Бірдеңеден құр қалатындай. * Содан кейін күйеулердің алдына төс салынған бір табақ ет тартылып, татпаса қысыр қалатыннан жаман, бəрі де таласа-тармаса жесті. Ж.Айм. * Содан кейін күйеулердің алдына төс салынған бір табақ ет тартылып, татпаса қысыр қалатыннан жаман, бәрі таласа-тартыса жесті. Ж.Айм.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҚЫСЫР КЕҢЕС
Мән-мағынасыз, ермек үшін немесе кекетіп айтылған әңгіме. * Бұл ойым – басқа келген қиял. Бірақ болмаған іс, құрғақ қысыр кеңес, жай қиял дейтін бір ауру бар. Бұл аурудан құтылу керек. Неге десеңіз, барлық ғылымның өзі қиялдан, ойлаудан
туған. Шәк. * — Ой, сығыр мұндар, білмей отырмысың? Мылжың деп, қырт қып, жазған, мені айтат та! — дегенде, жұрттың бәрі ду күлді. Енді сөз бітіп, жұрт қысыр кеңеске кететін тәрізді. М.Әу. * Жиналыс жабылған соң жай қысыр кеңеспен
шашты қара бала көптің ортасында Бадырақтың жай-күйін сұрады. І.Жанс. * «Баяғыда біздің бала күнімізде ана жерлерде қала жоқ еді, анау көрінген қара қоғаның басында талай асық ойнап едік-ау» деп қысыр кеңеске кірді. Б.Майл.* Қысыр кеңес… Кәдiмгi шалдардың қысыр кеңесi. Бұл — ақсақалдар алқасы да, ардагерлер кеңесi де емес. Қазiр Алматының әр ауданында ардагерлер кеңесi бар, олардың ресми орындар бекiткен басшылары бар. Бiздiң айтқалы отырғанымыз — ол емес. Бiздiң айтқалы отырғанымыз — гүлзар, саябақтарда жазда көлеңкелеп, қыста күншуақтап отыратын қарапайым шалдар бар ғой, солар жайында. Солардың ермек үшiн айтылатын, келдi-кеттiсi жоқ әңгiмелерi хақында. Қ.Жұм.
ҚЫСЫР ЖЫЛАНДАЙ
Семіп-қатып қалған, жіп-жіңішке. * Қысыр жыландай жанталаса, жүйіткіген жел жүзіңді қарып, ізіңді көмеді, Ізтай Мәмбетовше: «Ақтөбе қыры — ақ дауыл, алай да дүлей ұйытқиды». М.Мұнар.
ҚЫСЫР ӘҢГІМЕ
Берекесіз, мән-мағынасыз, еріккеннен айтылатын бос әңгіме. * Олай болса ғарышқа, жеті қат көкке бұрынғылардың керемет иелері барып қайтыпты-мыс деген қысыр әңгімелері табиғат заңына, ғылым түсіндіруіне қарсы. А.Байт. * Ай сәскелікке келген кезде, бозбалалар қысыр әңгімеге кірісті. Біреу жылқы баққанын, біреу қала шыққанын, біреу «түн қатқанын», біреу сасқанын, біреу ұялғанын айтысты. Ж.Айм. * Біразы күн шықпай ерте келген; әлі келетін жұрттың соңын күтіп, көліктерін арқандап, қысыр әңгіме айтысып, күн көтерілгенше бос отырды. Т.Әбд. * Көрші ауылдағы қыз ұзату тойы көші-қонның шаруасы ма – шегі жоқ қысыр әңгіме сары қымыздай сапырылып… Ә.Шәр. * Қыза бастаған қысыр әңгімені конференсьенің микрофоннан гүрілдеген дауысы бөліп жіберді… Т.Сәу.
ҚЫСЫР ЕМГЕН ТАЙДАЙ
Құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі. Қоңды, семіз, күйлі д.м. * Гүлбаршын сұлу айдай боп, Қысыр емген тайдай боп, Оң жағына барды енді. Ғашық оты жағылып, Абыройы жабылып, Оң қолтыққа алды енді. «Алпамыс б.» ~ Кішігірім таудай боп, Қарсы ұмтылды Алпамыс Қысыр емген тайдай боп. Қарсыласты екі шер Үркер менен айдай боп. «Алпамыс б.» ~ Нөсерлетіп сөйлейін, Селдете құйған жауындай. Тәтті қылып сөйлейін, Жаңа піскен қауындай. Шыны қылып сөйлейін, Жіліктің аққан майындай, Қылтыңдатып сөйлейін, Қысырдың емген тайындай. Шалнияз Шоп. ~ Қыздың томпиған құс кеудесі Құлтайды жып- жылы боп сүйкеп өтті. Жігіттің қытығы басылмаған қысыр емген тайдай шамшыл, қайратты денесі төменгі вольтты ток көзімен жанасып өткендей дір ете қалды. С.Ас.
ҚЫСЫР БҰЛТ
Жауатындай болып көрініп, жаумай өте шығатын бұлт. * Ауа төменде ыссы құрғақ болса, әрқашанда жауын жерге түспей кетеді. Мұны «қысыр бұлт» дейді. А.Байт. * Ай — именшек, бұлт — қысыр, тау — бүгежек, тастар — сақ. Бір дүлей күш барлығын қылып қойған жасқаншақ. С. Нұрж.
ҚЫСЫМҒА АЛДЫ
Қорқытып-үркітіп, қысты, зәресін ұшырды. ~ Бұл Мұқыр болысында Абймен дос, құда, сыйлас Көкше руы. Оларды қысымға алса Абай еріксіз қозғалады. Абай оларға ара түсем десе сылтау тауып ұрғызып жібермек. Ә.Кәк. * … Қысымға неше түрлі алды дейді. Сахаба түк айта алмай жаман сасып, Сараң бай ашуланды қара басып. М.Ж.Көпей. ~ Бізді іздетіп, ауылға келіп ат ойнатып қысымға алыпты. С.Бег.
ҚЫСЫМ ТҮСТІ
Басына қиындық келді. * Жер жүзіне жан енеді. Жылынып, жібімеген зат қалмайды, қыбырлап, қимылдамаған зат болмайды. Қар басына қысым түседі, әндетіп мұз бұзылып, күңіреніп сең көшеді. А.Байт. * Тағдыр жазған сені мұнша сұлу етіп, бойжеттіріп мына менің, қысым түсіп, күнім батар кезде жолықтырғаны несі? Ш.Айт.
ҚЫСЫМ СӨЗ АЙТТЫ
Зекірді, қоқан-лоққы жасады. ~ Әбіш келер алдында жаңағы сөздерден әрі ұялып қысылған, әрі ызаланып ширыққан Абай ұрыға қатты қысым сөздер айтты. М.Әу.
ҚЫСЫМ ҚЫЛДЫ (ЖАСАДЫ)
Қинады, қыспаққа алды. * Құдіреті күшті Құданың Осы көптің ішінде Жалғыз маған түсіпті Қысым қылған тарлығы. А.Байт. («ҚҚҚ»). * Қабырғама қара жер батты, құдай, Мұнша қысым қылдың ғой, қатты құдай! І.Ес. * Бекет те дым істей алмады. Қызметтен шығарса, қудалады дейді. Сөксе, өзара сынға қысым жасады дейді. Қ.Ысқ. * Мұндайда жатқан жыланның құйрығын басып, оларды ашық айқасқа шақырғаннан гөрі, тақ таласынан туған ала ауыздықты пайдаланып, елші жіберу арқылы сырттай қысым жасаған тиімді. Қ.Жұм.
