Posted in

ТҮПТІҢ ТҮБІНДЕ

Ақыр соңында, әйтеуір бір д.м. ~ «Бала тууды жоспарлау» дегенді шығарып жүргендер — табиғат заңына, Құдайдың құдіретіне қарсылар. Ондай «белсенділер» түптің түбінде Жаратқан Құдіреттің қаһарына ұшырайды. Ш.Мұрт. * Түптің түбінде қатын алу ойыңда бар ма, жоқ па өзі? Елтай күлді де қойды. Абыралыға дауа жоқ — кемінде он сұрақты кезегімен сатылап қойғаныңда барып, не дегенін болжамдап әрең түсінесің. Ойланып еді, расымен түптің түбінде үйлену керек екен. М.Қаб. ~ Ақбергеннің суреттері тобыр түсінікке арналмаған. Одан биік, одан гөрі жоғары. Кеудесінде көзі барлар кездесер түптің түбінде. Қ.Жиен.

Posted in

ТҮС ТҮЛКІНІҢ БОҒЫ

Түске пәлендей мән берудің жөні жоқ д.м. ~ Көзге көрінген қатер болмаған соң, жиналған жұрт Тайшықтың түсін жақсылыққа жорып: «Е, тақсыр, түс түлкінің боғы болады, қорықпаңыз, еш нәрсе етпейді!»—десіп қауқылдасқан еді. А.Сей. ~ Әліптің әйелі Мәмила бәйбіше сыр білгі күйеуі айтқан жаман түсті естігенде жүрегі шошып, іштей үркіп отырса да: «ой, сабазым-ай, түс түлкінің боғы емес пе, – деп қинала жымыиды. Ж.Шәк.

Posted in

ТҮРЕ ҚУДЫ

Өкшелей, ізбе-із жүріп отырып, артынан қуды. ~ Сол- ақ екен, мыңдаған қоңыр лашындар қара құрттай қаптап, орманды тастап, қазақ- орыстарды құздың түкпіріне қарай түре қуды. Ж.Айм. ~ Сағынай, бері қара! Қасыңа он жігіт алып, анау шеткі ауылдан бастап, жылқыларды түре қуасың. Бізге қарама, Сарбұлақ асып, Ақназарға қосыл! З.Шүк. ~ Колхоз екі күн ішінде станцияға тағы да төрт шана астық жіберуі керек, ал ол майданға жіберілетін астық, жауды түре қуып бара жатқан қаһарман қызыл әскердің, майданда қан кешіп жүрген әкелеріміз бен ағаларымыздың азығы. С.Мұр.

Posted in

ТҮС ШАЙЫСТЫ

Бір-бірімен сөзге келді, араздасты, ренжістіғ ұрсысты, бір-біріне өкпе сақтады. . * Күндердің күні боп, Талшоқы мен Қарауылға келер болсаң, орның әзір. Барымды ортаға сап, түс шайыспай-ақ үлесемін. Ол өзі бір төбе. Ал, бірақ одан бұрын айтысып көрейік. М.Әу.* Абай мен Тәкежан түс шайысып қалғанда, Шұбар өзі қатыспай қалуды қисынды таппады. М.Әу. * Қали, Алшағыр оңаша күбір-күбір… Іштегі түс шайысты таза ұмытып, ауыз жаласып тұр. М.Қаб. * — Жақсы көргендіктен емес, көкем сенген адамымен түс шайыспайды. Қ.Ысқ. * Алшынбайды жалғыз Құнанбай емес, Майыр да сыйлайтын. Талай қиын істе әлденеше рет істес болған. Әлі күнге түс шайысқан жерлері жоқ. М.Әу.* – …Мына жайлауда бөлінбеген бір елдің көдесі үшін түс шайысу тіпті жол емес! — деп тоқтады. М.Әу. ~ Өмір бақи бір-біріне жел боп тимеген момын жандар бүгін қалай да өзара тіл табыспай, түс шайысып қалған сыңай байқалды. Ә.Нұрп. ~ Олжаны бөлісе алмай сирек те болса кездесіп қалар түс шайысулар кезінде бітімі тым кесек жаратылған, осы өлкедегі жалғыз ақ төс қарамен бұл маңның бәкене қоңырлары мен жатаған сарылары бір белдесуге жарамай тайқып шыға беретін. К.Сег. ~ Жер түбінен бірге жасасып келе жатқан тату-тәтті шағын бір ғана түс шайысудың тұсында қалай ұмытты? Ә.Нұрп

