Үсті-басы суға малынды. ~ Белуардан шық кешіп делянкаға жеткенше, Бекет пен Бескемпір малмандай болды. Қ.Ысқ. ~ Бір басталып алса жуырда айықпайтын жылауық жаңбыр астында ұзақ жүрген олар қатты жаурады. Малмандай су боп
құрғақ киім қалмады. Е.Мұх. * Тұла бойы қарасуға малмандай болады, біресе суық тер бұрқ етіп, біресе ыстық тер саулайды. Ш.Айт. * Абай даңғылына түсіп, 19 троллейбусқа малмандай су болып кірген маған жолаушылар аянышпен қарап еді. Е.Жең.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
МАЛМА ТЫМАҚТАНДЫ
Ұнжырғасы түсті, салы суға кетті. ~ Ұзақ уақыт ауруханада жатып, өзім де əбден малма тымақтанып, ынта-жігерімнен айрылып қалсам керек. Н.Кел. ~ Сəл нəрсеге малма тымақтанып, бойындағы алаулаған ынта-жігерінен айрылып қалудың несі мəртебе! Н.Кел.
МАЛМА ТЫМАҚ
Қолынан түк келмейтін, ынжық, болбыр д.м. ~ Мақаштан Ноғай, Қожық екен. Қоқай бай, бірақ малма тымақ нашар кісі екен де, Қожық батыл, батыр адам екен. С.Мұқ. ~ Еркектер мен әйелдердің қоғамдағы рөлдері алмасқан тәрізді… Жұмыссыз қалған малма тымақ күйеулерін жалаңаяқ жар кешіп жүрсе де намысшыл әйелдері асырауға көшіпті. Ә.Асқ. ~ Мақсатың анау Тәліп сиыршының ұлы ма? Әдірем қалсын. Сен бригадир Тойлыбайдың баласысың. Ол малма тымақ сиыршының баласы. З.Жек.
МАЛДЫҢ СОҢЫНДА (ЖҮРДІ)
Мал бағып күн көру, тіршілік жасау. ~ Екі ауыл арасын шұбарлап өрістен қайтқан мал келе жатыр еді. Малдың соңындағы қойшы, түйешілер де екі кештің арасында болған мына уақиғаға елеңдесіп шауып келеді. С.Ел. ~ Әлгі қайының малдан босамайды. Сол малдың соңында өлетін шығар. Жалғыз қызына қамқор болуды да білмейді. Өйтіп еркек болғаныңа, — деді айқайлай сөйлеп. АҚ «Үш хикаят».
МАЛДЫҢ СОҢЫНДА ЖҮРДІ (СОҢЫНА ТҮСТІ, СОҢЫНДА КЕТТІ)
Мал бақты, мал шаруашылығымен айналысты. ~ Төрт түлік малдың соңында жүріп, содан алған өнімін түрлі нәрсеге жаратты. Олар жасаған ыдыс та, киім де, барлығы да бүгінгі әлем халқын таңғалдыруда. Ж.Баб. ~ Кейін, бет-бетіне кетіп, малдың соңында жүрген алауыз елді әр жерге шоқ-шоқ қып иіріп, «ауыл совет» ашты, басы-қасында Ізбас та жүрді. Ү.Жәл. ~ Көбіне таңнан кешке дейін малдың соңында жүретін қойшылар мен із аңдитын аңшыларға, жорықшылар мен жортуылшыларға арнайы тігіледі де, былайғы қарапайым жұрт қасқыр терісінен бас киімді сирек тігеді. Ж.Баб. ~ Бұлардың көбі әңгіме айтудан бұрын, азырақ шарт керек қылушы еді. Алдымен күндізгі мазасыз суық пен қар басқан көңілсіз елсіз даладан құтылған болу керек. Өнбейтін азын-аулақ малдың соңынан жүріп, әрі іш пыстырып, әрі қинаған бейнеттен серпіліп, күн бата үйіне келуіне керек. М.Әу. ~ Ол кісі менің мал баққанымды қалайды. «Ата кәсіпті жалғастырсаң, ешкімнен кем болмайсың» деп отырады. Мен малдың соңына түсуге қарсы емеспін, тек Әселдің қозы қайырып жүргенін, я нәп-нәзік саусақтарымен сиыр сауып отырғанын елестете алмаймын. Қ.Әбіл. ~ Жарасбайдың үш ұлы – Әубәкір, Дәуітбай, Сауытбай үш әкеден туғандай – бөлек–бөлек. Үлкені – Әубәкір басын жерден көтермейтін момын жан, бірыңғай малдың соңында кетті. Т.Әбд.
