Қолға үйренбеген, аптығы басылмаған, жуасымаған. ~ Кеш байланған қара құлақ құлындардың, қулық биелердің, қытығы әлі басыла қойған жоқ. Асау, тарпаң. Ғ.Мұст. ~ Гүлдана да бие сауудың шебері, қытығы басылмаған жас биелерді сипалап, бірнеше күнде жуасытып алады. БАҚ. («ЕҚ») ~ Сондықтан да болар, сол кезде сынмен белсене айналысқандардың өздері көп ұзамай аттың басын тарта бастайтын. Жасыратыны жоқ, біздің халқымыздың қытығы басылмаған. Жанашырлық сынның өзін қабылдай бермейді, мақтау сүйеді. М.Хал. ~ Қыздың томпиған құс кеудесі Құлтайды жып- жылы боп сүйкеп өтті. Жігіттің қытығы басылмаған қысыр емген тайдай шамшыл, қайратты денесі төменгі вольтты ток көзімен жанасып өткендей дір ете қалды. С.Ас.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҚЫТЫҒЫ БАСЫЛДЫ
Жуасыды, көңілі орнықты. ~ – Әй, Көбей! – деді. – Орманды өртегенің үшін көкеңе танитын болдың. Өзің де соңғы кезде біреуді басынып, біреуге қасынып, тым- тым кердеңсіп кетіп ең… Шоқ саған! Ноқталы басың керіліп, қытығың басылатын болды енді. Ә.Асқ.
ҚЫСЫРДЫҢ (ҚЫЗЫЛ) ТАЙЫНДАЙ
Бұлғақтаған ерекше сұлу мүсінді әйел туралы. ~ Еркелейсің, жан сәулем, Қысырдың қызыл тайындай. Лебізің сусын қандырмақ, Қытайдың қағаз шайындай! Естай Берк. * Ратиманың өзі де ере қоймас, жағулы оты, салулы төсегі бар, қысырдың тайындай бұлғақтаған әйел, менің кеткеніме қуанбаса қайғырмас. О.Бөк. * Қысырдың тайындай тығыз етті, бірақ, құмырсқаның беліндей қынама бел қазақ қыздарына сұсты бейнеде сұқтана қарап өткен, жирен қасқа атты, шенді шерік (бәлкім офицер шығар), ақилана тесіліп көз жүгіртті. Т.Рыск.
ҚЫСЫРАҚТЫҢ ҮЙІРІНДЕЙ
Жұрттан бөліне шоғырланған топ туралы. ~ «Әттегене-ай, қазір қолда шанышқы болса, мына көк жондардың бір-екеуін шаншып алып қалар едім-ау!..» — деді ол ішінен. «Шіркін, өзі қысырақтың үйіріндей екен!..»—деді Нияз тағы да ішінен. С.Сей. ~ Жасырмаймын. Алғызған албырт – анасының қойнын ашар. Сенің қалың – қауымыңның бейқамдығы. Қысқа күнде енді қырық кісінесең де, маңайына қысырақтың үйіріндей де шоғырланар ер – қара қалдырғам жоқ. С.См. ~ Жиырма түтінге жетер-жетпес жаманбай әулеті көп жылқыдан бөлініп кеткен қысырақтың үйіріндей бытырап, Қоңқабай аулының көк желкесіндегі тастақты қыратқа оқшау жайғасыпты. С.Ом. ~ Қайткенде де өтті, кетті. Жай кеткен жоқ-ау, бас-аяғын аса қиналмай қайтадан қосып алатын момын қойдың отарындай емес, қайыру бермейтін қырсық қысырақтың үйіріндей болып жоғалды ғой. Қысырақ бағудың қиындығын жылқышар бек түсіндіріп береді, қазақ «Қыз баққанша қысырақ бақ» дегенді жетіскеннен айтпаған, дәлелдің салмағын күшейту үшін айтқан. Е.Ашық.
