңа не дәркер дейсіз? Қаза беріп не қылайық, осы да жетер. Ж.Айм.
НЕ ДЕСЕ О ДЕСІН
Мейлі, айта берсін. ~ Уақытында сыншылар не десе ол десін, қалай бағаласа олай бағаласын, Бейімбет Майлин – ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы шындығын … өлместей етіп бейнелеп беріп кеткен классик жазушымыз. Қ.Ерг. ~ Сөйтіп жатып қыбы қанды. “Не десеңдер, о деңдер, жеңіс менікі!» — деп масайрады. Н.Дәу.
НЕ ДЕП БОЛАДЫ
Не айтарсың д.м. * – Қайда кеттің, Қызбалтай… – Жұртын сағынды ма, әлде аттаған ақ босағасын қимай ма, не деп болады, – десіп жұрт мұң күйзеген. Н.Дәу. * Ертеде шабынды жылдары ішкеріден келген ғаскерлер біздің елден қыз олжалап әкетіпті десіп жүретін… Не деп болады? Ши- амбы сол қыздардың бірінен туып қалды ма?! —деп тіпті төндіріп келеді. Қ.Жұм. * … князь Дуаньның көңіліне кәдімгідей қауіп кіре бастап еді. Не деп болады: көшпелі тағы жұрт мекендеген бейтаныс өлкеде, иесіз жапан түзде топтанған ұры- қары, қарақшылардың жортып жүруі де мүмкін ғой. Қ.Жұм.
НЕ ДЕП (ҚАЛАЙ) АУЗЫҢ БАРАДЫ
Cондай сөзді айтуға қалай дәтің барады д.м. * — Ойларыңды айтпай-ақ білеміз. Құдай бастан бағымызды аудармасын. Бағымыз ауса, алдымен бізді түтіп жейтін сендер боласыңдар, білдің бе? — Келінжан-ай, не деп аузың барады? Б.Майл. * — Сонда… Маған Ақбаянмен қайтадан тіл тап демексің бе? Мұндай сөзге қалай аузың барады?! І.Ес. * — Ей, хайуан! — деді Салтанат қалшылдап. — Не деп тұрсың?!! Ит болсам да балаңның анасы емеспін бе! Қалай аузың барады! Т.Сәук.
НЕ ДЕГЕНМЕН
Қалай болғанда да, әйтеуір, алайда. * … Құбығұл әулетінің қатындары енді: «Е, құдалыққа шақыруға жарады-ау. Бәсе-е, не дегенмен, ел емес пе? «Қырық жыл ойран болса да, дәстүр-салтты қалай жоғалтсын», «Күйеу баламыздың да еркек аты бар емес пе?» – деп қалысыпты. Т.Нұрм. * Бірақ жұрт ажарлы деген еркектің бәрін сұлу деуші еді ғой, жоқ, қыз бұл сөзді де ұнатпады. Не дегенмен есіл-дерті ауып қарағысы келіп барады. Дж.Лонд.
НЕ ДЕГЕН
Ашулана таң қалу. ~ Жексен Қодарды ұрған біреудің топшысы тиді ме деп сырт айналып қарағанда: – Не деген имансыз едің, кәрі төбет?! — деп тұрған Құнанбайдың баласын көрді. Абай сырт айналып кете беріп еді, Жексен бұған зекіп: – Өй, бала!.. Ой, сен өзің? — деп тұрып, дауыстап: — Мен бе екен?.. Ер болсаң, әне… әкең! — дей берді. M. Әу. ~ Әуелде ойы арам деп тектемеген, Кең құрсақ қазақ елі кет демеген. Ақыры өз жерінен шыққанда айдап, Ел тамсанды «қорлық деп бұл не деген?!» БС. «Сәтбек». ~ — Ту-у-у! Не деген ғажап сөздер еді! Мынау да менің сөзім ғой! Менің сөзім! «Қам сүт іштік анадан, піскен емес!» дейсің, ә? Рас қой, рас! Ә.Тар.
НЕ ДЕ БОЛСА
Қалай болғанда да. ~ Ол не де болса хан ордасына барып қайтпақ болды. І.Ес. ~ Не де болса сол жерден кету керек деп шештiм. Жанашыр сестра– ма кететiнiмдi сырттан менi сұрап келушiлердiң ешқайсысына, тiптi профессорға да айтпауын өтiндiм. Р.Рай.
НЕ ДАУА
Не істейсің, қайтесің, амал бар ма д.м. ~ Бірақ жел көңілге не дауа! «Шақырусыз асқа барма, желікпе дегенді қас қылғандай көрді. Содан біреу керейдің асын аяды деді ме екен. С.Жүн. ~ Өз бағасынан арзандау кетсе де, әжептәуір ақша болып еді. Бірақ бұл қырсыққа не дауа, бұлар ел аман, жұрт тынышта сол ақшадан да айрылып қалды-ау! Қ.Жұм. ~ Сонда Қазанғап: “Жер-әлем жаралғалы Арал арымап еді. Енді құрғай бастапты, теңіз тартылғанда адамға не дауа, өмірі қып-қысқа ғой”, – деп еді. Ш.Айт.
- Нендей пайдасы бар, не қайыр? * Арман… Сорлының қасіретін қайта-қайта қозғағаны болмаса одан не дауа!». И.Бун.
