Ынжық, момын д.м. ~ — Ақысы не? — Бір ту бие. — Сен он ту биені жетелеп кеткенде, мен бір ту биені шоқтығынан ұстамақпын ғой. — Одан артық не керек саған? — Тапқан екенсің оңай нан жеместі. С.Жүн.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
НАН-ШАЙЫН АЙЫРДЫ
Күнін көрді, тамағын тауып жеді. ~ Алғаны – әке–шешесi обадан өлген жетiм қыз едi, етi тiрi, пысық болып жолықты. Бiреудiң сабасын пiсiп, бiреудiң киiзiн басып қараша үйдiң нан–шайын айырып отырған сол. Т.Сәу.
НАМЫСЫНА ШОҚ ТҮСТІ
Қатты арланды, кектенді, намысы қозды. ~ Арада өткен тағы бірнеше күн, Қайтарсақ деп келіннің бұл меселін. Жігіттер намысына шоқ түскен соң, Бәтенді қорқытпаққа құрды есебін. Қ.Осп.
НАМЫСЫНА ТАМЫЗЫҚ ТАСТАДЫ
Ар-ұятын оятуға тырысты, түрткі болды. ~ Амалы таусылған хан енді оған кісі салуға мәжбүр болды. Арнайы хат жолдап: Ойда Қоқан, қырда орыс, Әкім болды қаласы. Кімнен таяқ, жегендей, Біздің қазақ баласы. Бақталас болып жүргені , Ауылының аласы, — деп намысына тамыздық тастап, бас құрап, бірігуге шақырды. Бірақ, арына жанын, жанына малын садака ететін бидің беті бұрылмады. C.Ақт.
НАМЫСЫНА ӨРТ САЛДЫ
Ар-ұятын оятып, қажырын қайрады. ~ Ол байына қанша жазықты болса да өзін өзі жазықсыз сезінетін. Өйткені екі мүшел жас еді, сондықтан ол «талақ» аталуы жазықсыз жазаланғандай намысына өрт салды. Ә.Әб.
НАМЫСЫНА ҚАМШЫ БАСТЫ
Ұялтты, жігерін қайрады, қажыр қосты. ~ Тектілігі намысына қамшы басқан жалғызың ет тірлігімен қарызданып, қауғаланып жеке үй салып кіргендегі қуанышыңды да «көрдім». Қ.Кенж.
НАМЫСЫНА КЕЛДІ
Ұятқа қалдырды, қор қылды. ~ Ендi оның ыңғайсыздау екенiн бiлемiн. Адамның намысына келетiн ұяттау тiрлiк екенiн балаң көңiл сезбейдi емес, сезедi. Б.Сар. ~ Ата-анасына қарсылық жасаған, ел ақсақалына тіл тиген не өз ауылын қорлайтындай, ағайынның намысына келгендей жаман ic істеген адамды мойнына қыл шылбыр іліп, қолын артына байлап, жалаңаш қылып шешіндіріп, ауылды айналдыра қамшымен ұрып жүргізеді және ұрып қана коймай, неге ұратынын жұртқа айтып, балағаттап отырады. «Қазақ құқығы».
НАМЫСЫНА (НАМЫСҚА) ШАПТЫ
Абыройын қорғады; ар-ұятын аяққа бастырмады. * Қазақ билерінің бәрі ел намысына, қазақ халқының намысына шаппай, төре тұқымдарына қайсаңдап жағынып отырғандарына ызғары қайнап отырған Құнанбай … М.Әу. * — Жігіт екесің, шырағым… Бұл барлық қазақтың елдігіне тиетін, намысына шабатын жұмысы. Не сүйегін аршитын, не сүйегіне тағы бір қара таңба басатын жұмыс… Ғ.Мүс. * – Бұндай құдалықтарда жүздеген жылқы, мыңдаған қой, ондаған түйе аталады, бергін, келсе аларым сол, – деп қалжыңдайды да, намысына шапқан Атығай, Қарауыл: – Сұрағаныңды береміз, – деген соң … С.Мұқ. * Бұл екі зәңгі де қанша бұлан құйрық, майысқақ болғанымен, ел атына мін болар намысқа шаппай тұра алмады. Қ.Жұм. * Мен осы сәтте бір ауылдың үлкендерінен келе жатқан мынау аз ғана топтың да намысқа шаба бастағанына таң қалдым. К.Сег.
НАМЫСЫН ТАПТАДЫ
Арын қорлап, абыройын аяққа басты. ~ Рахмет, қыз байқұс бізді тастап кетпей талай жігіттің меселін қалдырды, менменсіген кейбіреулердің намысын таптады. Рахмет!.. Қ.Ысқ. ~ Шабуға мен бекідім Ақмоланы, Бұйырса, жермен¬-жексен жоқ болады. Қоңырдың қанын ішіп, көзін жоям, Жетеді ел намысын таптағаны!.. Н.Айт. ~ — Осынын бәріне себеп болған Санаттың достарының намысын таптап, өз тойын өзі тастап кеткені емес пе еді? Әділет қайда, ар қайда? Ә.Әб.
НАМЫСЫН ОЯТТЫ
Жігерін қайрады, намысын қамшылады. ~ Ол Шақан бастаған қырық жігітті жолбарысқа бастап барғанда жастардың намысын ояту үшін мынадай әңгіме айтады… Т.Жұр. ~ Мен әзілдедім, «қалай үйленесің:үйің де жоқ, күйің де жоқ, бәйгеге қосып, мал табатын тым құрыса бір жүйрік атың жоқ» деп. Ол үндемей қалды. Намысын ояттым, енді бір тіршіліктің жолын табар деп ойлағам. Б.Ыбырайым.