ҚЫСЫРАҚТЫҢ ҮЙІРІ
Қысыр қалып құлындамаған байтал, биелер. * Найзагерлікті далада жылқы батып жүргенде үйренген. Қысырақтың үйірін қуып жүріп, тай- байталдардың құйрығын найзалағанда қимылына көз ілеспейтін көрінеді. Қ.Жұм. * Үйiрi қысырақтың мақпал қара, Шашыңды күндiз жуып, түнде тара. Көңiлдiң құпиясын ашар едiм Тотыжан, сөйлес қылсақ екеуара. Ақан Сері. * Әйеліне:- Қаңғыбас сәурікке қысырақтың үйірін бөлмей тынбайсың. Ұлды ұяға қондырмасақ болмады. Бірдеңеге ұшырап жүрмесін. Қара бүркіттің шеңгеліне түспесін де! Түсе қалса тұқымын тұздай құртады, — деп қарқ- қарқ күліп алған. Т.Рыск. * Жасырмаймын. Алғызған албырт — анасының қойнын ашар. Сенің қалың — қауымыңның бейқамдығы. Қысқа күнде енді қырық кісінесең де, маңайына қысырақтың үйіріндей де шоғырланар ер — қара қалдырғам жоқ. Азбан айғырдың тозған тұяғынан мардымды шаң ұшпайды. Сен де сол болдың. С.Смат.
ҚЫСЫР СӨЗДЕН ҚЫЗЫЛ БҰЗАУ ТУДЫРАДЫ
Бос сөзге тым әуес. * Қысыр сөзден қызыл бұзау тудырып, албаты шуласқан анау әріптестерімнен озып кетпесем, қалыс қалған жерім жоқ. Ә.Асқ.
ҚЫСЫР СӨЗ (ӨСЕК)
Мәнсіз, бос әңгіме. * Қысыр сөзді қысқартайын, әңгімеме жол тартайын. Өлең сөзге олақ едім, күйлі емес деп қомсынбаңдар. Ж.Айм. * Сөздің түбін түсіреміз. Қызыл сөзді, қысыр сөзді сағыздай созып, қымыздай сапыру әбден дағды боп кеткен. Сөздің майын тамызамыз. Г.Бельг. ~ Жыл өткен сайын әлгіндей қысыр өсектің бояуы оңар, бары ұмытылар деп те үміттенген. Ә.Асқ.
ҚЫСЫР ҚИЯЛ
Құрғақ қиял, мәнсіз арман. * Әңгіме, роман оқумен, Қысыр қиял тоқумен, Қыдырып босқа жүрумен, Сыңқылдап сұлу күлумен, Құлаққа сырға тағумен, Бетіңе опа жағумен, Шашты бұрап түюмен, Қиімді кербез киюмен, Әйелдің ісі біте ме? Ж.Айм. * Ендеше, «алма, піс, аузыма түс» деп қысыр қиялға беріліп жатып алмай, бір амалын қарастырған жөн. Ә.Кек. * Апырау, бұған не көрінген? Сары уайымға түсе-тусе, қысыр қиялды қуа-қуа ақылынан алжаса бастағаннан сау ма? Ә.Кек.
ҚЫСЫР ҚАЛМАС
Ештеңеден құр қалмайды. * Өлім мен өмір түйіліскенде жарқ еткен ақын тірлігінің шырай-келбетін енді тануға ден қоя алса да Қазақстан бірдеңеден қысыр қалмас. С.Қабш.
ҚЫСЫР ҚАЛЖЫҢ
Жорта айтылған сөз, кекесін. * Атақ-абыройың болса, қай қыз сенен қашады дейсің.– Уәли енді қысыр қалжыңды қойып байсалды сөзге көшті. Т.Ахт. ~ Парыз-қарызы жоқ қысыр қалжыңға бір жасайды. Оңаша қалғанда оны үйреншікті мұң басады. Ө.Кәр.
