Оңбай таяқ жеді, аяғы аспаннан келді. ~ Ділда. Сәулем-ау, менің ол қырсыққа ертелі-кеш қақсағаным осы емес пе? Нұрқан. Жоқ үндеме, жеңеше, дегеніне барсын, не қыларсың? Мойны қайрылғанын көрейік. Қайта қоя бер. М.Әу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
МОЙНЫ ЖУАН
Әлді; күші басым. ~ Бектемір күлді. — Сәулетай, тауып кеттің. Мойны жуан. Көтереді бұл. Сол екі ортада поезды бірінші жолға қойып, жолаушыларды отырғызу басталды. C.Смат. ~ — Е, бәрібір күн жазады. — Жұмыс жазылмайды бірақ? — Қазынаның мойны жуан, уайымдама! Ғ.Мұст.
МОЙНЫ БОСАДЫ
Тыныс алды; арқаны кеңге салды; қолы тиді. ~ Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып. Шаруа қуған жастардың мойыны босап, Сыбырласып, сырласып, мауқын басып. Абай ~ Сатан содан бері үйде. Екі айдан бері
мойны босап, ерте жатып, кеш тұрып, кедей кербездіктің біразын істеп, домбыра тартып, ауыл қыдырып, аунап-қунап қөңілі көбеңсіп қалған еді. І.Жанс.
МОЙНЫ АСТЫНАН КЕЛДІ
Тоңқалаң асты; ойсырай жеңілді, аяғы аспаннан келді; оңбай құлады. ~ «Әділ Жақсыбай баласы қайдағы қашқын ұрыларды ұстап, малымызды ұрлап, тыныштық бермейді» дегіземін. Оны нашандік бізден астыртын секретный бұйрықпен сұрайды. Сонда мына тілмаш- екем мен біз «рас» деп куә болып қайырсақ, бір- ақ күнде мойны астынан келеді. Шәк. ~ — Сонда бұл ожарды қалай көндіреміз? — Оп-оңай. Болмай бара жатса Ермағамбетке айтам дей қойыңыз. Мойны астынан келеді. Ғ.Мұст. ~ Осылар қанша аса берер дейсің. Мына салпы ауыз Әбен түгілі анау ақ патшаның да мойны астынан келіпті ғой. С.Бег. ~ Әлгі байғұстың мұны күтпегені соншалық, тартынуға мұршасы келмей қалды да, асып барып, мойны астынан кеп, гүрс ете түсті. Бұлт беріп, үстіне қона кеттім. Халық ду ете қалды. Б.Соқ. * Ал, қайсыбір ауыл мал жинаушыларды анадайдан көрсе, есік-терезесін бекітіп, не сөйлесе қалса ат-тондарын ала қашып, қашан мойындары астына келгенше етегіне отырғызбай, бас тартады. С.Жүн.