МАЛДЫҢ СОҢЫНА ТҮСТІ (СОҢЫНДА КЕТТІ)
Мал бағып, күн кқру туралы. ~ Ол кісі менің мал баққанымды қалайды. «Ата кәсіпті жалғастырсаң, ешкімнен кем болмайсың» деп отырады. Мен малдың соңына түсуге қарсы емеспін, тек Әселдің қозы қайырып жүргенін, я нәп-нәзік саусақтарымен сиыр сауып отырғанын елестете алмаймын. Қ.Әбіл. ~ Жарасбайдың үш ұлы – Әубәкір, Дәуітбай, Сауытбай үш әкеден туғандай – бөлек–бөлек. Үлкені – Әубәкір басын жерден көтермейтін момын жан, бірыңғай малдың соңында кетті. Т.Әбд.
МАЛДЫҢ КІРІ
Мал баққаны үшін берілетін ақы. * Сөзді ашып айтқан жақсы. Мен өз басым малымның кірін беремін, басқалар өзі біледі. М.Дулат.
МАЛДЫҢ АУЗЫ КӨККЕ, ЕЛДІҢ АУЗЫ АҚҚА ТИДІ
Күн жылып, мал төлдеп, қыстың қысымынан құтылатын мезгіл туралы. * Наурызда малдың аузы көкке, елдің аузы аққа тиіп ілініп кететін қазақ жұртының мал сүмесі болмаса, ертең жұтқа ұшырамағанда несі қалсын. С.Жүн. ~ Пiшен қораның түбi тақырланғаны қашан. Жiлiк майы жiңiшкерiп, төлдегелi тұрған малдың аузы ендi көкке тие ме дегенде сүйек қарыған қара суық күндiз-түнi азынап тұрып алды. Т.Сәу.
МАЛДЫНЫҢ ЖҮЗІ ЖАРЫҚ, КӨҢІЛІ ҚАРЫҚ
Қарны тоқ, уайымы жлқтың көңілі де жақсы. ~ Кедейлiктен тапқан пайда осы ма? Малдының жүзi жарық, көңiлi қарық. Ақылы мен айласы жетпеген жерде алдын ақшамен аршиды. Ал жоқ болса, қорсың, кiрiптарсың. Ойың да, бойың да пәс.
Т.Сәу.
МАЛДЫНЫҢ БЕТІ ЖАРЫҚ, МАЛСЫЗДЫҢ БЕТІ КӨНШАРЫҚ
Мәтел: байдың көңілі тоқ, кедейдің көңілі жоқ д.м. ~ Сол бір күнді кейін ойыма алғанда да жүрегім зырқ ете түсер еді, бетім де дуылдап жүріп беретін. «Малдының беті жарық, малсыздың беті көншарық» деген қазақ осындайды айтса керек. Б.Қыд.
МАЛДАС (МАЛДАСЫН) ҚҰРЫП ОТЫРДЫ
Екі аяғын айқастыра, астына салып отыру тәсілі. * Таза төсек үстінде малдас құрып отыра қалысқан кілең ашөзек байғұстар алдарына келген асқа құмбыл тиіскен еді. О.Сәрс. * Ол күні де сары ала шатырдың төрінде аю бөстектің үстінде малдас құрып отыр еді. Д.Досж. * Ол малдасын құрған күйі алдына көпшіктен «үстел» қойып, қарандашын бір жалап алып, жазуға да кірісті. Х.Есен.