Posted in

ТҮРЕН САЛДЫ

Жаңа іске кірісті; әлдебір жаңалықтың бастауы болды. ~ Фольклордың қызметі атам заманда орныққан халық санасындағы таным мен образдарды қадағалау, ұрпаққа ұластыру, бұлжытпай орындату болғандықтан ол бір ғана қайталау (ескіні дәріптеу) әдісін қолданады, ал әдебиеттің міндеті жаңа қаһармандар мен бейнелерді жасау болғандықтан ол даралау, оқшаулау (тыңға түрен салу) тәсілдерін кәдеге жаратады. Т.Жұрт. ~ … ізденіс үстіндегі бір топ жас ақын сол бір соны соқпақтарға түрен салғысы келетіндігімен қуантады. Ж.Шәк. ~ Таңқурайдың тамсанып дәмін татып Тораңғыдай тарбайып қалтырады. Тобылғының түбіне түрен салып Темір заман тамырды қайшылады. Б.Әл. ~ Әр бір шығарма жазған сайын тыңға түрен салып, оқшау болмыс– бітімімен оқырманды қайран қалдырып, көркемдік көкжиегін кеңіте түсетін көрнекті жазушы М.Мағауиннің «Шақан– Шері» романы сырттай қарағанда фольклордан ұзақ тұрған сияқты. Т.Жұрт.

Posted in

ТҮСІ БҰЗЫҚ

Сыңай жаман, өңі зілді, суық. ~ – Жолдас, байқаңыз… бұ жерде абақты бар ма?.. Мынау жігіттердің түсі бұзық… Жазым боп жүрмейік… Біздің тілімізді алсаңыз қайту керек, – деп ел мелитсиенерлері қоңырсытты. Ж.Айм. ~ Кәрі жүрек түсі бұзық аттылардың жай барымташы емес, қанды кекпен келген жау екенін түйсінді. З.Шүк.

Posted in

ТҮРЕННЕН ЖОЛ САЛДЫ

Тың тақырып ашты. ~ Бальзак әдебиетінде бетбұрыс жасап, түреннен жол салды, біз сала алмадық, неге? Бальзактың біздің қазақтан, қазақ жазушысынан несі артық? – дейсің кей сәтте, пенделікке салынып. Дарыны мен қарымы (қарыны десеңіз де) жағынан қай қазақ кем еді?! Ж.Аязб.

Posted in

ТҮСІ БҰЗЫЛДЫ

Өңі сынды, қабағы түйілді, жүзі суық тартты, ашу шақырды, жайсызданды. ~ Қалампыр … енді сөйлегенімен қолдан еш нәрсе келмесін біліп: — Не қылсаңдар ықтияр. Әуелінде де мен тоқал алма деген жерім жоқ, маған несін айтасыңдар?! — деп түсі бұзылып, үйден шығып кетті. М.Дул. ~ Мынау сөз Омардың маңдайына тоқпақпен ұрғандай жайсыз тиді. Қайтерін білмей, түсі бұзылып кетіп, бір жеріне біз тығып алғандай ыршып-ыршып түсті. Шын күйіп кеткендігі емес пе, аузына не кіріп, не шыққанын да білмеді: С.Тор. ~ Класта кәдімгідей қалам-қағазын оңтайлаған балалар да болды. Осы сәтте оқыс бірдеңе ойына түскендей, Ерөскеннің түсі бұзылып кетті. Т.Нұрм. ~ Құлтай жалма- жан серігіне бұрылып еді, қыздың түсі бұзылып кеткен тәрізді көрінді. С.Ас. ~ Лида түсі бұзылып келе жатқан оны көріп, сасқалақтап не айтарын білмеді. Күлейін деп күле алмады. Б.Бұл. ~ Ең соңғында кетіп бара жатқан Үй Жанау шұғыл бұрылып, әлгі қыспа нан жегішке оқты көзімен ата қарайды. Сол сәт түсі бұзылған әлгі адам беліндегі қызыл түйіншегін сығымдай ұстап: — Артыңа бұрылма… енді бұрылсаң, атып тастаймын! — деп айбат шегеді. Мо Янь.

Posted in

ТҮРІКПЕННІҢ ТӨРІНДЕ

Аяқ жетпес қиырда, қол жетпес биікте д.м. ~ Мал — арыстанның аузында, Түрікпеннің төрінде. М.-М. ~ Жұмажан. Енді өзің айтшы, сол істе дегеніңді, шорт! (Ыржыңдап.) Түрікпеннің төрінде болса да бір көрейін (Сумкені қағып қожаңдайды.) М.Әу. ~ Ондай сияпаны аттап, өкпелеген балаша торпаңдап тайып тұруға қияпатынан қорқады. Жата берейін десе — аңның қызығына түсіп алған хан сонау түрікпеннің төріне дейін ұзап кеткен. Ә.Кек. ~ Арыстанның аузында, түрікпеннің түбінде. Мәтел.

Posted in

ТҮСІ ЕКЕНІН, ӨҢІ ЕКЕНІН

Көргеніне сенер-сенбесін білмей, дал болды. ~ Оны оятып жіберген де осы дүрсіл-дүбір еді. Өңі екенін де, түсі екенін де әбден айыра алған жоқ, сонда да есікке қарай жүгірді. Х.Ес. ~ Басын мәңгіртіп әкетіп барады. Өңі екенін, түсі екенін білмейді. К.Қаз. ~ Түсі екенін, әлде өңі екенін айыра алмай дал болып жатты. Қорыққаннан орнынан тұра алмады. Е.Бақ.