МОЙНЫ ҚАШЫҚ (АЛЫС)
Алыста, тым алшақта орналасқан жер туралы. ~ Қырдағы жақайым тік көтеріліпті. Бірақ, мойны қашық жерде отырған ел, бірінен-бірі құлақтанып, бастары қосылғанша, бес-алты күн өтіп кетті. З.Шүкір. ~ Пароходта менің жан аямас көп достарым бар. Амантай соларға барса, олар бұл кісіні сақтай алады, және мойны қашық жер, бұл кісіні ол жақта танитындар жоқ. С.Мұқ. ~ Сонда Мамозы өзінің ат үсті жорыққа мықты — Рахим деген інісіне бай дүңгендерден іріктеліп құралған топ жігітті бастатып, мойны қашық елдерден дәл үш дүркін жылқы алдырады. Ж.Ахм. ~ Ең алдымен, Қараш мойны қашық ауданда тұратын сырқат апасының көңілін сұрап қайтпақ. Т.Әл. ~ Бірақ бұл өлкеге шекараның мойны алыс, бұл ауғанмен ел-жұрты оған ере ме? Б.Тоғ. ~ Егер, мұны бұл қалыппен жүгенсіз жіберсең, бүгін біздің қатынымызды тартып алса, ертең сенің қатыныңды тартып алады. Бізге оқасы болмас, мойнымыз алыс жер, бір жесірді садақаға бердік: ал, ертең ауылыңда отырып, Сатыбай,
сенің малыңнан құрық, басыңнан сырық кетірмесе, осы жүгенсіз жібергеніңе бұдан жаман өкінерсің, ойлан!.. Сатыбай расында ойланып қалды. С.Мұқ. ~ Атбасарда Ғалияның көңілін аулауға Қордабай күн бұрын қам жасап, Қарқаралы жақтағы
өзектес ұрыларына хабар айтып, мойны алыс жерден бір айғырдың үйірі — 15 шақты қысырақты алдырды да, Атбасарға айдады. С.Мұқ. ~ Көк шулан бұл өңірдің бейтаныс қонағы. Осыдан аз күн бұрын мойны алыс сексеуілді өңірді жайлаған малды ауылдардың айғайына аттан қосып дүрліктіріп жүрген-ді. Ө.Кәр. ~ Қуғыншылар аяқ жетер жерді сүзіп шыққан соң, мойны алыс Қырғызстанға сұрау салады. Тырс еткен хабар болсайшы?! Ө.Кәр.
ЖЕЛКЕСІ ЖАР БЕРМЕДІ
Әлдебір жұмысқа (іске) құлқы болмады, ерінді. ~ Жар бермей бір желкесі, Өсиетін әруақтың. Орындапты кенжесі. Қадыр тұтқан еңбекті. Қара басын аяп па?! Әсте тыным бермепті. Қ.Мырза Әли. ~ Тіпті, оқу атаулыға желкесі жар бермейтін Рахаттың ниеті де бұл пәнге шамалы бұрылғандай еді. Ә.Асқ.
МОЙНЫ ЖАР БЕРМЕДІ
Әлдебір іске, жұмысқа зауқы соқпады, еріншектігі ұстады, жалқауланды; кежегесі кейін тартты. ~ – Кенжем əлі жас. Өзіңнен аз- ақ қалыңқы. Не боп шығарын білмеймін. Бау- бақ, жеміс ек деп баулыған болам. Жұмысқа мойны жар бермейді. О да сылдыраған сөз боп қала ма деп шошимын. Бала деген сол… Ж.Айм. * … оған мойны жар бермей, қапастағы торғайдай жүрегінің бұлқынғаны да, – бəрі де сол толған көкіректің «ымы» деп қыңқ еткен жалғыз дыбысымен сыртқа шығарған лебізі еді. Ж.Айм. ~ «Құранның үстіне шығуға болады. Нанның үстіне шығуға болмайды» деген қазақы шариғат қазақтың нанға зәрулігін атам заманда әйгілеген. Сонда да қазекеңнің мойны егінге жар бермейді7 Ғ.Мұст. ~ Байқасам, нағашымның өзі де құранға құлшылық етіп отыруға мойны жар бермейді екен ғой. Б.Мом. ~ Шын болыс Жүдәбековке баруға мойны жар бермеген осы маңайдағылар дау — шармен Ноғайқұлға келіп жүгінетін болды. Т.Әлімқ. * Көптен бері жиналған, жастық, албырттықтан, бейқамдықтан мойны жар бермей жауапсыз қалған ойлары енді дүмпіп барады. Т.Ахт. * Біздікі сол асқынған нәпсінің желігі билеген жаман ғадетімізге тиым сала алмайтын әлсіздік екенін мойындауға мойнымыз жар бермейтін құлықсыздық қой. Ы.Дәб. * Әйтсе де,сол бала өзінен туғанын іштей мойындайтын сияқты. Сүт әкеліп, пісіріп қойған. Енді соны емізікпен беруге мойны жар бермей тұр. Ғ.Сл.
МІСЕ ТҰТПАДЫ (ҚЫЛМАДЫ)
Қанағат қылмады, көңілі көншімеді. ~ Пурананың басындағы ұяны бұзғысы келмей, Дарнудың жанына келіп, құстың дәретін сілкіп алып тастап, данышпанның бетін жуды, бұған да місе тұтпай, әлгі көрген қызықтың әсерімен қыз Дарнудың бетін шөп еткізіп сүйіп алды. А.Байт. ~ Байтақ албанды билеп отырғанын місе тұтпай көршілес суанды да қосып алып уысында ұсгауға тырысқан. С.Ақт. ~ … аш өзекті алдаусыратар нәпақа ымырт үйірілгенше талай кезіккенмен, азды місе тұтпауға әдеттенген қу көңіл … ақыры бұратылып аштан жатуға мәжбүр болған. К.Сег. ~ Өзім көрдім көзіммен, Шираз елі үзімді Бауырсақтай асайды. Асауды місе қылмайды, Көп құрмай олар тұрмайды, Үзімнен арақ жасайды. Мағжан Жұм.
МІСЕ ТҰТТЫ (ҚЫЛДЫ)
Қанағат етті. ~ Барлық жерде де: «Келсең мүше тұтамыз, кетсең місе тұтамыз», дегендей рай білдіретін. С.Мұр. ~ Ал ауыл баласы қолға түскенін ғана місе тұтады. Таңдауға тағы мүмкіндік жоқ. Ә.Ысқ. ~ 73 келіге дейін салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Дәулет Теміржан Токио олимпиадысының күміс жүлдесін місе тұтты. БАҚ. ~ Ал, өздерiнiң өмiрi сәндi болса жетiп жатыр. Ақшалары – бар, киiмдерi – бүтiн, осыны мiсе тұтады. Ә.Ыб.
МІСЕ ҚЫЛДЫ
Риза болды; қанағаттанды; көңілі көншіші. ~ Жүзтайлақ (жалғыз). Сені адал қатын, жақсы қатын дегізіп, онымен тәтті дәурен сүргізіп, тыныш қарап отырармын мен. Сіңірі шыққан күң, менің иығымнан түскенге сен неге місе қылмайсың! М.Әуез.
МІРДІҢ ОҒЫНДАЙ
Дәл, тура айтылған өткір, ащы пікір туралы. ~ Ауқымнан ауа жайылатындар мірдің оғындай ажуаға ұшырайды. Бірақ оларға сөз өтпейді. Т.Әл. ~ Сөзі мірдің оғындай. Түсі сұрланып, «ағайыншылық өз алдына, ал мына тұста мен ешкімді де аямаймын» деп тұрғандай, төңірегіне суық қарайды. Т.Әбд. ~ Сабағаннан да жаман жаза болды бұл. «Мектепке бармайсың» деген сөз оған мірдің оғындай тиеді. Қандай жаза болса да көтерер еді, көнер еді. Д.Дос. ~ Сараның Арқаның атышулы ақыны Біржан салмен өлең сайысындағы мірдің оғындай түйдектеле құйылған шумақтары поэзияның жыныс таңдамайтындығының түсіндіруді қажет етпейтін айғағы ғой. Ф.Оңғ. ~ Арай дәм сызған жоқ. Міз бақпай қалды. Шалының ниетін әбден түсінді. Бұрыннан сезетін, бірақ мұнша шұғыл кіріседі деп ойламаған. Шаршы шалдың оған әлгіде «тәйт» деп тастағаны ауру жүрегіне мірдің оғындай тиді. Ш.Мұр. ~ Төртеуі де азаматтық құқымыз жермен жексен болды деп зар илейді. Және жазулары қандай, мірдің оғындай! Сауатты. Қ.Жиен.
